- Учителю
- М дыбысы мен әрпі 2сабақ. (ашық сабақ)
М дыбысы мен әрпі 2сабақ. (ашық сабақ)
Әліппе
Сабақтың тақырыбы М дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау.
Буын туралы түсінігін кеңейту.
2.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
а) - Балалар, біз қандай әріппен таныстық?
-Дыбысты қайтеміз? Әріпті ше?
-Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?(дауысты, дауыссыз)
-Дауысты дыбыстар қай үйдің тұрғыны?
-Дауыссыз дыбыстар қай үйдің тұрғыны?
-М дыбысы қандай дыбыс?
-Қай үйдің тұрғыны ?
ә) Дауыстап тізбектей оқу.
Ән: «Төлдер»
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
Сергіту сәтін өткізу.
І Ү Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу.
-Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?
-
Айранда бар,нанда жоқ,
Аюанда бар,малда жоқ.(а)
-
Базарда бар, қалада жоқ,
Бауларда бар,далада жоқ.(р)
-
Барда жоқ, жоқта бар,
Қарда жоқ, отта бар. )т)
-
Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.(м)
5. «Майда»бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)
ә) М әрпіне қатысты сөздерді оқыту.
Май марал маман Арман
Мал мақпал тағам Айман.
-Балалар,тіршілік ету үшін адамға не қажет?
-Таза ауа,тамақ, су,т.б.
Дұрыс балалар, адам денсаулығы жақсы болу үшін таза ауа керек және
тамақ керек екен.
-Тамаққа нелер жатады? (атау)
«Тамақ» мәтінін оқыту.
Ү Білімді бекіту.
б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.(момақан,домалақ, мақта, мама, мата,май
мысық)
в) Алдына әріп қосып айтыңдар.
...аға, ...ауа,...апа,...ақта,...ана.
г) Артына әріп қосып айтыңдар.
Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша... .
ғ) Сөзге буын жалға.
Ой-..., мал-..., ай-..., қар-..., ақ-..., ара-..., ал... .
Сергіту сәті. ән: «Мысық»
д) Дәптермен жұмыс:
М дыбысына қатысты берілгенді жазу.
ҮІ Сабақты қортындылау:
-Болар күнде алаң,
Жаны ашыр кім саған?
-Мамам!
-Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
-Мамам!
-« Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
-Мамам!
-М әрпі сөздің қай жерінде жазылады?