7


  • Учителю
  • Сауат ашу. ҚЫсқа мерзімді жоспар. Л л дыбысы мен әріпі

Сауат ашу. ҚЫсқа мерзімді жоспар. Л л дыбысы мен әріпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Сауат ашу

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Тақырыбы:

Л дыбысы мен әріпі

Асханада

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамбетжанова С.О.

Сынып: 1а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.5.1 Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу,

1.1.6.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) қолдану

1.1.6.2 Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану

1.2. 9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3.12.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

Табыс критерилері:

Барлық оқушылар орындай алады

Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана біледі;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана біледі және сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын келтіре алады;

Кейбір оқушылар орындай алады

Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана біледі және сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын келтіріп, сипаттау сөздерін қолданады.


Тілдік мақсат:

Тірек сөздер: асхана, дәліз, киім ілетін орын, бұрыш, кітапхана, баспалдақ, мұражай.

Сабақта диалогке керекті сөздер:

-Біз қай жерде тыныш жүруіміз керек?

-Қай жерде жүгіруге болады?

-Қай жерде қаттырақ сөйлеуге болады?

Алдыңғы оқу:

Оқушылар үлкендермен сөйлескенде сыпайы сөйлесу, мектеп дәлізінде сабақ болып жатқанда тыныштық сақтау керектігін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Басы 0-5 минут


Ширату.

"Үнсіз хор"

Жазда өлеңін 3 түрлі айту.

Ортасы

6-24 минут




Асхананың суретін көрсету.

Асханаға саяхатқа шығатындарын хабарлау.

(Ө) Саяхатта көргендерін ым-ишарамен көрсету.

Сынып бөлмесінің ішіне мектептегі негізгі орындарды жазып іліп қоямын.

(асхана, дәліз, киім ілетін орын,кітапхана, баспалдақ)

Әр оқушы сол сөзге жақындағанда өз іс-әрекетін қимылмен көрсету керек.

Мыс: киім ілетін орынның қасына барғанда киімін шешіп іліп жатқандай қимыл жасау керек.

(Ж) Өзара сөйлесу.

(Т)Бүгінгі айтылған сөздерден л дыбысы бар сөздерді қайталау.

Мыс: дәліз, киім ілетін орын, баспалдақ т.б.

Электронды оқулықпен жұмыс

Тыңдалым

- Л дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Л л әріпімен таныстыру.

Кеспе сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Жазылым

Көркем жазу.

Л л әрпін үлгі бойынша жазу.

Ширату.

АКТ қолдану,

қағаз, қайшы,түрлі-түсті қалам, маркер, А-4 қағазы.




Соңы

25-35 минут

-Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

Егер бүгінгі сабақты жақсы түсінсеңдер күннің , әлі де түсінбеген болсаңдар бұлттың суретін көтеруді сұраймын.


Қосымша мәліметтер:

Дифференциация

Л дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіріп айтып көр.

Бағалау.

Өзін өзі бағалау.

Топты бағалау.

Пәнаралық байланыс:

Өнер сабағымен байланыстыру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал