- Учителю
- 2 Саны және цифры
2 Саны және цифры
Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры. Сәуле. Бұрыш.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 2 санмен, 2 цифрының жазылуымен таныстыру;
2.Дамытушылық: Сәуле, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ой -өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Зейінді ,тәртіпті болуға баулу.
Сабақтың әдісі: жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Сабақтың көрнекіліктері: магниттік сандар, жемістер мен геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып.
Гүл өссін деп тілейік.
ІІ. Тірек білімдерін пайдалану.
Ауызша есептеуге алдыңғы сабаққа ұқсас жаттығулар мен ойындар кіргізіледі.
-Тақырыпты бастамас бұрын өткенді қайталап көрейік.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Бұл кезеңде адыңғы санға 1 -ді қосу арқылы келесі санды шығарып алу тәсілін көрсету маңызды. Мұғалім 1 доп бейнеленген суретті көрсетеді:
-Доп нешеу?
-Екі доп болу үшін не істеуге болады?
-Екі доп болу үшін не істеуге болады?
- Қалай 2 доп болды?
«Қолыңа 1 шаршы ал. Ал екінші қолыңа тағы 1 шаршы ал. Қолыңдағы шаршылар нешеу болды? Қорытынды жаса».
Білімдерін бекіту мақсатымен «Бір немесе екі» ойынын өткізуге болады.
ІV.Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырмада суретте ненің екіден екені сұралады.
- 2 цифрының жазылуына көңіл аудару. 2 цифрының жазбаша түрімен де таныстыру.
Өзіңдік жұмыс. №1 тапсырма орындалады. Бір нүкте қойылған фигураларды бір түспен, екі нүкте қойылған фигураларды көрсетілгендей көк түспен бояу. Сонда кеменің суреті шығу керек .
Бұл сабақта мұғалім «кесінді», «сәуле» түсініктерін ұғындыруға назарын аудару керек. Ол үшін оқулықтағы № 2 тапсырманың материалдары тәріздес практикалық жұмыс ұйымдастырылуы тиіс .
Мұғалім шұмақ жіпті өте ұзын етіп тарта беруге болатындығын айтады. Содан соң бір жағынан жіпті қиып, бұл -басы, бірақ оның ұшы жоқ екенін көрсетеді. Осылайша «сәуле» ұғымы енгізіледі.