7


  • Учителю
  • Қазақ тілі 2 сынып Мәтіннің түрлері

Қазақ тілі 2 сынып Мәтіннің түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Күні: 30.10.2015 Бекітемін:

Тақырыбы: Мәтіннің түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, шығармашылық - ізденушілік әдістері.
көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, оқулық.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды төрт топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Барлық оқушылардың аты жазылған лотереяны ойнау арқылы бір оқушының атын алу, кімнің аты шығады соның мәтінің оқып оған жоспар құру.

143 - жаттығу.

Қай оқушының аты шығады сол оқушының мәтінің оқу.

Мәтін неше бөлікке бөленеді.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ - жауап:

Мәтінге жоспар құрайықшы.
ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ

мәтінінің түрлері:

1) мәтін бойынша жұмыс.

Мен 2-сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.

Әңгімелеу

Не істеді?

Біздің оқитын сыныбымыз-кең, жарық. Төбесі биік, Қабырғалары аппақ.


Сипаттау

Қандай?

Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол-біздің екінші үйіміз.

Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.



Пайымдау

Неліктен?

Әңгімелеу мәтінін түсінгендерін байқау.
Ақбөкен
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.
- Бұл мәтіннің қай түрі?
-Мәтінге қандай ат қояр едіңдер?

«Лашын»

Лашын-жыртқыш құс. Оның арқасы көк сұр, ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және сүйір.

- Бұл мәтіннің қай түрі?
-Мәтінге қандай ат қояр едіңдер?

«Аққу»

Мен зообаққа барғанда екі аққуды көрдім. Олардың мойыны ұзын, әрі өздері қазға ұқсас құс екен.Олар алыстан әдемі көрінеді.Олар ақ және қара түсті болады екен.

- Бұл мәтіннің қай түрі?
-Мәтінге қандай ат қояр едіңдер?

Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
- Бұл мәтіннің қай түрі?
-Мәтінге қандай ат қояр едіңдер?

Топпен жұмыс әр топқа тапсырма беру.

топқа әңгімелеу, сипаттау, пайымдау қай түріне жататының дәптеріне жаз.

Итбалық-нағыз су жануары. Ол қорегін судан тауып жейді.

Әңгімелеу

Не істеді?

Итбалық денесі сүйірлеу және жұмыр. Оның терісі қылшық жүнді болып келеді.

Сипаттау

Қандай?

Қазір оның саны күрт азайып кеткен. Өйткені итбалықтың еті, майы, терісі пайдалы. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.

Пайымдау

Неліктен?


ҮІ.Түсінгендерін тексеру.

Жұмбақ шешу:

Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.
- Күнбағыс.
- Балалар, күнбағыс туралы не білеміз?

- Күнбағыс шөптекті өсімдік, оның әдемі сары гүлдері, ортасында қара дәндері, жап- жасыл сабағы мен жапырағы болады. Оның дәндері өте пайдалы. Одан түрлі тағамдар мен май алынады. Ол үнемі күнді бағып тұратын гүл. Сондықтан да оны күнбағыс деп атаған.

1 Мәтін дегеніміз не?

2 Мәтіннің құрылымы ата.

3 Мәтіннің түрлерің ата.

4 Не істеді? Не істейді? сұрағына жауап берсе ол әңгіменің қандай түріне жатады.

5 Қандай? сұрағына жауап берсе ол әңгіменің қандай түріне жатады.

6 Неліктен? сұрағына жауап берсе ол әңгіменің қандай түріне жатады.

1-2-ші топ күнбағысқа мәтіннің сипаттау түріне

5-сөйлем жазған топқа барлығына -«5»

4-сөйлем жазған топқа барлығына -«4»

2-сөйлем жазған топқа барлығына -«2»

3-4-топ күнбағысқа мәтіннің пайымдау түріне 5-сөйлем жазайық.

5-сөйлем жазған топқа барлығына -«5»

4-сөйлем жазған топқа барлығына -«4»

2-сөйлем жазған топқа барлығына -«2»


-Мәтіннің қандай бөліктері болады?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Қандай сұрақтарға жауап береді?

ҮІІ Бекіту.

ҮІІІ Үйге тапсырма 147-жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал