7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Баяндауыш' (3 -сынып)

Ашық сабақ 'Баяндауыш' (3 -сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 3 «б»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларға баяндауыш жайлы ұғым бере отырып, теориялық және практикалық білім дәрежесін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Өзіндік қорытынды жасай білуге, ізденуге үйрете отырып сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, Отанды сүюге,Рәміздерімізді құрметтеуге, ұмытпауға баулу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі,еңбекке баулу.
Қолданған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, талдау, , түсіндіру, әңгімелеу, суретпен жұмыс, карточкамен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Көрнекілігі:Тудың суреті, 4жыл мезгілінің суреті, қима қағаздар,

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Тәлім сәт.
Айналаға алақаннан,
Жылулықты шашайық,
Күлімсіреп, сәттілік тілеп,
Біз сабақты бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгін балалар, бізде ерекше күн ашық сабақ қазақ тілі пәнінен. Сондықтан өз білгендерімізді көрсетейік.
Кезекші үйге қандай тапсырма берілді?
- 34 жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрату.(1 - 2 сөйлемді оқытып, бастауышын тапқызу).
- Қазір сендерге жеке - жеке карточка беремін, ондағы сұраққа сан қатарына байланысты шығып тақтаға жауап береміз.
Сандар қатары бойынша тақтаға шығып жауап береді.
1. Сөз дегеніміз не? Сөз туралы не білесің?
2. Сөз табының қандай түрлерімен таныстық?
3. Мәтін дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?
6. Сөйлем дегеніміз не? Түрлерін ата?
7. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
8. Бастауыш дегеніміз не?
9 . Бастауыштың сұрақтарын ата. 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Б А Я Н Д А У Ы Ш


ІІІ Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.

  • Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз Баяндауыш екен.
    Жеке суретпен жұмыс.
    Сөйлем құрату.
    - Бұл сөйлемнің бастауышы қай сөз. Осы бастауыштың қимылын, іс - әрекетін білдіріп тұрған сөзді атайықшы.
    Оқушыларға ережемен таныстырып өтемін.

ІV Жаңа сабақ

Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді?,неғылды?,қайтті? деген сұрақтар қойылады.
1.Ой қозғау сұрағы:
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
- Ту,Елтаңба,Гимн.
- Әр рәміздің өзіндік тарихы,мәні бар.Рәміздерге түсінік бере кету. Қазір біз сол рәміздердің бірі Тудың элементтерін құру арқылы сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
- Алдымен тудың матасын жапсырамыз. Ол үшін біз көк түсті таңдаймыз. Ол матаның ұзындығы 2 метр,ені 1 метр болады екен. Оны орындау үшін кітаптағы

35-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқиық.
2.Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді талдау. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, бастауышқа қатысы бар екенін аңғарту. Жыл мезгілдеріне байланысты суретті іліп қоямын.
Осы жыл мезгіліне байланысты қазақтарда қандай сөздер бар?
- Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау.
- Жыл мезгіліне байланысты қай ақынның өлеңін оқыдық?
- Абай.

2. Енді Тудың ортасына күнді орналастыруымыз керек.Күн барлық Қазақстанда тұратын халықтарға нұрын шашып,ашық аспанды тілейді.
3.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу, әдемі тік етіп жазғызу.
36- жаттығу.

Тырс-тырс! Тырс-тырс!

Жаңбыр кеп жауады, Жапырақ жылайды,



Тамшылар тамады. Жардан су құлайды.



Қарамен жазылған сөздердің астын сызып,оларға сұрақ қою.Қай сөзбен байланысқанын көрсету.
3. Енді қыран құс самғау үшін 37-жаттығуды орындап жіберейік.
(Тақтамен, дәптермен жұмыс. Баяндауыштарға тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрату)



Аңдар Құстар Оқушы Су



Сергіту сәті.


Мынау менің жүрегім, бәрін осы басқарған,
Мынау менің басым, бәрін осы бастаған.
Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым,
Бәрін осы бастаған.

4.Енді тудың ою-өрнегін орналастыру үшін 39-жаттығуды орындайық.
Берілген суреттер атауын атап,олардың қалай дыбыстайтынын торкөздерге орналастырып жазу.
Ешкі маңырайды.Мысық мияулайды.Ит үреді.
Тудың соңғы элементін қойдық туымыз да дайын болды.

V Сабақты бекіту.

«Кім жылдам» ойыны арқылы.

Мақсаты: Баяндауыш болатын сөздерді ,сұрақ қоя білуге үйрету.

Шарты: Оқушыларға сөздер таратылады.Сол сөздерді сұрақ қою арқылы бастауыш,баяндауышқа арналған кәрзеңкеге салады.

VІ Қорытындылау.
- Сонымен, балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

-Баяндауыш дегеніміз не екен?

-Қандай сұрақтарға жауап береді?

-Баяндауыш сөйлемнің қай мүшесімен байланысады?

Сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Сондықтан Мемлекеттік рәміздердің бірі Туды өте әдемі құрастырдыңдар.Әрқашан қазақ елінің туын биік көтеретін білімді,тәртіпті оқушы болуларыңа тілектеспін.

VІІ Үйге тапсырма.

38-жаттығу.Ережені жаттау.Ту,Елтаңба,Гимннің авторларын жазып келу.
VІІІ Оқушылардың жауаптарына қарай бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал