7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: «Туған жердің ыстығы-ай» Қали Сапарбаев

Сабақтың тақырыбы: «Туған жердің ыстығы-ай» Қали Сапарбаев

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: А.Молдабаева

Күні: 9.09.2015ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:«Туған жердің ыстығы-ай» Қали Сапарбаев
Оқытудың/ оқудағы тәсілі Мәтін мазмұнын талқылау арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтау, білім білік дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі реттеу.
«Туған жердің ыстығы-ай» Қали Сапарбаев
Оқытудың мақсаты Тақырып аясында сын тұрғысынан ойлап, түрлі жағдаятқа сәйкес өз пікірін еркін айтуына, пікірталасқа түсуіне жағдай жасау.
Оқытудың нақты нәтижелері -оқу материалы аясында ойын жеткізу үшін мәдени сөйлеу дағдылары қалыптасады;
-тақырып бойынша оқушы пікірі мен көзқарасы дамиды;
-Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады;
-Сын тұрғысынан ойлай біледі;
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері А Берілген тапсырманы өзара талқылай отырып өз ойын еркін жеткізіп, өзін-өзі реттей алады.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері В Сыни тұрғыдан ойлану арқылы сабақ мақсатын қоюға үйренеді.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері С Тапсырмалар арқылы тақырып бойынша пікір алмасады.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
I. Психологиялық ахуал туғызу.
Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу. Сәлемдесемін, Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, көңіл-күйлерін сұрау.
Сергіту сәтін орындайды,
Үй жұмысы
Үй жұмысына «Ыстық орындық» стр-сы.
Мақсаты:
Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсіну алға бастыру.
II.Негізгі бөлім.
Мақсат қойғызу --«Миға шабуыл» сын тұрғысынан ойлау стр-сы;
Ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдану;
Автормен танысу.
Оқулықпен жұмыс.
Мақсаты:
Көпшілік алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу; актерлік шеберліктерін арттыру.
Сергіту сәті.
Топқа бөлу.
Дәптермен жұмыс
Мақсаты:
Сабақты қорытындылау. Өз ойларын жеткізу
III.Қорытынды.
Кері байланыс.
«Смайликтер» стр-сы.
Мақсаты: сабақ туралы түйін жасау, өз ойларын айтқызу
IV. Үйге тапсырма.
Мақсаты: Алған білімді ұмытпай, есте сақтау
Сабақты ерлік пен батырлық туралы мақал-мәтелдерден бастаймын.
1. Әркімнің өз жері жұмақ. 2. Туған жердің ауасы да шипа.
Сабақты бастамас бұрын, бәріміз бірлесіп бүгінгі сабақтың мақсатын құрайық.
Оқушылар жауабына қарай сабақ мақсатын құрамын.


Оқушылардың жұмысына бағыт-бағдар беремін.
Олардың іс-әректін бақылаймын
Оқушыларды формативті бағалаймын.
Сергіту сәтін жүргіземін
Оқушыларды алдын ала дайындалып келген «Пән атаулары» арқылы 4 топқа бөлемін
Интербелсенді тақтада мақалдар жазылып тұрады.
1 Туған елдей ел болмас,
.........................................
2 Кісі елінде сұлтан болғанша,.........................
4 топқа тапсырмалар беріледі.
1. Туйенің туған жерге кетер алдындағы әрекеті.
2. Түйенің аянышты халі.
3. Автордың айтайын деген негізгі ойы.
4. «Мен автор болсам, әңгімені қалай аяқтаған
болар едім»
Кері байланыс арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгенін білу үшін қолданамын.
-Күнделікті енді ашайық, үй тапсырмасын жазайық. Оқушылар топта талқылау арқылы сұрақтарға сыни тұрғыдан жауап береді.
Бір-бірінің пікірін тыңдайды, толықтырады.
Топта бірлесе отырып сабақ мақсатын құрады.
Әр топ мәтінмен толық танысады.
Топта біллесіп, мәтін бойынша көрініс дайындайды. Басқа топтарға сыни тұрғыдан сұрақтар дайындайды.
«Туған жердің ыстығы-ай» (Мәнерлеп оқу, мазмұнын айту)
«Туған жерім» тақырыбына шығарма жазу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал