7


  • Учителю
  • 4-Сынып қазақ тілі пәнінен 'Біріккен сөз' тақырыбына сабақ жоспары

4-Сынып қазақ тілі пәнінен 'Біріккен сөз' тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз жайында түсініктерін пысықтау, біріккен сөз жайында алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық..

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жан-жақты білімдерін тексеру Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү Жаңа материалды түсіндіру «Фигураны тап» ойынымен басталады


  1. фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады. Мысалы: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш.

-Бұлар қалай жасалған?

-Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған

Осылайша екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталатынын оқушылар өздері пайымдайды. Осы тұста біріккен сөздердің үнемі бірге жазылатыны ескертіледі.

ІҮ Оқулықпен жұмыс.

8-жаттығу берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау. Осы арқылы бұл сөздердің біріккен сөз екені байқатылады.

Көкқұтан, көкжиек, шаңшорғыш, балмұздақ, қосаяқ, тасақа, Нұрдәулет, Бақдәулет, Айнабұлақ т.с.с.

9-жаттығу сөздерді көшіріп жазу.

Әр сөз неше түбірден құралғанын табу.

10-жаттығу өлеңді жатқа жазып, біріккен сөздерді табу.

Көкжиекке, кемпірқосақ.

Сөз құрамына талда.

Сатылай талда.

11-жаттығу берілген біріккен сөздерді қатыстытып сөйлем құрау, олардың біріккен сөз екенін дәлелдеу.

12-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жазу.

Сергіту жаттығуы

«Сиқырлы қар» ойыны

Қар ұшқынын ұстаған бала бір біріккен сөзді атап келесі балаға лақтырады. Ойын осылай жалғастырылады.

Ү Бекіту: күтілетін нәтиже - біріккен сөзді сөйлем арасынан тауып, сөз құрамына талдай алады.

14-жаттығу

Ақ

Қақ

Таба

Өрмек

Бақбақ

Елгезек

ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІ Үйге тапсырма:

13-жаттығу.

ҮІІ Оқушыларды бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал