7


  • Учителю
  • Не деу керек? Оқу және тіл дамыту

Не деу керек? Оқу және тіл дамыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы. Арқалық қаласы.

«Арқалық түзеу мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Әбжан Салтанат Тоқайқызы

Пәні: оқу және тіл дамыту



Сабақтың тақырыбы: Не деу керек?

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сыпайы сөздерді,үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту,шапшаң оқуға төсілдіру.

Дамытушылық:Сөздік қорларын байыту,тілін дамыту,ойлау қабілеттерін жетілдіру,таным белсенділігін арттыру,сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу,әдеп әліппесін бойына дарыту.

Түзеу әрекеті: Әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,сөздік -көрнекілік.

Түрі:саяхат сабақ.

Көрнекілік:кесте,суреттер,сыпайы сөздер.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Таза көңілмен

Сабағымызды бастайық. Бүгін қандай күн?Аптаның қай күні?Қандай ай?Қай мезгіл? (Сұрақтарға жауап алу).

Қызығушылықты ояту.

Балалар,бүгін біз сендермен «Сыпайылар еліне»саяхат жасаймыз.

Саяхатымызда әр түрлі аялдамалар бар.Келесі аялдамаға өту үшін ондағы тапсырмаларды орындап кетуіміз керек.Саяхатқа автобуспен шығамыз.

2.Негізгі бөлім.

1-аялдама «Сәлем-сөздің анасы».Бұл аялдамада бізге мынадай тапсырмалар берілген.Қане,соны орындайық.Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтарға жауап беру.

1.Кемел қайдан келді?

2.Апасы не деді?

3.Кемел тамақты қалай ішті?

4.Әкесі қандай ақыл берді?Сол жолды тауып оқы.

Балалар кәзір біз «Жалғастыр»ойынын ойнаймыз.

Не істеуге болмайды?

-үлкендердің алдын ............................(кесіп өтуге)

-кішкене баланы......................(жылатуға)

-құстарды..................(атуға)

-сабақтан ........................(кешігуге)

-сыныпта ........................(айқайлауға)

Не істеу керек?

-үлкен кісіні..............(сыйлау керек)

-үлкеннің тілін ............(тыңдау керек)

-үлкендерге................(жол беру керек)

-кішілерді..............(қорғау керек)

-оқу құралдарын.........(ұқыпты ұстау керек)

2-аялдама «Кішіпейілділік-кісілік белгісі».Тақтаға сурет ілемін

Балалар,суреттен нені көріп тұрсыңдар?Ата жолдан неге өте алмай тұр деп ойлайсыңдар?Абзал жолдан қарияны қалай өткізді?Абзал қандай бала?

3-аялдама «Сиқырлы сөздер әлемі » .Жаңа сабақ. «Не деу керек?»әнін тыңдату.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған таңдап әперді.

-Не деп барып жеу керек?

Рахмет!

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу,айқай.

Сен де шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай.

-Мұндайда не деу керек?

Кешіріңіз!

Әжең сенің түскі асқа ,

Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол.

-Жөн еді не айтқаның?

Рұқсат па?

Добын апар Назардың,

Деді ағаң,бармадың.

Тапжылмадың,сазардың,

Аға тілін алмадың.

-Сен қай сөзді айтпадың?

Жарайды!

Сергіту сәті.

4-аялдама. «Үлкенге құрмет-кішіге міндет».

-Балалар,біз соңғы аялдамаға келдік.Бұл аялдамада мынадай тапсырма бар

екен,соны орындайық.

Дәптермен жұмыс.

Сыпайы сөздер.

Рұқсат па?................Кешіріңіз.

Сәлеметсіз бе?..........Сау болыңыз.

Өтінемін.............Ғафу етіңіз.

Әдептілік туралы мақалдар жазғызу.

«Сіз»деген-әдеп,

«Біз»деген-көмек.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3.Қорытынды.

Балалар,біз әдепті балалар мектебіне келіп жеттік.Бұл елдің балалары

сыпайы сөйлеп,өздерін әдепті ұстайды екен.Сендер де солар сияқты

«Рақым етіңіз», «Кешіріңіз», «Айып етпеңіз», «Өтінемін»деген сөздерді

жиі айтуға тырысыңдар.Осындай сөзді көп пайдаланған оқушы әдепті

болып шығады.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Мектепке келдің.

Білім алдың.

Сабақ бітті,

Сайраңдадың.

Кетеріңде не айтпадың? (Сау болыңыздар!).



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал