7


Тау қыраны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тегі Тумышева Аты Айнагул Әкесінің аты Кузенқызы Жұмыс орны, лаузымы Ақтау қаласы, № 24 бастауыш сынып мұғалімі Мекен-жайы 13-24-232 Байланыс телефон 43-68-81, Ұялы телефон 87012244795 Электронды пошта tumishovaa77@mail.ru Мұғалім: Тумышева А.К.Сабақ жоспары Тоқсан ІІІ Күні 29.04.20
предварительный просмотр материала

Тегі

Тумышева

Аты

Айнагул

Әкесінің аты

Кузенқызы

Жұмыс орны, лаузымы

Ақтау қаласы, № 24 бастауыш сынып мұғалімі

Мекен-жайы

13-24-232

Байланыс телефон

43-68-81, Ұялы телефон 87012244795

Электронды пошта

tumishovaa77@mail.ru


Мұғалім: Тумышева А.К.

Сабақ жоспары

Тоқсан ІІІ

Күні 29.04.2015

Сабақ 2 сабақ

Тарау

Туған өлкем - тұғырым

Сабақтың тақырыбы

«Тау қыраны» Мәлік Ғабдуллин

Сілтеме

Ана тілі оқулығы, С.Рахметова., ТіӘбдікәрімова, Р. Базарбекова. Алматы «Атамұра», 2011 ж.

Жалпы мақсаты

  • Оқушыларға қазақ батыры Мәлік Ғабдуллин мен оның майдандас досы Төлеген Тоқтаровтың ерліктері туралы әңгімелеу.

  • Тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы ой өрісін дамыту.

  • Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтпен қарауға тәрбиелеп, патриоттық сезімге баулу.

Күтілетін нәтижелер

  • Мәтіннің әр бөлімінің негізгі ойын анықтап, сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.

  • Жеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын еркін жеткізе алады..

  • Сабақ соңында оқушылар Ұлы отан соғысы туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.

  • Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

−Ой қозғау;

−Диалогтік оқыту;

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелік карточкалар, маркер, стикер т.б.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Модульдер көрінісі

2 минут

Психологиялық ахуал туғызу.

Ұйымдастыру.




Қәне, достар, тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Қуанышпен, шаттықпен

Сабақты біз бастайық

3 топқа бөлінеді (6 оқушыдан) №1,2,3

АКТ

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут

Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау

  • Мәнсияның әкесі оны қайдан алып шықты?

  • Анасы оны кім деп еркелетті?

  • Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады?

Топтардың шешімі бойынша айту

спикер

ОЖТ (ДО)

КБ

Білу

7 минут

Уяж туғызу

АКТ. Бейнеролик көрсету.

«Ұлы Отан соғысына 70 жыл»



- Бүгінгі сабақтың тақырыбымыз қандай болмақ?

Ойланып, анықтандар.



Миға шабуыл

«Соғыс» сөзіне ассоциация (оқушылар пікірін тыңдау).



- Ұлы Отан соғысы туралы не білесіңдер?



Кеңес беру



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа шығады.



Топтың ішінде пікір алмасады, талқыға салады, ауызша атайды.

АКТ



СТО


Түсіну

Қолдану

8 минут

Мәтіннің авторымен таныстыру.

Мәлік Ғабдуллин.

Мәтінді оқу «Тау қыраны» (оқулықпен жұмыс)

Мәтіннен жаңадан не білдім?

Түсінігін анықтау үшін әр топқа сұрақтар қойылады.



- Әңгімені баяндап отырған кім?



- Әңгіме кім жөнінде жазылған?



- Төлеген Тоқтаров туралы не білесіңдер?



- Бұл әңгіме шығарманың қай түріне жатады?

Глосарий. Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Әр топқа бір бөлім беріледі.



Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды.

Әр бөлімге ат қояды.



Топтың ішінде пікір алмасады, талқыға салады, ауызша айтады



Ғаламтордан мәлімет іздейді.

Бұл әңгіме шығарманың естелік түріне жатады.



Бородино, офицер, дивизия, генерал, арттилерия.

СТО



ДО



АКТ

9 минут

Мәтінді талдау мақсатында

тапсырмалар беріледі

1 деңгей: Төлегенге мінездеме бер:



2 деңгей: Мәтін бойынша кейіпкерлердің көңіл-күйін анықта.

3 деңгей: Төмендегі сөздерге анықтама бер.

Генерал -

Полковник-

Қайғы-

Майдан-

Оқушылар ұсынылған деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



Сұрақтарға жауап береді.



Түсінгендерін дәлелдейді. Қорғайды.



1) жеке оқу,

2) топта әңгімелейді.

3) өз пікірімен бөліседі.

4) әр топтың спикері сөйлейді.



ЖЕ

ДО



АКТ

Талдау


7 минут

Шығармашылық тапсырма:


Әр топқа маркер, а3, Ұлы Отан соғысқа байланысты сурет бере отырып, тұжырымдама жасауларын ұсыну.

1 топ «Төлегенге мінездеме»

2 топ «Төлегеннің анасына жазған хаты»

3 топ «Батырлар ерлігі»

Мәтіндегі негізгі сөздерді пайдаланып, мазмұнына қысқаша сызба жасау.



«ТжД» балаларға - «Төлегенге арнау»
жазуға ұсынылады.

Әр топ мәтін бойынша негізі тұжырымды сөздер арқылы ақ қағазға түсіріп топтастырады

Жұптық, топтық жұмыс ұйымдастырылады

АКТ, СТОҮ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.



ТДО

Жинақтау


5 минут

Жұмыстарды қорғау.


Бағалау

Кері байланыс



Үй тапсырмасы

3 минут

2 минут

Бағалау критерииі арқылы бағалау

1 топ «Батырлар ерлігі» ой толғау

2 топ Мәтінге сай мақал- мәтелдер жинастыру.

3 топ Өлең ұйқастарын дайындау.


ОүБ ОБ



Бағалау парағы

Топ мүшелері

Мәтінмен

жұмыс

Сұрақтарға жауап беру

Деңгейлік тапсырмалар


Постер қорғау

Шығарма-шылық тапсырма

Қорытынды

баға

3 ұпай - сұраққа толық жауап берді, тапсырмаларды дұрыс орындады, топқа көп көмек берді, қосымша мәліметтермен толықтырды.

2 ұпай - сұраққа жауап берді, топқа айтарлықтай көмек берді, тапсырмаларды дұрыс орындады.

1 ұпай - сұрақтарға жартылай жауап берді, тапсырмаларды жартылай орындады, топқа айтарлықтай көмек бермеді.

Егер сабаққа мүлде қатыспай отырса ұпай берілмейді.

15 - 13 ұпай - «5» 12 - 10 ұпай - «4» 9 - 7 ұпай - «3»

  1. қосымша

Тоқтаров Төлеген (1920-1942), Кеңес Одағының батыры

Еліміздің еркіндігін, ар намысын қорғаған ержүрек перзентеріміздің бірі - Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық білім алады.

Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет болып өседі.
1938 жылы он жеті жасында сол кездегі ірі кәсіпорын - қорғасын заводына жұмысқа түседі. Ол алғашқы күндерден -ақ өзін қабілетті іскер жас ретінде көрсетеді.


Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген Төлегеннің өтініші қабылданады. Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылады. Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын. Осылайша Төлеген 275- полктың автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап, оның майдандағы өмірі басталады. Содан тоғызыншы ақпанға дейін… Көп емес…
Өте тапқыр, ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен -ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді. Ол өз өнегесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп, бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды. "Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің" - дейтін еді ол.

Төлеген Нагаткино, Соколово, Трошково, Бракловицы, Траково деревнялары үшін болған ұрыстарда ерекше ерлігімен көзге түседі, Төлегеннің бөлімшесі 1942 жылдың 9 акпанында Бородино селосы үшін дұшпанға қарсы ұрыс жүргізді. Бұл ұрыс бірнеше күнге созылды. Даңқты ерлікке толы Бородино үшін болған ұрыста Төлеген қаһармандық ерлік көрсетіп, қаза тапты.

Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген , сол бөлімнің саяси жетекшісі болып істеген Совет Одағының батыры, белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді: "…1942 жылдың 9-ақпаны … Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді…".
Отан гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оны ерлігі жоғары бағаланды.
Т.Тоқтаров жайлы ән, опера жазылды. Лениногор полиметалл комбинатының территориясындабатырға ескерткіш орнатылған.
Кенді Алтайда Т.Тоқтаровтың есімімен мектеп, көше, алаң аталады.
Жазушы К.Сақабаевтың Төлегеннің өмірбаянына арналған "Намыс" атты повесі 2000 жылы жарық көрді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал