7


  • Учителю
  • Ителлектуалды ойын: «Зерде» зияткерлік сайысы

Ителлектуалды ойын: «Зерде» зияткерлік сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ителлектуалды ойын:« Зерде » зияткерлік сайысы Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. 2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. 3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйым
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ителлектуалды ойын: « Зерде » зияткерлік сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация, интерактивті тақта, слайд,.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 сыныптар арасынан 2 топ қатысады. Ойын 7 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты - «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты - «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен 6 сұрақтан сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

«Сұңқар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық - кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде әдебиеттік оқудан ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 мәтін, 1 өлеңнен үзінді беріледі. Үзіндіні оқып, олеңнің атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1 - топ: «Сұңқар»

1. Терістіктен соққан ызғырық желдің лебі қатты. Аспан мен жердің арасы алай - түлей ақ түтек. Мал да, жан да ыққа тығылған. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты көліктің қай бағытқа болса да жүруіне үзілді - кесілді тыйым салынған. Ұшақ та, тікұшақ та ұша алмайды. Ауданның қазіргі бар шаруасына қайрат етіп тұрған К - 700 тракторлары ғана. «Арпалыс» Зейнолла Шүкіров

2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды. «Өнер, білім бар жұрттар» Ы.Алтынсарин

2 - топ: «Тұлпар»

1. Соғыстың соңғы сағаттары. Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас, қан төгіс ұрыс жүріп жатыр. Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алды. Бөлменің терезесінен оқ борап тұр. Жұрттың бәрі қабырғаларға жабысып, қарсы жақтағы мұнартқан үйден көз алмайды.

Кәкімжан Қазыбаев «Ту тіккен Рақымжан»

2. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. («Қыс». А.Құнанбаев)

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл айналым 2 бөлімнен тұрады. Математика және дүниетану пәнінен сұрақтар беріледі. Бірінші математика пәнінен 2 топка 4 ден логикалык есеп беріледі. Ойланып, жауабын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1 - топ: «Сұңқар»

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

2 - топ: «Тұлпар»

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

«Ойлы болсаң, озып көр!» 4 айналым бойынша 2 бөлім
дүниетану пәні бойынша екі топқа 4 ден сұрақтар беріледі. 1 топ сұңқар тобына. 2 топқа.

5. Ойынымыздың келесі айналымы «Талапкер» деп аталады.

Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,

Астарын сөз бұйдалап суреттеген.

Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,

Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.

1 - топ: «Сұңқар»

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (Білім)

Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы Мұғалім)

Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.( Алфавит)

2 - топ: «Тұлпар»

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

6. Айналым «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолды топ жалғастырады. Әр топқа 4 ден мақал беріледі.
1 - топ: «Сұңқар»
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ... Өнер жастан шығады.
2 - топ: «Тұлпар»
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

7. Айналым «Қас - қағым сәтте» деп аталады. Екі топқа 10 сұрақтан беріледі. Осы сұрақтарға нақты жауап беру керек.

1 - топ: «Сұңқар»

1 2 қабат пен 5 қабат үйдің қайсысы биік?

  1. Үшбұрыш пен дөңгелектің қайсысында бұрыш көп?

  1. "Орман дәрігері"?

4 Қой қалай дыбыстайды?

5 6 алманың екеуі желініп нешеуі қалды?

6 Биенің сүті қалай аталады?

7 Қызыл түсті жемістерді ата?

8 Банан түсі қандай?

  1. Үш санының көршісі?

10 Екі күшікте неше құлақ бар?

2 - топ: «Тұлпар»
1 Екі мысықта неше аяқ бар?

2 Қоян қыста неге ақ болады?

3 Аң патшасы не?

4 Шыршаның түсі қандай?

5 9 шардың біреуі жарылды неше шар қалды?

  1. Ит қалай дауыстайды?

7 Қарбыздың түсі қандай?

8 9 санының көршісі?

9 Кітаппен дәптердің қайсысы жұқа?

10 Ең үлкен балық түрі?

Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Әділқазылар алқасына береміз кезекті. Марапаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал