7


  • Учителю
  • Математика. 3 Сынып. Есептер шығару

Математика. 3 Сынып. Есептер шығару

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Есептер шығару

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Қызығушылықты ояту

1 тапсырма.

Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіден 6-ны азайт та, нәтижені 2-ге бөл.Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап.

2 тапсырма.

Үш вазаға 27 қызғалдақ салынған.Бірінші вазадан 5 қызғалдақты алып, екіншісіне салсақ, ал екінші вазадан 3 қызғалдақты алып үшіншісіне салсақ, онда барлық вазадағы гүлдер бірдей болады.

Жаңа сабақ


Оқулықпен жұмыс.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ 4,5

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар сергіп алады

Сабақты пысықтау

Есептерді шығар

1)Балалар мектептің табиғат мүйісіндегі қояндарға 8 кг капуста жапырағын, одан 3кг артық жем әкелді. Неше кг жем әкелінді?

2)Асханадағы 2 қорап майдың біреуі 20 кг, екіншісі одан 3 кг кем. Екінші қораптағы май неше кг?

3)Түскі тамақ кезінде асханадағы 21 таба нанның 9 -ын бірінші сыныптың балалары ,қалғанын 2 сынып балалары жеді. Екінші сыныптың балалары неше таба нан жеді?

4)Мектептің шеберханасында бірнеше саптаулы күрек бар еді.Тағы 5 күректі саптағанда, барлығы 14 болды. Әуелде саптаулы күрек нешеу еді?

5) Су ішуге келген қойлардың 7 -еуі кейін қайтты да ,8 қойы қалды.Су ішуге әуелде неше қой келген еді?

6)Жемсауыттан жем шоқып отырған бірнеше торғайға 5 торғай келіп қосылды. Бұл отырғандардан 7-еуі кем.Неше торғай отыр еді?

Үй тапсырмасы

№6,7 43-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал