- Учителю
- Мен оқушы атандым сынып сағаты
Мен оқушы атандым сынып сағаты
Тілашар
Ертеңгілік мақсаты: - білімнің сара жолы мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
- Оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту, ой-өркін дамыту;
- Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, плакатқа жазылған сөздер, үлестірме қағаздар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев суреттері, шарлар, гүлдер, жерге төселген ақ мата, қызыл лента.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушылар екі-екіден қол ұстаса сыныпқа кіреді, балалардың білім сапарлары сәтті, жолы ашық болсын деген ниетпен арнайы ақ мата төселді. Әжелер тартқан қызыл лентаны қиып, бірден алақандарын жайып сыныптағы атадан ақ батасын алу.
«Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
- Ардақты ата-аналар, бақытты балдырғандар, құрметті қонақтар «Тілашар» ертеңгімізге қош келдіңіздер! Сіздердің ботақаңдарыңызды менің 1 «А» сыныбымның оқушыларын қарсы алдыңыздар (ортаға шақырайық) және де ертеңгілігімізді бастайық!
Бекболат: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Жасмин: Қош келдіңдер, балдырғандар,
Қадамдарын құтты болсын!
Мектеп мынау есік ашық,
Тек әдебің мықты болсын!
Толғанай: Шашу шашты әжелер!
Сылдырлатып теңгелер,
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.
Ақ жаулықты аналар (әжелер) шашу шашады (5, 10, 20, 50 теңгелерді) МУЗЫКА
Зере : Жақсы оқып келемін,
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын
Ерасыл : Алтыға толдым биыл мен,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам,
Мектепке барам асыға.
Жания: Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Оқулықты қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
- Тамаша, балалар мен сендердің үздік оқушы болатыңдарыңа кәміл сенемін. Бірақ, мектеп әкімшілігі сендер нағыз оқушы болғандарың туралы құжат беру үшін білімді, ұқыпты, өнерлі бала екендеріңді көргісі келеді және мәңгі ұқыпты, алғыр, тәртіпті оқушы болатыңдарың туралы ант берулеріңді сұрайды.Нағыз оқушы екенімізді көрсетеміз бе?
- Балалар, біздер осы уақытқа дейін не үйрендік, соңы ортаға салайық? Алдымен ойымызды жинақтап алайық.
- Сөз неден тұрады? Сөз дыбыстардан тұрады.
- Сөйлем қалай жазылады?
- Сөйлем бас әріптен басталып жазылады, соңына тыныс белгісі қойылады.
Буынға бөлу: са-ғат, мы-сық, са-бақ, қа-лам, ар-па
Ойын: «Буыннан сөз құрау»
Дәулет:
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер,қазағым;
Мен мектепке барамын.
Әлима: Еркесі едім атамның,
Еркесі едім анамның,
Толдым биыл жетіге
Мен оқушы атандым
Ерали: Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Қуантуға жүректі,
Қуантуға түлекті
Мен мектепке барамын
.
Іңкәр: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Нұрдәулет: Мейірге толы мектебім,
Айқара ашқан есігін
Балапаның боп мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын.
Аружан: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол, думаны
Жақсы көрем бәрінен
Математика сабағын.
1) 0... 10 дейін ретімен санау және кері санау.
2) Математикалық есептер
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (6)
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолында қалады? (2)
Бір қоянның екі құлағы бар,
Екі қоянның неше құлағы бар? (4)
Мадина: Бала қамын ойлаймыз!
Ата-ананы сыйлаймыз.
Ата-анамыз әдепті
Сүймейміз жат әдетті.
Ғанимед: Ата-ананнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі, білікті
Ол - ұстазың сүйікті.
Жақсылық: Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз, қаламым
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең «бестік» аламын.
Шолпан: Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
Әли : Мен намысшыл баламын
Тек үлгілі боламын
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын
Жұмбақтарды шешу: (О), (Т), (А), (Н) әріптері
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған
Екеуіннің аттары? (О)
Қатар тұрған қос қазық
Қол ұстасып достасып. (Н)
Сауысқанды, сағызды
Сарымсақты, сәбізді
Бастап тұрған қай әріп
Тау мен тастың алдында. (Т)
Асқар, Асхат, Асанға,
Атасы айтты Ақанға
Амбарды аш, арпа шаш,
Арпа шаш, аш құстарға
Қайсы әріп көп айтылды,
Тез айтып бер ұсталма?! (А)
Камила: Болса кімнің ақыл-санасы,
Жақсылыққа жетер кәміл шамасы.
Намысты ұл, тәрбиелі қыз бала,
Ел ертеңі, Отан-Ана панасы.
Хор «Отан»
Ойын 2: «Мен және менің достарым»
«Менің достарым және мен» атты ойын ойнаймыз. Қазір мен сендерге
бірнеше сұрақ қоямын, сендер қолдарыңды шапалақтап, сұрақтың
жауабына орай, «Мен және менің достарым» немесе «Мен емес және
менің достарым емес» деп жауап бересіңдер.
---Әрқашанда мектепке келеміз біз көңілді.
---Анау, бала! Қолын қара,
Кір қожалақ, қап-қара!
---Көліктерде үлкендерге,
Ұсынады орынды.
---Бүгін бізге арнайы,
Ән мен жырды әкелді
---Әрқашан жақсы оқиды,
Ұқыпты да тәртіпті.
Ойын 3: Затты танисың ба?
- Ал қазір, балалар оқу құралдарын білетіндерін тексереміз.
Үстелдің үстінде әр түрлі оқу құралдары жатады. Жұмбақтың жауабы
болған затты тез алу керек.
-
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)
-
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып, ақтарып
Өмір сырын білемін (Кітап)
-
Басын қырқамын,
Тілін жарамын.
Су беремін
Сонан соң өзі сөйлейді (Қылқалам)
-
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
-
Оқушыға күнде ерiп, Жүретiн не? (Күнделiк)
Саденов Ерасылдың орындауында «Бала тілегі» әні
Мұғалім:
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте
Ал қазір балалар бірінші сынып оқушысының антын береді.
Бекболат:
1. Денсаулықты сақтауға
Мектептен де қалмауға
Ант етеміз!
Аяна:
Оқуды көп ойлауға
Қызығына тоймауға
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып, ойлауды
Ант етеміз!
Камила:
-
Кітаптарды бағалауға
Әділ баға алуға
Кішілерге көмек беріп
Үлкендерді сыйлауға
Ант етеміз!
Жақсылық:
-
Мектепте тәртіп сақтауға
Ұстаздарды тыңдауға
Ант етеміз!
Балаларға 1 сынып оқушысы куәлігін табыстау.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз - шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде
</
Жасмин: Қош келдіңдер, балдырғандар,
Қадамдарын құтты болсын!
Мектеп мынау есік ашық,
Тек әдебің мықты болсын!
Шолпан: Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
Мадина: Бала қамын ойлаймыз!
Ата-ананы сыйлаймыз.
Ата-анамыз әдепті
Сүймейміз жат әдетті.
Аружан: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол, думаны
Жақсы көрем бәрінен
Математика сабағын.
Толғанай: Шашу шашты әжелер!
Сылдырлатып теңгелер,
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.
Дәулет:
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер,қазағым;
Мен мектепке барамын.
Жания: Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Оқулықты қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
Ғанимед: Ата-ананнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі, білікті
Ол - ұстазың сүйікті.
Дәулет:
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер,қазағым;
Мен мектепке барамын.
Толғанай: Шашу шашты әжелер!
Сылдырлатып теңгелер,
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.
Ғанимед: Ата-ананнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі, білікті
Ол - ұстазың сүйікті.
Жания: Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Оқулықты қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
Аяна:
Оқуды көп ойлауға
Қызығына тоймауға
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып, ойлауды
Іңкәр: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Нұрдәулет: Мейірге толы мектебім,
Айқара ашқан есігін
Балапаның боп мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын.
Бекболат: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады, міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Бекболат:
1. Денсаулықты сақтауға
Мектептен де қалмауға
Ант етеміз!
Камила:
3.Кітаптарды бағалауға
Әділ баға алуға
Кішілерге көмек беріп
Үлкендерді сыйлауға
Ант етеміз!
Камила: Болса кімнің ақыл-санасы,
Жақсылыққа жетер кәміл шамасы.
Намысты ұл, тәрбиелі қыз бала,
Ел ертеңі, Отан-Ана панасы.
Ерасыл : Алтыға толдым биыл мен,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам,
Мектепке барам асыға.
Жақсылық: Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз, қаламым
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең «бестік» аламын.
Жақсылық:
4.Мектепте тәртіп сақтауға
Ұстаздарды тыңдауға
Ант етеміз!
Ерали: Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Қуантуға жүректі,
Қуантуға түлекті
Мен мектепке барамын
Әлима: Еркесі едім атамның,
Еркесі едім анамның,
Толдым биыл жетіге
Мен оқушы атандым
Зере : Жақсы оқып келемін,
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын
Әли : Мен намысшыл баламын
Тек үлгілі боламын
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын