- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему'Сан есім'
Открытый урок по казахскому языку на тему'Сан есім'
Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы: «Сан есім»
Сыныбы:2 «В»
Пәні:Қазақ тілі
Қожақова Маржан Сағындыққызы
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы:Сан есім
Сабақтың мақсаты:Сан есім туралы түсінік беру,оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру,сан есімдерді ажыратуға үйрету.
Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту,сабаққа қызығушылығын арттыру.
Сауатты көркем жазуға,өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер,сөзжұмбақ,ойын атаулары т.б
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі:Дәстүрлі
Сабақты оқытудың формалары:Ұжымдық,жеке
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындау:
Жақсы оқып сабақты.
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз бәріміз.
-Қазір бізде қандай сабақ
-Қазақ тілі
Қазақ тілім өз тілім ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым, дара тілім!
-Енді берілген сөзжұмбақты шешейік
1)Жасыл сөзі қай сөз табына жатады?
2)Мұхтар Әуезов кім туралы жазған?
3)Көктемнің бірінші айы?
4)Іс-қимылды білдіретін сөз табы?
5)Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ...
6)Бала,оқушы,ағаш,гүл сөздерін қай сөз табына жатқызуға болады?
7)Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды
-Қандай сөз шықты оқып көрейікші
-Сан есім
IV.Мақсат қою:
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты сан есім туралы білім алу ,сан есімнің сұрақтарымен танысу.
-Балалар,бүгін мен сабақты мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.
«Бір»деген бе?
«Бір»деген-сабақта түк білмеген.
«Екі» деген бағаны
Еріншектер алады.
«Үш» деген бе?
«Үш» деген-орташаға күштеген.
«Төрттікті» алады,
Жақсы оқыған балалар.
Ең жақсы «Бес» деген
Беске оқиық,балалар!
-Балалар,мына өлең жолдарындағы бір,екі,үш,төрт,бес деген сөздерді қай сөз табына жатқызуға болады? Сұрақ қойып көрейікші.
-Иә,бұл сан есімдер,бүгін біз сан есім және оның сұрақтарымен танысамыз.
V.Жаңа білімді меңгеру:
Сан есім-заттың санын,ретін білдіретін сөз табы. Сұрақтары:қанша?,неше?,нешеу?,нешінші?.
-Балалар, біз сандарды математика сабағында ғана емес,дүкенде,автобуста,дүниетану,еңбекке баулу,қазақ тілі сабақтарында кездестіріп тұрамыз.
Сұрақтар жазылған плакат тақтаға ілінеді:
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойыңдар.
Мен...сыныпта оқимын.
Менің жасым...
Біздің сыныпта...қыз бар.
Біздің сыныпта...ұл бар.
Менің інім...жаста.
-Енді оқулығымызды ашып,жаттығулар орындайық.
448-жаттығу: жазу,сан есімдерді тауып,астын сызамыз,қай сөзбен байланысып тұр.
449-жаттығу:ребусты шешіп,шыққан сөзге сөйлем құрау.
450-жаттығу:ауызша орындату,берілген сөздердің сан есім екенін дәлелдеу.
Сергіту сәті:суретпен жұмыс.
Суреттегі құстардың атын пайдаланып,сөйлемдер құрау,сұрақ қою арқылы оқушыларға әңгіме құрастырып жазғызу.Сөйлемдерді сөз таптарына талдау.
VI.Жаңа білімді тиянақтау:
Жұлдызым жансын ойыны:тақтаға түн ретінде плакат ілінеді,жұлдызшаларға сұрақтар жазылып,оқушыларға таратылады.Сұраққа жауап берген оқушы жұлдызын плакатка жабыстырады.
VII.Қорытындылау, бағалау: «Рефлексиялық эссе»
сипаттау,талдау,бағалау (формативті түрде жүргізіледі).
Смайликтер арқылы оқушылар осы сабақта алған әсерлерін
көрсетеді.
VIII.Үйге тапсырма:159-бет 451-жаттығу.