7


  • Учителю
  • Конспекты 'Ауа. Ауаның қасиеті. '

Конспекты 'Ауа. Ауаның қасиеті. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Ауа.Ауаның қасиеті.

Мақсаты: 1.Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту.

Ауа адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

2.Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,

қызығушылығын ояту.

3. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы

экологиялық тәрбие беру.

Түрі: жаңа сабақты игеру

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд

Жүрісі:

1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты қайталау

Масштаб дегеніміз не?

Сұлба деген не?

Тұсбағар деген не,оны кімдер қолданады?

Жер сұлбасын қағазға салғанда,ненің орны сақталады?

3.Жаңа сабақ. «Өз ойыңды дәлелдей біл»

Ауызды жауып, танауыңды қысып ішіңнен сана.

-Нешеге дейін санадыңдар?

-Балалар, сонда не қажет?

-Қандай күйде болдыңдар?

-Олай болса адамға ауа қажет екен.

-Ауаның қасиеттеріне сарамандық жұмыс арқылы көзімізді жеткізейік.

IV.Сарамандық жұмыс.Ауаның қандай қасиеттері бар?

Үш май шам жағып көрсету

а)Оның біреуін стаканмен жабу.

ә)Май шамның екіншісін банкамен жабу.

б)Үшіншісін ашық қалдыру.

Қайсысы алдымен сөнеді?Неге?

(оқушылар ойларын тыңдау)

Стаканмен жабылған сөнеді.

Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу

Ашық тұрған шырақ жана береді,себебі оны ауа толық қоршап тұр.Олай болса,ауа жанғыш.

Балалар терезенің екі әйнегінің ортасында бос орын неге қалдырылған? (оқушы жауабын тыңдау)

Ауа қалады.Жылу сақтау үшін.


V.Сергіту сәті.

Жақсы балалар,олай болса бір сергіп алайық.

VI.Оқулықпен жұмыс. Джигсо әдісі арқылы оқушылар өз беттерімен оқып түсіндіру.

I-топқа 1-тәжірибе

II-топқа 2-тәжірибе

III-топқа 3-тәжірибе

IV-топқа ауаның қасиеттерін санамалап айтып бер.

VII. «Топтастыру»

Ауаның қасиеттерін айту,түсіндіру.


Көзге көрінбейді

түссіз

сығылады

Ауаның қасиеті

дәмсіз

иіссіз

Жылуды сақтайды

VIII. «Кімнің ойы ұшқыр?» (бекіту сұрақтары)

1.Қандай шар суға батпайды? Неге? (Үрленген шар)

2.Жанып тұрған майшам төбесін жауып қойсаң не болады?

Неге?(Сөніп қалады?)

3.Қалың киіммен адам неге тоңбайды? Неге?

(Себебі қалың киімнің түктерінде ауа болады, ал ауа дененің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады )

4.Қызыл шарда қандай ауа бар? (Түссіз ауа)


IХ. Бағалау

Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау

Х.Үйге тапсырма: «Ауа.Ауаның қасиеттері.» тақырыбын оқу.

Ауа туралы жұмбақтар жазып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал