7


4 сынып Еңбекке баулу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моншақтардан жасалған білезік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбекке баулу сабағынан үйренген ,алған білімдерін көрсету.Халқымыздың асыл мұраларын,салт-дәстүрлерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Зергерлік бұйымдар суреті,зергерлік бұйымдар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану,музыка.

Қажетті құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақтар,жіп,ине немесе мыс сым.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Өткен сабақпен байланыс.

Жаңа сабақты бастамас бұрын алдыңғы сабақтың тақырыптары бойынша сұрақ-жауап аламын.

1.Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?

2.қазақ халқының ұлттық киімдері несімен ерекшеленеді?

3.Папье-машенің жасалу жолы қандай?


3.Жаңа сабақ.

Зергерлік бұйым түрлері аруға ажар ,жігітке жігер берген. Әр бұйымда бір тәрбиелік мән жатыр.

Білезікті қолдан тастамағаны

Елдің салтын сақтағаны.


Ердің қасиеті ерлігінде

Қыздың қасиеті жүзігінде


Сырғаның көздерінде

Ұлттың ұлылығы бар-деген мақал жолдарында ата-бабамыздың он саусағынан өнері тамған өздері сал,жандары сұлу болғанын паш етіп ерекше дәлелдей түседі.Зергерлік бұйымдарға-алқа,моншақ,білезік,сырға,жүзік,шашбау жатады.Бұл бұйымдар анасынан қызына мұра ретінде қалып отырады.Білезік білекке салатын әшекейлі сәнді бұйым.Оны қымбат металдардан жасайды.Білезіктің пішіні,өрнегі әр түрлі болады.

Осы зергерлік бұйымдар жайлы ақындарымыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Ф.Оңғарсынованың «Зергер» өлеңі.

Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын

Балқытып ап күмісті

Сапырады судайын

Сиқыршыдай жырдағы

Білезік пен алқаны

Сақинаны,сырғаны

Күміс сыммен тартады.

Демеңіздер бұл қалай

Күмісті де илеген

Осы өнерді мұрада

Зергерлерден үйренем.

-Зергер немен айналысады екен?

-Білезікті кімдер тағады?

-балалар бізге алтын,күміс,жез,темір сөздері қай пәннен таныс?

-дүниетану пәнінен


Суреттер жинағынан зергерлік бұйымдарды көрсетіп,аттарымен таныстыру.

4. Жұмыстың орындалу реті

1.Жасалатын білезіктің ұзындығына қарай екі қабатталған жіп аламыз.

2.Жіптің екі ұшын да жіңішке иненің көзінен өткізіп,иненің біреуінен ұсақ моншақтарды тіземіз. Жіптің екінші ұшындағыинені тізілген моншақтарға кері қарай өткізіп,оны тартамыз.Осы тізбекті қажетті өлшемге дейін қайталаймыз.


5.Білезік жасау жолдарын көрсету,үйрету.

6.Өзіндік жұмыс.

7.Сергіту сәті.

8.Ынталандыру.

Зергерлік бұйым түрлері көп

Бәрін біліп анықтаймыз.

Білезік салып өрнегін сызып,

Бейнелеуден жалықпаймыз.

9.Қорытындылау.

Білезік жасағанда моншақ түстерінің бір-біріне үйлесімділігін сақтау керек пе?

Ұсақ моншақтардан алқа жасауға бола ма?

10.Бағалау.

Жұмысы жақсы оқушыларды бағалап, мадақтау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал