7


  • Учителю
  • 'Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру'

'Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру».

Сабақтың мақсаты: Балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған арнайы әдістемелерді орындау, ойындар мен жаттығулар ұйымдастыру арқылы балалардың жалпы таным процестерін және есте сақтау қабілетін арттыру.

Оқу нәтижелері: Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдалану.

Түйінді идеялар: Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақтың ресурстары: интерактивті тақта, слайд, жемістер, киім, парақтар.

Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер.

Сабақ барысы:

Топқа бөлу: Ән тыңдау арқылы 2 топқа бөлу.

Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жасау керектігін түсіндіру.

Топ ережелері: 1. Бірлесіп жұмыс жасау.

2. Бір-бірінің пікірін тыңдау.

3. Тәртіп сақтау.


Психологиялық дайындық: «Нұрға бөлену» (Әуен ырғағымен.)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Далаға шықтыңыз. Күн сондай жылы. Айналаңыз мамыражай күй кешуде. Анадай жерде балалар ойнап жүр екен. Оларға қосылғыңыз келіп еді, аспаннан бір тамшы жаңбыр қолыңызға түсті. Одан соң жаңбыр себелеп,бір кезде құя жөнелді. Табиғаттың осы тылсым әрі сұлу келбеті сіздің бойыңызға бір тамаша әсер қалдырды. Осы бір жаңбыр жаныңызға таңғажайып көңіл-күй сыйлап, қуанып, жаңбыр астында өзіңізді керемет сезіндіңіз.

Дәл осы тап-таза жаңбыр суы денеңіздегі барлық жағымсыз әсерлерден тазартып жатқандай еді. Бір сәтте жаңбыр кілт тоқтады.

Айнала тап-таза. Енді бар кеудеңізбен тыныстап көріңіз. Сізге ауадағы өткінші жаңбырдан кейінгі даланың хош иісі сезіледі. Бұл керемет иіс сіздің жаныңызды таңғажайып сезімге бөледі.

Енді осы тап-таза күйді жүрегіңізге орналастырыңыз. Тап-таза нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Оқушылар өз әсерімен бөліседі.

І тапсырма: «Жарнама ролигі» ойыны.

1 топ - Киімді жарнамалайды
2 топ - Жемісті жарнамалайды

ІІ тапсырма:«Халық айтса, қалт айтпайды» Бұл тапсырмада тақырып беріледі,сендер тақырыпқа сай алты мақалдан айтасыңдар.Ойлануға бір минут.

1-топ «Адамға байланысты» тақырыбы

2-топ «Табиғатқа байланысты» тақырыбы

ІІІ тапсырма:«Сөздерді есте сақтау» Мақсаты: есте сақтау қабілетін анықтау. Нұсқау: Оқушылар сіздерге 12 сөз оқылады. Соны есте сақтап, рет-ретімен қатесіз жазу керек. Оқушыларға реттік нөмері жазылған ақ парақтар ұсынылады. Сөздер: 1сүлгі, 2 қоян, 3 теледидар, 4 шам, 5 жүзім, 6 шұлық, 7 жыртық, 8 пісте, 9 дәрі, 10 көңіл-күй, 11 ұя, 12 жылан.

ІVтапсырма: «Кім жаңылыспайды» Бұл бөлімде топ басшысын шақырамын.Жаңылтпаш оқимын,бірден жаңылмай қайталау қажет.

  1. Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

  1. Доп теп,Дөп теп

  2. Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай

  3. Сен өлше, ол өлшер, Сол өлшем, сол мөлшер.

Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар.


Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.

Съезд, разъезд, подъезд. Подъезд, съезд, разъезд. Жаттап ал тез.

  1. Ян-ян-ян Жүгіріп жүр қоян. Ян-ян-ян Бұл қоян емес, шаян!

  2. Тақпақ жатта, Жатқа жатта.

  3. Таяқ жон, Жонсаң жөн жон.

Vтапсырма: «Базар» ойыны Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін байқау. Нұсқау: оқушыларға ақ парақтар таратылады. Ол параққа түрлі түсті қарандаштармен оқушылар сурет салады. Еркін тақырыпта. Болған соң оны төрт бөлікке қайшымен бөліп тастайды. Оның үш бөлігін мұғалім жинап алады. Ал бір бөлігі оқушы да қалады. Бұл қағаздарды мұғалім араластырып, қайтадан оқушыға таратып береді. Оқушылардың міндеті өздерінің суреттерінің бөлігін тауып, құрастыру.

Рефлексия: Өрмекшінің торы. Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақ жөнінде ойларын тілек-ұсыныстарын, сұрақтарын бір-біріне өрмек тоқығандай жіп лақтыру арқылы айтады.

Ойын-жаттығулардан кейінгі көңіл-күйлерің қандай? Тренингте не ұнады? Не ұнамады? Өздеріңе пайдалы нәрсе алдыңыздар ма?

№6 орта мектеп

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру

(Семинар сабақ)

Реимбаева Салтанат

бастауыш сынып мұғалімі


2015/2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал