7


  • Учителю
  • Ана тілі пәнінен 'Буын. Төзім' тақырыбындағы сабақ жоспары. (1 класс)

Ана тілі пәнінен 'Буын. Төзім' тақырыбындағы сабақ жоспары. (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ана тілі пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы "Буын.Төзім".Буын туралы түсініктерін пысықтап, буынға бөліп оқу, жазуға машықтандыру мақсатында жоспарланды.Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып,оқушылардың көңіл-күйлері ескеріліп, назарлары сабаққа аударылды.Үй тапсырмалары
предварительный просмотр материала

19.02.15 ж
Тақырыбы: Буын. Төзім.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Буынға бөліп оқу, жазуға машықтандыру буынға бөлінуі жайлы түсіндіру, орындау.
2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Мәтінді оқу арқылы баланың бойына жақсы мінез - құлық қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтықтан бойын аулақ салу, білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: жаппай түсіндіру, сұрақ - жауап арқылы жаттығу, буындармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сурет, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. 61 - жаттығу.
2. «Тымақ» мәтінін түсініп оқу. Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
1. Ой қозғау.
- Ал, балалар, қазір әріпті жұмбақты тыңдайық, оның шешуін табайық.
Табада бар
Танада жоқ,
Сабада бар
Санада жоқ. (Б)
Дабылда жоқ
Дауылда бар,
Далада жоқ
Ауылда бар. (У)
Қылда бар
Жүнде жоқ,
Жылда бар
Күнде жоқ. (Ы)
Нарда бар
Қарда жоқ,
Нанда бар
Майда жоқ. (Н)
Буын ұғымына мағлұмат беру
2. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

62-жаттығу

Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.

Айна, арман, пияз

Арлы, ұстаз, жиен

Ойлы, ұрпақ, тұяқ
3. Сергіту сәті

4. Ойын: «Адасқан буынды тап»
әртүрлі буындар беріледі. Солардан сөз құрайды.
5. Суретпен жұмыс.
Суретте көрсетілген заттардың атын жазу. Буынға бөлу.
6. Төзім
Сурет бойынша әңгімелеу.
7. Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.
Өзімшілдік, менмендік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақ - тық жат қылықтардан алшақ болу.
Балаларға ой тастау!
Жалқаулық, еріншектік, менмендік адамның өз соры екендігін, қашан маңдайы таяқ болып тиетінін саналы түрде ұғындыру.
8. Тақтамен жұмыс. 63 - жаттығу.
А) Аяулым ертегіні көңіл қойып тыңдамады.
Мен ойлаймын: Аяулым төзімі жоқ қыз
Ә) Гүлдана бар ықыласымен әжесінің айтқан ертегісін тыңдады.
Мен ойлаймын - ол өте төзімді, инабатты қыз.
Б) Гүлдана әжесінің ертегісін бар ықыласымен тыңдап отырғандықтан, ол ертегіні жалғастыра алды.
В) Аяулымға ынта, ықылас және төзімділік қажет.
Қане, буын дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау..
Сұрақ - жауап алу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Төзім мәтінін оқу.64-жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал