- Учителю
- Дыбыстарды пысықтау
Дыбыстарды пысықтау
Күні:
Пәні: сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: А,т, п, н, ғ, р, л, у,ш,й,о,қ дыбыстары мен әріптерін пысықтау
Сабақтың мақсаты : а) а, т, п, н, ғ, р, л, у, ш,й,о,қ дыбыстары мен әріптері туралы алған білімдерін тереңдету;
ә) ауызекі және жазбаша сөйлеуге дағдыландыру, ойлау,есте сақтау
қабілетін дамыту;
б) пәнге деген көзқарасты, білімге құштарлықты тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: ішінара ізденіс, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,
талдау-жинақтау .
Көрнекілігі: кеспе әріптер,оқулық, үлгі дәптер.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-сәлемдесу;
-түгендеу;
-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3.Білімді тексеру.
А, т, п, н, ғ, р, л, у,ш,й,о,қ әріптерінің жазба түрлерін еске түсіру.(Тақтамен жұмыс )
Көркем жазу.
Өткен әріптерді пайдаланып буындар құрау.
Сөздік диктант.(Сурет бойынша )
Сөзден сөйлем құрату.(Ауызша )
5.Бекіту кезеңі.
Ойын: «Бұл қайсы әріп?»