7


  • Учителю
  • 'Жалғау' тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ (2 сынып)

'Жалғау' тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ә.Майкөтов атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі





Жалғау.



Сынып: 2

Пәні: қазақ тілі

Өткізген мұғалім: Какенова Ф.Қ

Күні: 8.02. 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы : Жалғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың көптік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау, тәуелдік жалғау бойынша алған білімдерін жинақтау және пысықтау. Жалғау түрлерін сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету;

Дамытушылық: ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып , оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту , логикалық ойлау және сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: қазақша сөздерді , сөйлемді дұрыс, таза айтуға тәрбиелей отырып оқушыларды әдемілікке , ұқыптылыққа шақыру.


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқу, сұрақ -жауап, әңгімелеу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаз, суреттер, тірек сызба жасау, слайд.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

-Оқушылармен сәлемдесу.

-Сабаққа назарын аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру

- Психологиялық кезең

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Саяхат жасау.

ІV. Қорытынды.

-Бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Балалар үйге қандай тапсырмалар берілді?

-ережелерді қайталау, және «Сынып» сөзін септеу.

-Ал балалар, «Жалғау еліне саяхат» жасаймыз. Өткен тапсырмаларды сұраймын. Енді сол жалғау еліне барып саяхат жасауға біз жаяу бармаймыз ғой. Әрине біз онда темір жол пойызымен барамыз. Ол үшін бізге не керек?

-Әрине жолдың билеті керек. (Оқушылар жолдың билетін алады. Сол билеттердің артында тұрған сұрақтарға жауап береді)

(Үлестірмелі қима қағаз арқылы тексеріледі)

1. Сөз неден құралады? (сөз дыбыстардан құралады)

2. Сөз нені білдіреді? (сөз белгілі бір ұғымды білдіреді, заттың, құбылыстың, адамның атын, қимылын білдіреді)

3. Түбір дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз)

4. Қосымша дегеніміз не? (Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз)

5. Қосымшаның неше түрі бар? (Екі түрі бар. олар: жұрнақ, жалғау)

6. Жұрнақ дегеніміз не? (сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз)

7. Жұрнақтың неше түрі бар? (Екі түрі бар. -сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)

Жалғау түрлерін төрт еске түсіріп қайталайды.

Психологиялық кезең.

Олай болса, бүгін сендермен бірге қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.

Қане, бірге бәріміз

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен

Бір елге келіп қонамыз.

Қосымша деп аталар

Бұл ел мүлде бейтаныс

Біз білмейтін балалар,

Қосымшаның түрі бар,

Жаңа сөздер жасайтын,

Жұрнақ атты ұлы бар.

Сөз бен сөзді қосатын,

Жалғау атты қызы бар-демекші бүгіегі сабағымыздың тақырыбы «Жалғау».


Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің мағынасын өзгертпей түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз.

Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады. Жалғаудың белгісі -

Мысалы: балық.

балық + шы.

балық.

балық + тар.

Жалғаудың төрт түрі бар. Олар:

  1. Тәуелдік жалғау.

2. Септік жалғау.

3. Көптік жалғау.

4. Жіктік жалғау.

Жаңа ұғымды түсіндіруге суреттер пайдаланылады:

-Мынау не?

-Бүркіт .

-Ал енді бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейік.

-Бүркіт- ші

-Не пайда болды. Бүркітші деген сөз нені білдіреді?

-Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.

-Көрдіңдерме , бір қосымша қосып едік , сөз мүлде өзгеріп , басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалды.

Ал енді бүркіт сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік: бүркіт-пен. Мысалы.Аңды бүркітпен аулайды.Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғанған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.


Мұғалімнің сөзі:

Жаңа сабақ. (Саяхат сабағы)

  1. Мотивациялық бағдарлау кезеңі. (Слайдпен көрсетіледі)

Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тіліндегі жалғауды түсіне бермейді екен, сөйлегенде жалғауларды дұрыс жалғамайды екен. Мұның себебі, оның сөздік қоры тым тапшы болыпты. Сол себептен Жалқаубекке ақыл кірді ме, әлде кірмеді ме ол жағын сосын біле жатармыз. Бірақ Жалқаубек сіздерден көмек сұрап, үйренбекші. Бүгін сіздер сияқты Жалқаубекте осы «Жалғау еліне саяхат » жасап алдын ала билеттерінде сатып алған екен. Жалқаубек жалғау әлеміне саяхатқа аттанады. Жалғау әлеміне саяхатқа шықанда ол жақта әрине төрт ауыл кездеседі. Олар, «Тәуелдік жалғау» ауылы, «Септік жалғау» ауылы, «Көптік жалғау» ауылы, «Жіктік жалғау» ауылы шығады. Содан сол кездескен төрт ауылдың бәрі Жалқаубекке тапсырмаларды бере бастайды.

«Тәуелдік жалғау» ауылының тапсырмалары:

(Тақтада флипчатпен орындалады).

1. Жекеше Көпше

І. Менің гүл... (ім) І. Біздің гүл... (іміз)

ІІ. Сенің гүл... (ің) ІІ. Сендердің гүл... (дерің)

Сіздің гүл... (іңіз) Сіздердің гүл... (деріңіз)

ІІІ. Оның гүл... (і) ІІІ. Олардың гүл... (дері)


(Балалар, көп-көп рахмет. Сіздер Жалқаубекке көп көмектестіңдер. Инт.тақтада қол шапалақталады.)

«Септік жалғау» ауылының тапсырмалары:

1. Септік жалғауларын әзіл өлеңмен айтып шығады.

7 саны - киелі,

Барлық қазақ біледі.

Өлеңменен жаттасам,

Маған оңай тиеді, - демекші мүмкін Жалқаубекке өлеңмен жаттатып, айтып көрейік.

  1. Атау септік.

Атау-заттың есімі,

Қалған септік негізі.

Кім? не? деген сұрауы бар,

Жоқ қой оның жалғауы.

2. Ілік септік.

Менің атым -ның,

Ілік септік жалғауымын.

-тың, -тің, -дың, -дің, -нің

Менің вариантты інілерім.

Соңым ң әріпімен таңбаланады,

Інілерім де ң-мен қомданады.

Ілік септік жалғауымыз,

Тәуелдіктің жанынан табыламыз.


3. Барыс септік.

Барамын кімге? неге? қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не.

Жалғанып ап түбірге

Бір сәт мезгіл білдіріп,

Бағыт берем және де.

4. Табыс септік.

Таптым кімді? нені?

Жалғап алып -н, -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті:

Баланы, інімді,

Оқуды, ілімді.

Табыс жалғаулы сөздің

Сабақты етістікпенен

Байланысын білінді.

5. Жатыс септік.

Жатырмын кімде? неде? қайда? қашан?

Мен-дағы сізге қазір

Сырымды ашам.

Досқа, керуетте,

Жазда, ауылда, т.б.

Мысалдарымен

Сөйлемде толықтауыш,

Баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарам.

6. Шығыс септік.

Шықтыңыз сіз кімнен,

Сұрағым бар тағы неден.

Танисыз сіз қайдан?

Шығармаймын естен,

Жалғауым бар -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.


7. көмектес септік.

Көмектестім әжеме,

Кіммен, немен, кімменен?

Жалғап алып -мен, -менен,

-бен, -бенен, -пен, -пенен.

Көмектестім досыммен,

Қолымменен, күрекпен.

Жеткізейін мұратқа

Деген аппақ ниетпен.

2. 137-беттегі 3-жаттығу. Берілген сөздерге -ның, -нің, -дың, -дің жалғауларының бірін жалғап, сөйлем құрап жаз. Және қай септіктің жалғауы?

Астана+ның, Ақтөбе+нің, Алатау+дың, Есіл+дің.т.б.

(Балалар, көп-көп рахмет. Сіздер Жалқаубекке көп көмектестіңдер. Инт.тақтада қол шапалақталады.)


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ, (оң қолың көтереді)

Сол қолымда бес саусақ. (сол қолың көтереді)

Алтын жүзік менде жоқ. (саусақтарын тарамдайды)

Асыл киім менде жоқ. (денесімен айналады)

Күміс белбеу менде жоқ. (Белдерін айналдырады)

Құндыз бөрік менде жоқ. (бастарын ұстайды)

Екі қолым сенерім. (екі қолың жоғары көтеріп)

Аянбай еңбек етермін. (қолдарымен аяқтарын қозғалтады)


«Көптік жалғау» ауылының тапсырмалары:

1. (Көптік жалғауларына қатысты суреттер көрсетіледі, оқушылар суретке қарап, көптік жалғауларын жалғап жауап береді)

Интерактив.тақтадан көрсетілетін суреттердің атауы: кітап+тар, қалам+дар, қоян+дар, мысық+тар, аң+дар, қайық+тар, қарбыз+дар.

2. (оқулықтан 137-беттегі 2-жаттығуды беріпті)

  1. Екі аққу көл... (де) жүзіп жүр. (де-жатыс септігінің жалғауы)

  2. Мәлік кітапхана... (ға) келді. (ға-барыс септігінің жалғауы)

  3. Өзен... (нің) жағасында қалың қамыс өсіп тұр. (нің-ілік септігінің жалғауы)

  4. Мектеп басшысы сыйлық... (ты) Дәренге табыс етті. (ты-табыс септігінің жалғауы)

  5. Орман... (да) құстардың дауысы естіледі. (да-жатыс септігінің жалғауы)


(Балалар, көп-көп рахмет. Сіздер Жалқаубекке көп көмектестіңдер. Инт.тақтада қол шапалақталады.)

«Жіктік жалғау» ауылының тапсырмалары:

1. 137-беттегі 4-жаттығу. Берілген сөздерге жағаулар жалғап, сөйлемдер құрастырып жаз.

  1. Жамбыл, қазақ, ақын.

2. Әже, ауыл, Айжан, кетті.

3. Қала, Арман, кетті.

4. Үсен, ағаш, ара, кесті.


Қорытынды, бекіту кезеңі.

Ал, балалар бүгінгі «Жалғау еліне» саяхат жасадық. Енді Қарасу ауылымызға қайтатын кез келді. Темір жол вокзалына барып қайтарға билет алайық. Жалқаубекте атасы мен әжесін көруге асығуда. Үлестірмелі қима қағаздар арқылы оқушылардың білімдерін тексеріліп қорытындыланады.

1. Жалғау дегеніміз не?

2. Жалғаудың неше түрі бар?

3. Тәуелдік жалғаудың І;ІІ;ІІІ жақтағы жекше, көпше түрлерін ата.

4. Көптік жалғауларды ата.

5. Ілік септігінің жұрнақтарын ата.

6. Жеті септікті ата.

7. Жіктік жалғаудың І, ІІ, ІІІ жақтағы жекеше, көпше түрін ата.

Енді Жалқаубек жалқау бала болмаймын,- деп уәде берді. (Оқушылар ортаға шеңбер жасап, Жалқаубекті шығарып салады)

Шеңбер құрып тұрамыз,

Қолды - қолға созамыз

Жалқаубекті құттықтап

Жақсы білім алды,- деп.

Еліне аттандырамыз.


Үйге тапсырма. 137-беттегі 1, 5 жаттығу. Ереже.


Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал