7


  • Учителю
  • 'Бастауышым - балбұлағым' (4 сынып)

'Бастауышым - балбұлағым' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бастауышым-балбұлағым»

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы - мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.

1-жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

2-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!



3-жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қырын құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.



4-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп.

Үйреткен ғой Абай,Ыбырай бабалар.

1-жүргізуші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген балаларымыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Жас жүректің өмірінің құштары гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

3-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған шығар қаншаңыз да,

Қол соғып қошеметтеп шақырайық,

4-сынып оқушыларын ортамызға.

Ән: «Мерекем»

1-жүргізуші: Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым қөп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Даниял! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

1-жүргізуші: Олай болса Наргиз! Алтын ұя мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

2-оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұяым

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мектебім.

4-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

5-оқушы: Мектебім - сүйекті мектебім,

Бауырыңда түлеймін, көктеймін.

Сен-бұлақ, мен қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

6-оқушы: Мектеп - кеме, білім теңіз

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.

3-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Бақыт.

4 -жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мүғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

3-жүргізуші: Дұрыс айтасың Бақыт, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

4-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсірді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымыздыға арнаймыз!

1-оқушы:

Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Біз басшыға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық.

2-оқушы:

Күлімдеп жанары,

Біздерге жиі кеп,

Сынақтар алады,

Оқысаң нашарға

Түйілер Қабағы.

Бестікті көп алсаң, мәз-мейрам болады.

3-оқушы:

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған,

Клара апай әрқашан қымбат маған.

Сабырлы да, жайдары қалпы менен

Қажымай үйретуден бір тынбаған.

Көреміз көзіңізден мейірімді

Сеземіз анамыздың алақанын,

Қыран ана секілді күтіп баптап

Ұшырған ұясынын балапанын.

4-оқушы:

Гүлшат апайым әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.

Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еткен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырығы боп жағылар

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

5-оқушы:

Сөз сөйлесе жарқын-ақ, Жазуларымды қаттаған,

Күніміздей жарқылдап. Жақсы көріп мақтаған.

Қызық өтіп сабағы, Ардақты ұстаз-жақсы адам,

Өсіреді ой-сананы. Айтқанын ұғып,жаттаған.

Көңілімнің хошын-ай, Жетелеп әрі сыныпта,

Ақ ниетті кең пейіл, Жеткізген мені мұратқа.

Жанар апай осындай. Ұлағат ісін сүйемін,

Жанар апайға басымды иемін.

6-оқушы:

Ана тілмен табалдырықты аттадық,

Орыс тілін қосып бірге жаттадық.

Бибігүл мен Ақбөпе апай арқасында

Орысша еркін сөйлей бастадық.

7-оқушы:

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Толқын апай осындай.

8-оқушы:

Әйгерім апай саналады жеке дара,

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.

Деніңіз сау болсын деп тілейді,

Әніңізді жаттаған әрбір бала.

9-оқушы:

Денемізді шынықтырған,

Ойындармен қызықтырған.

Еңбегімен есейдірген,

Ербол ағай рахмет бізден.



10-оқушы:

Бар білгенін аямаған,

Өз гүліндей аялаған.

Мың рахмет ұстаздарға.

Бәрі:

Төрт жыл бойы нұрын төккен.

Аттандырған ақ тілекпен.

Ұстаз үмітін ақтаймыз,

Серт береміз шын жүректен.

11-оқушы:

Өтті бізден балалық,

Өкінішті шалалық.

Тезге салды ұстаздық,

Текті мінез даналық.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс, амандық!

Ән: «Ұстаз»

1-жүргізуші:

Өнер- білім, егіз ұғым екендігін таныттық,

Бойымызға бар өнерді жиып-теріп дарыттық.

Биін билеп берелік енді, бүгін біздер сіздерге

Көршілес жатқан туысқан-дос,әр ұлттың.

2-жүргізуші: Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.

Би папури: Өзбек биімен 4 «Б» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

4 «В» сынып оқушыларының орындауында «Қазақ» биі.

Орыс халқының биімен ортаға 4 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.

2015 жыл Қазақстан үшін өте тарихи маңызды жылдардың бірі болып қалды. Өйткені биыл біз қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы жеңістің 70 жылдығын және Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтеміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойында елдегі ұлттардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырғаны қуантатын жайт. Ынтымағы, бірлігі жарасқан мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға ризамыз. Біздің күшіміз - бірлікте!

3-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы емес пе Бақыт.

4-жүргізуші: Дұрыс айтасың Гүлфайруз. Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен деп тілейді. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

3- жүргізуші: Олай болса, ардақты ата-аналар келесі шырқалатын ән-жырымыз сіздерге арналады.

1-оқушы: Ардақты әке, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтінмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

2-оқушы: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін ата-анаға бағыштайды.

3-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

4-оқушы: Білім алған өзіңнен,

Шәкірттердің бірімін.

Бақытты етіп өсірген,

Анама басты иемін!

5-оқушы: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

6-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болшы анашым!

Мұашева Ұлбосынның орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Қос бәйтерек».

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің оқушылар тек қана мектепшілік іс-шараларға қатысып қана қоймай, түрлі қалалық іс-шараларға да қатысып отырды. Атап айтқанда қаламыздағы жасөспірімдер орталығының «Ботақан» балалар телебағдарламасы. Бағдарлама жетекшісі Оразова Гүлхашима Қуандыққызының ұйымдастыруымен өткізілген тележобадан шолу. Бір сәт экранға назар аударайық.

Би: «Ботақан».

Ән: «Көңілді күн».

Хор: «Ұстазым».

Вальс: 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашаланыздар.

Қорытынды:

2-жүргізуші: Бастауыш сынып білімі - бар білімнің іргетасы, тірегі. Ендеше,осы алған білімдеріңді пайдаға асырып, үлкен табыстарға жетіңдер. Тәуелсіз еліміздің тірегі боп өсіңдер.

Ән: «Жаса Қазақстан».

3-жүргізуші: Осымен «Бастауышым- балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.



4-жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар

Қонақтар - деп келесі сөзді қонақтарға береміз.
Қостанай обылысы Арқалық қаласы
А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы
орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Шойбасова Күлшат Калыовна



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал