- Учителю
- Урок в 3 классе Қосындыны санға бөлу, ашық
Урок в 3 классе Қосындыны санға бөлу, ашық
Тақырыптық жоспар ІІІ тоқсан
Мың көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдері.
Шамалардың өлшем бірліктері
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу. 105 сабақ
Сабақтың жүргізілу уақыты: ( І кезең -5мин, ІІ кезең- 25мин, ІІІ -кезең -15мин)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілімен таныстыру. Кестелік көбейту мен бөлуді тиянақтау..
2.Дамытушылық: Қосындыны санға бөлуге берілген қарапайым есептерді шығару ерекшелігін түсіндіру, орындау арқылы оқушының ой-өрісін , логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Тапсырмалар орындауда оқушылардың білімдерін нығайта түсу, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың өткізу әдісі:Ікезең: сұрақ-жауап;
ІІ кезең:Түсіндіру,салыстыру,ізденушілік тапсырмалар орындау.
ІІІ кезең:Өз бетінше деңгейлік тапсырма орындау және өзін-өзі бағалау
(12 балдық жүйемен)
Оқыту формасы: І кезең: Ұжымдық,жеке.
ІІ кезең: жеке,топтық, жұптық.
ІІІ кезең: жеке
Көрнекіліктер:
І кезеңде-жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал»;
ІІ кезеңде- а)оқулық, тірек сызба
б) Оқулық, жұмыс дәптері;
в)Оқулық, жұмыс дәптері,бор;
ІІІ кезең-«Жұмыс дәптері» деңгейлік тапсырма ,тақтадағы «ашық журнал».
Сабақтың барысы:
І кезең
І Ұйымдастыру кезеңі
а)Үй тапсырмасын тексеріп , «ашық журналда» бағалау
ІІ кезең
Өз бетінше тақырыпты меңгерту.
а) Тірек сызбалар арқылы берілген тапсырмаларды орындау және оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
б)Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмаларды орындау
ІІІ кезең
Бүгінгі тақырып бойынша дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру, сабақтың соңында жинаған алғашқы ұпайларын қорыту, оларды оқушылардың жеке журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге беру.Үш деңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің олимпиадалық немесе ғылыми жобадан фрагмент тапсырмаларын қосымша, келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір».тапсырмаларын орындап келуге беру.
Математика, 3 сынып
Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу. 135 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілімен таныстыру. Кестелік көбейту мен бөлуді тиянақтау..
2.Дамытушылық: Қосындыны санға бөлуге берілген қарапайым есептерді шығару ерекшелігін түсіндіру, орындау арқылы оқушының ой-өрісін , логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Тапсырмалар орындауда оқушылардың білімдерін нығайта түсу, шапшаңдыққа баулу.
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).
«Көпір» (жеке жұмыс)
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
-
10 мен 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап. 10 • 8 = 80
-
56-ны 7 есе кеміт. 56 : 7 = 8
-
Қандай санды 4 есе арттырса, 24 шығады? 24:6=4 6•4=24
-
40 пен 8-дің бөліндісінің мәні неге тең? 40 : 8 = 5
-
36 саны 3-тен неше есе артық? 36: 3 =12
-
Бөлінгіш 64, бөліндінің мәні 8. Бөлгіш неге тең? 64:8=8
-
9 саны 36-дан нешеге кем? 36: 9 = 4
-
16 мен 6-ның қосындысын 7-ге арттыр. (16+6)+7=22+7=29
-
Үйден мектепке дейін 180 м, ал үйден дүкенге дейін одан 2 есе кем. Мектептен дүкенге дейінгі арақашықтық қанша?
Шешуі: 180:2=90 Жауабы: мектептен дүкенге дейін 90 м
-
Бірінші қабатта 6 адам, ал екіншісінде 12 адам тұрады. Екінші қабатқа қарағанда біріншісіндегі тұрғындар саны неше есе кем?
Шешуі:12:6=2 Жауабы: біріншісіндегі тұрғындар саны 2 есе<
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
№1 ЕКДМ тік төртбұрышы неше шаршыдан құрастырылғанын есептеп шығар және түсіндір.
Осы тік төртбұрышты тең екі бөлікке қалай бөлуге болады?
Қосындыны санға бөлудің бірінші тәсілі. Барлығы неше қызыл шаршы бар? Барлығы неше көк шаршы бар? Барлығы неше шаршы бар? Жазып көрсет. Барлық шаршылар санын тең екіге бөл. Бір бөлікте неше шаршыдан болады? Жазып көрсет. (6+4):2 жазуындағы амалдардың орындалу ретін түсіндір. Өрнектің мәнін тап.
Қосындыны санға бөлудің екінші тәсілі. Барлығы неше қызыл шаршы бар? Олардың санын екіге бөл. Әр бөлікте неше қызыл шаршыдан болады? Барлығы неше көк шаршы бар? Оларды екіге бөл. Әр бөлікте неше көк шаршы болады? Әр бөлікте барлығы неше шаршы бар? Жазып көрсет.
6 : 2 + 4 : 2 жазуындағы амалдардың орындалу ретін түсіндір. Өрнектің мәнін тап.
Екі тәсілмен есептеп, тік төртбұрышты 2 тең бөлікке бөлдік.
Ендеше, (6 + 4) : 2 = 6 : 2 + 4 : 2
2-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторлары:
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
№2 Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.
а) Мектепке әуелі 24 парта, соңынан тағы 32 парта әкелініп, төрт сыныпқа тең бөлініп берілді. Әр сыныпқа неше партадан берілді?
Әкелінгені -24 және 32 парта
Бөлді-4 сыныпқа
Бір сынып -? Парта
Шешуі: (24 + 32 ) : 4 =56 : 4 = 14
24 : 4 + 32 : 4 = 6 + 8 = 14
Жауабы: әр сынып 14 партадан алды.
ә) Тік төртбұрыштың периметрі 24 см, ұзындығы 8 см. Тік төртбұрыштың енін тап.
Р = 24 см
а= 8 см
в =?
Шешуі: 24 см : 8 см = 3 см
Жауабы: тік төртбұрыштың ені 3 см
3-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары:
1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Венн диаграммасы арқылы қосындыны санға көбейту мен қосындыны санға бөлуді салыстыр:
Ұқсастығы
ӨрнекҚосындыны санға көбейту Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады. Бұл - көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға бөліп, сонда шыққан бөлінділердің мәндерін қосуға болады. Бұл - бөлудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.
2.Тақырыптың басты идеясы неде? қосындыны санға бөлудің мән-мағынасын түсіну
Ұқсастығы :Екеуі де арифметикалық амал
Айырмашылығы:
Қосындыны санға көбейту;
Қосындыны санға бөлу.
4-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
Тақырыптың басты идеясы бойынша құрылған тірек-сызбадағы бос орындарды толтыр
Өрнек
Қосындыны санға көбейту
Қосындыны санға бөлу
( 6 + 4) : 2= 10 : 2 = 5
(6 + 4) • 2= 10 • 2 = 20
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
5-қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады
№3 Өрнектердің мәндерін тап:
а) (8 + 6) : 2 = 8 : 2 + 6 : 2 = 4 + 3 = 7
(6 + 9) : 3 = 6 : 3 + 9 : 3 = 2 + 3 = 5
(10 + 15) : 5 = 10 : 5 + 15 : 5 = 2 + 3 = 5
(10 + 18) : 2 = 10 : 2 + 18 : 2 = 5 + 9 = 14
(28 + 24) : 4 = 28 : 4 + 24 : 4 = 7 + 6 = 13
(36 + 18) : 6 = 36 : 6 + 18 : 6 = 6 + 3 = 9
(16 + 14) : 2 = 16 : 2 + 14 : 2 = 8 + 7 = 15
(21 + 9) : 3 = 21 : 3 + 9 : 3 = 7 + 3 = 10
ә) (200 + 300 ) • 2 = 200 • 2 + 300 • 2 = 400 + 600 = 1000
(150 + 50 ) • 3 = 150 • 3 + 50 • 3 = 450 + 150 = 600
200 • 2 + 300 • 2 = 400 + 600 = 1000
100 • 5 + 30 • 5 = 500 + 150 = 650
(250 + 100) •3 = 250 • 3 + 100 • 3 = 750 + 300 = 1050
(20 + 100 ) • 3 = 20 • 3 + 100 • 3 = 60 + 300 = 360
№4 а) Жарты метрде неше сантиметр бар? 50см
Жарты дециметрде ше? 5 см
ә) Бір тоннаның бестен бір бөлігі неше килограмм? 200кг
Жарты центнерде неше килограмм бар? 50кг
№5 Периметрі 20 см шаршының қабырғасы неше сантиметр болады? Осындай шаршы сыз және әріптермен белгіле. Оның ауданын тап.
Р= 20 см
а=?
а=20 : 4 = 5 см
А В
С Д
С е р г і т у с ә т і
№6 Теңдеулерді шеш:
с • 3 = 210 с • 3 = 240 210 : а = 30 240 :а = 30
с = 210 : 3 с = 240 : 3 а = 210 : 30 а=240 :30
а = 70 х = 80 а = 7 а=8
70 • 3 = 210 80 • 3 = 240 210 : 7 = 30 240 : 8 = 30
210= 210 240 = 240 30 = 30 30= 30
6-қадам (топтық жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практика жұмысы нәтижесінде) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
№7 а) Бірліктерін 5-ке көбейткенде 7•5 = 35 теңдігі қолданылатын екі таңбалы сандарды жаз.
ә) Бірліктерін 5-ке бөлгенде 35 : 5 = 7 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жаз.
17 • 5 = 10 • 5 + 7 • 5 = 50 + 35 = 85
85 : 5 = 50 : 5 + 35 : 5 = 10 + 7 = 17
27 • 5 = 20 • 5 + 7 • 5 = 100 + 35 = 135
135 : 5 = 100 : 5 + 35 : 5 = 20 + 7 = 27
37 • 5 = 30 • 5 + 7 • 5 = 150 + 35 = 185
185 : 5 = 150 : 5 + 35 : 5 = 30 + 7 = 37
47 • 5 = 40 • 5 + 7 • 5 = 200 + 35 = 235
235 : 5 = 200 : 5 + 35 : 5 = 40 + 7 = 47
57 • 5 = 50 • 5 + 7 • 5 = 250 + 35 =285
285 : 5 = 250 : 5 + 35 : 5 = 50 + 7 = 57
67 • 5 = 60 • 5 + 7 • 5 = 300 + 35 = 335
335 : 5 = 300 : 5 + 35 : 5 = 60 + 7 = 67
ІІІ кезең (кері байланыс - бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.
Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1-қадам - (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
1-тапсырма
(2+4) : 2 =2:2+4:2=1+2= 3
2-тапсырма
22=4
3-тапсырма
5 •3= 15
4-тапсырма
2:2+4:2= (2+4) : 2 =1+2= 3
2-қадам (жеке жұмыс) Практика жүзінде
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегі 5-қадамның қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
5-тапсырма
(4+8) : 4 =4: 4+ 8: 4=1+2=3
1-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): - «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі - бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»
критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес
сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін).
1-тапсырма
(6 +12): 3= 6:3 + 12 : 3 = 2 + 4 = 6
2-тапсырма
(40 +20) : 5= 40:5+20:5=8+4=12
2-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды кестені толтыру арқылы салыстыр.
3-тапсырма
Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жазу арқылы қосындыны санға көбейту мен қосындыны санға бөлуді салыстыр.
Қосындыны санға көбейту
Қосындыны санға бөлу
Ұқсастығы
Өрнек
өрнек
Ерекшелігі
Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады.
Қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты сол санға бөліп, сонда шыққан бөлінділердің мәндерін қосуға болады.
Тақырыптың басты идеясы неде? Қосындыны санға көбейту мен қосындыны санға бөлуде үлестірімділік қасиетті қолдану.
Ұқсастығы:Екеуі де өрнек
Айырмашылығы: Бөлуде қосындыны санға бөлу амалдарын орындау
Көбейтуде қосындыны санға көбейту амалдарын орындау
3-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)
4- тапсырма
(25 +15): 5 = 25:5+15:5=5+3=8
(30+40)•2=30•2+40•2=60+80=140
2-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): - «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі - бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау»
критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.
1-тапсырма
а=4 см
в=6 см
Р=?
Р=4+4+3+3=14см
Р=4•2+3•2= 14 см
Р=(4+3)•2= 14 см
2-қадам (жеке жұмыс):
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.
2-тапсырма.
(300+400):100 = 300 : 100 + 400 : 100= 3 + 4 = 7
(900+600):3= 900:3+600:3=300+200=500
3-тапсырма.
Түске дейін 20 қыз , тағы 40 ұл сабаққа келді., екі сыныпқа тең бөлініп отырғызылды. Әр сыныпқа неше оқушыдан бөлінді?
Келгені -20 қыз және 40 ұл
Бөлді-2 сыныпқа
Бір сынып -? оқушы
Шешуі: (20 + 40 ) : 2 =20: 2 + 40 :2=10+20= 30
20 : 2+ 40 : 2 = ( 20+ 40) : 2 = 60 : 2 = 30
Жауабы: Әр сыныпқа 30 оқушыдан
3-нәтиже:
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).