7


  • Учителю
  • Сен де бір кірпіш дүниеге. . . (өЗін-өзі тану)

Сен де бір кірпіш дүниеге. . . (өЗін-өзі тану)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Оқушылардың өзін-өзі танып, өзін-өзі тәрбиелей білуіне және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу Сабақтың міндеттері: Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу; Танымдық белсенділігін арттыру; Өзінің
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты:

Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Оқушылардың өзін-өзі танып, өзін-өзі тәрбиелей білуіне және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу Сабақтың міндеттері:

  • Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу;

  • Танымдық белсенділігін арттыру;

  • Өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілетін дамыту;

  • Ой- өрісін кеңейту;
    Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету;
    Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
    Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер,слайдтар.Н.ӘҮНазарбаевтың,Абай Құнанбаевтың портреттері,мақал-мәтелдер
    Әдістер: әңгімелесу, ойын, жаттығу, түсіндіру,.
    Эпиграф:

  • Сен де бір кірпіш дүниеге,
    Кетігін тап та, бар қалан. Абай
    Сабақтың барысы.
    1. Ұйымдастыру кезеңі
    2. Шаттық шеңбері
    Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен сәлемдеседі.

Сәлеметсіздер ме, балалар!Бүгінгі сабақты бастамас бұрын бәріміз ортаға шығып,шеңбер жасайық.Енді барлығымыз қолдарымыздан ұстап жақсы бір тілек тілейік Міне, көрдіңдер ме,бүгін бәріміз үлкен шеңбер жасадық."Ұйымдасқан ұтады" дегендей біз бір-бірімізбен ұйымшыл,тату болайық .

Әңгімелесу. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан

Сен де бір дүниеге

Кетігін тапта бар,қалан

-деп ұлы Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек.

  • Абай Құнанбаев кім? Шын есімі кім?

  • Кімнен тәлім-тәрбие алады? Ол кім?

  • Абай Құнанбаев кімдердің шығармаларын сүйіп оқиды?

  • Сіздер өздерің сол жақсы маман иесі болуға дайынсыңдар ма?

  • Ата-анаң қандай болғаныңды қалайды?

  • Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?

  • Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?
    Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
    Мұғалімнің сөзі:
    - Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата-анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз

Мамандық таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес. Ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу

Мамандық таңдау- жас өспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі.Үлкен өмірге енді ғана аяқ асқан жас ұланның алдын да мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдауға міндеті тұрады.Мамандық таңдау-мамандықтың жаманы жоқ,бірақ,мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен,өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық ,реніш сезімдері болыптіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.


Менен сұрақ,сенен жауап

  • Өзің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

  • Сен ол мамандық туралы не білесің?

  • Мамандық таңдамауыңның себебі неде?

  • Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?


  • Қай жақта оқығанды ұнатасың?

  • Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?

  • Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

Ойын-жаттығу

Оқушылардың бірі мамандықты айтады, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әріпінен басталатын мамандықты айтады.

Мысалы: Мұғалім-медбике-есепші, т.б жалғаса береді

Тыныштық сәті.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайлып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
НАЗАР АУДАРЫҢДАР.
Кім болғым келеді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал