7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему 'Етісік. Дара және күрделі етістік'

Конспект урока на тему 'Етісік. Дара және күрделі етістік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Білімділік Оқушыларға етістікпен таныстыру. етістік және оның сұрақтары. Сөйлем ішінен етістікті табуға үйрету. Оқушыларды етістіктің дара және күрделі түрлерімен таныстыру. Сөйлем ішінен дара және күрделі етістікті табуға және бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Дамыт
предварительный просмотр материала

3 сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етісік. Дара және күрделі етістік. 63-69 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға етістікпен таныстыру. етістік және оның сұрақтары. Сөйлем ішінен етістікті табуға үйрету. Оқушыларды етістіктің дара және күрделі түрлерімен таныстыру. Сөйлем ішінен дара және күрделі етістікті табуға және бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Етістік » картасы, суреттер, қи мақағазар

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:.

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Ереже: Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады.

Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Сөйлем ішінен етістікті табуға үйрету.


Қимылды білдіреді. не істеді?


Етістік


Неғылды? Қайтті?

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.


63-жаттығу.

  1. Жұмбақ шешуін табу.

  2. Етістіктерді табу, сұрақ қою.


64-жаттығу.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. етістіктерге сұрақ қоя отырып табу.

  3. Етістіктердің қай сөзбен байлнысып тұрғанын тап.


Ол ұядан жұмыртқа алды.

Барлық сөздер етістікпен байланысқан.

Сергіту сәті.

65-жаттығу.

  1. Оқушыларды етістіктің дара және күрделі түрлерін еске түсіру.

  2. Сөйлем ішінен дара және күрделі етістікті табуға және бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Етістік


Дара етістік Күрделі етістік

------------------------ -----------------------------------

келді келе жатыр

барды бара жатыр

ұшты ұшып келді т.б.

66-жаттығу

  1. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрап жазу.

  2. етістіктерге сұрақ қоя отырып табу.

  3. Етістіктердің қай сөз табымен байлнысып тұрғанын тап.

68-жаттығу.


Сыныппен жұмыс.

Қойдың пайдасы


Қой - өте пайдалы мал. Қазір оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі. Жүнінен фабрикада түрлі маталар тоқылады. Терісінен былғары илейді. Одан аяқ киім, тон тігеді. Қой етінен көптеген тағамдар дайындайды. Сүтінен ірімшік, сыр, май өндіреді. (34)


Тапсырма:

1. Пайдалы, тоқылады, ірімшік сөздерін буынға бөл.

2. Етістіктердің астын сыз.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: 67, 68-жаттығу. Ереже жаттау


Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал