7


  • Учителю
  • Открытое вне классное мероприятие на тему 'Прощание с Букварем' 1 класс

Открытое вне классное мероприятие на тему 'Прощание с Букварем' 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс жұмыс:" Әліппемен қоштасу"

Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл

байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру,

ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Іс-шара жоспары:
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
- Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндеріміз өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, бүгінгі той иелерін ортаға шақырайық!

(Балалар музыка толқынымен ортаға шығады)

Ясмина:

Шашу, шашу шашайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

1-оқушы: Жасулан

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2 оқушы Ерасыл

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

3 оқушы: Гүлнұр

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

Ардақ:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ,

Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз. Хормен: Құтты болсын тойымыз!

І бөлім. Осы біздер қандаймыз?
2 - о: Мың бұралған бишіміз
3 - о: Біз қызықпыз, қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз.
4-0: Біз шеберміз, Ақылдымыз
6-0: Үлкенге ізеттіміз, Кішіге қамқоршымыз.
7-0: Көп оқимыз, Терең оқимыз
8-о: Өнерліміз
9-о: Жанып тұрған шырақпыз, Толқынды су бұлақпыз
10-о: Елімізді өркендетіп , Қазақ тілін көркемдететін
11-о: Бабаларға тағзым ететін, Аналарға бас иетін.

12-о: Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранмен айбатты.
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол -сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе !!!
Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: -Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп.
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз

Барар жерге тез жетеміз

Адаспаймыз Ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда!».


Мектеп -екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
-Біз мектепке не үшін келеміз?
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз


-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық:
Гульсана

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Марал

Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Дильназ

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Жан:
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ӘН: «Мектебім, аяулы мектебім!» (хормен)

Әліппе сөйлейді:
-Әліппеде тізілген 42 әріп бар,
Тізілген соң ізімен, Өз кезінде танып қал.
Ерасыл

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Арайлым:

Әліппем, менің Әліппем

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Тоғжан:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті Әліппем,

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

Жан:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

Сабина:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

Марал:

Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

Жасулан:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Гулназ:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Жасмин:

Жақсы кітап-Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық.

Дильназ:

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықты сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де

Атын,затын,түрінде.

Тоғжан:

Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

Әбсаттар:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға «Ана тілін» аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Гульсана:

Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Аяулым:

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп, әріптер мен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Кунсулу:

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың.

Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.

Ясмина:

Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,

Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Әмина:

Орындаймыз әліппе ақылыңды,

Жарысқанда жазамын тақымымды.

Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,

Арттырамын ғылымға құштарлықты.

Мұғалім:
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
-Әріпті-көреміз, жазамыз;

дыбысты-айтамыз, естиміз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-Шаңғы,шана тебеміз.
-Рахмет, балалар!

Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы
-А, Ә, Б.
Ардақ
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші?
Нұрайым
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

Міне, сендер Әліппені оқып үйрендіңдер.Әріптердің барлығын танып білдіңдер! Оқу- жазуды білесіңдер.Сонымен қатар математиканы да жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенеміз.енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер!
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)
Өте жақсы, рахмет сендерге. Әрдайым осындай білімді, тапқыр болыңдар!
16- оқушы:
«1» деген ол жаман баға,
Алады оны жаман бала.
17- оқушы:
«2» деген нашар баға,
Інішегім нашарлама.
18- оқушы:
«3» дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
19- оқушы:
«4» дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
20- оқушы:
«5» дегенім үздік баға, Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім: Міне, балалар,өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5»- ке оқуға тырысыңдар. -Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
-Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
-МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА-АНА!
Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Әліппе әнін орындайық
«Рахмет саған Әліппе!»әні

Әліппе сөйлейді:
Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
-Қош болыңдар, балалар!

Балалар хормен:
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!

Мұғалім:
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.
-Қарсы алайық, танысайық


Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:
1. Қабат-қабат қаттама , ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен білімді, 42 білімді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар, Сурет салар ісі бар (қарындаш)
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!


Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Нұрайым - Әріптерді үйретіп, Жақын болған кім бізге?
Хор: Ол мұғалім
Гүлнұр - Жамандықтан жиреніп, Ақыл болған кім бізге?
Хор: Ол мұғалім.
Әмина
Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әліппені.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін ашып берді

Әсем:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!

Ән «Ұстазым»


Жасулан: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам.

Ананы сыйлау-біздің парызымыз.

Ендеше, АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:

А: Сабина (сахна ортасына шығып, өлеңін айтады).
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
(өлеңін айтып, аналарға бас иеді).
Н: Әбсаттар
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
А-оқушы: Арайлым
Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз....
Балалар хормен:
-Ата-анаға мың рахмет!


Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,

сіздердің білімдеріңізді тексерейік.
Ананың көңілі балада, Ананың сүті - бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.


Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.


Ұлдың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге


Жұмбақ шешу.
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)


Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады .(Кітап)


Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)


Құстан аумайды,
Көкте заулайды. (Ұшақ)

Ата-ана музыка қосылады.
Ата-аналар балаларымен билейді.


-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: Тусупбаева З.К. беріледі.
Мақтау қағазымен марапаттау ата-аналарына.

«Сағындым әже»әні, Арайлым, Аяулымның орындауында.




Р а

х м

е т с а

ғ а н Ә

л і п п

е !


Bilim Land онлайн-ресурсын қолданушы мұғалімдерге арналған «Жаңашыл мұғалім» байқауы

Байқау мақсаттары:

  • Білім беру онлайн-ресурстары туралы ақпаратты кең тарату, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау және бөлісу;

  • Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.

Байқау міндеттері:

  • мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу;

  • дарынды, шығармашылық ізденіс үстіндегі пән мұғалімдерін анықтау.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысу үшін:

  1. Байқау шарттарымен танысыңыз;

  2. BilimLand.kz сайтының ресурстарын қолданып сабақ өткізіңіз;

  3. Байқау жұмысы жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ бөлігініңвидеофильмі, немесе презентациясы немесе сабақ жоспарының конспекті түрінде ұсынылуы қажет. Әр қатысушыдан тек қана бір жұмыс қабылданады;

  4. Байқау жұмыстарын және фотоңызбен бірге өзіңіз жайлы ақпаратты (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, пәні, жұмыс өтілі, телефоны, электрондық поштасы) мына сілтеме арқылы жіберіңіз.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  1. Видеофильм форматында (ұзақтығы - 5-7 минут) ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы,

сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және BilimLand.kz сайтының ресурстары қолданылған жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ үлгісі болуы керек;

  1. Презентация форматында ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және BilimLand.kz сайтының ресурстары қолданылған жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ үлгісінің толық сипаттамасы болуы керек. Презентация 7-15 слайдтан аспауы керек және видео, симуляторлар немесе онлайн-сабақтармен жүргізілген қосымша жұмыстарды (сұрақтар, жаттығу түрлері, диаграммалармен жұмыс, сызбалар т.с.с.) қамтуы керек;

  2. Сабақ жоспарының конспекті форматында ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және BilimLand.kz сайтының ресурстары қолданылған жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысындағы сабақ үлгісінің толық сипаттамасы болуы керек;

  3. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:8 (727) 291 71 83.

Байқауды өткізу мерзімі және жеңімпаздарды анықтау:

Байқауда 2015 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында жіберілген жұмыстар қарастырылады. (10 сәуір - байқау жұмыстарын қабылдаудың соңғы күні).

Байқау нәтижелері:

Байқау нәтижесін шығару жұмыстарын қазылар алқасы 2015 жылдың 13 cәуірінен бастап 19 сәуіріне дейін жүргізеді. Байқау қорытындысы ТОО "Bilim Media Group" сайтында және BilimLand.kz порталында жарияланады.

Марапаттау:

Байқаудың барлық қатысушыларына Bilim Media Group компаниясынан алғыс хат беріледі.

Байқау жеңімпаздары Bilim Media Group компаниясынан дипломдар мен ресурстарға жазылу мүмкіндігімен марапатталады.

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:

  • Байқау жұмыстарын рәсімдеуге қатысты талаптарға сәйкестігі;

  • Идея бірегейлігі;

  • Онлайн-ресурстарды қолдану мүмкіндігін шығармашылық тұрғыда ұсыну;

  • Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысында ұсынылатын әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы, тиімділігі және әртүрлілігі;

  • Көркемдік және техникалық тұрғыдағы жұмыс сапасының жоғары болуы;

  • Оқыту барысында және оқушылар білімінің нәтижесіне әсер ету тұрғысынан онлайн-ресурстарды қолданудың негізділігі және әртүрлілігі.

Жоба координаторлары:

Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы

Сарсенова Татьяна Альбертовна



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал