- Учителю
- Конспект 1сыныпқа арналған бақылау жұмыстарының банкісі
Конспект 1сыныпқа арналған бақылау жұмыстарының банкісі
Бақылау өлшеуіштерінің банкісі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Бейсембекова Ж.С.
Бақылау жұмыстарын құрастырушы және шығармашылық топ мүшелері:
1
Мнанова Әсия Жеңісқызы
№22 ЖББМ, Павлодар қаласы
2
Жамалиденова Айтжамал Шәкіртқызы
№22 ЖББМ, Павлодар қаласы
3
Нуржакипова Орынгүл Муратбекқызы
№19 ЖББМ, Павлодар қаласы
4
Арынова Дина Казбекқызы
№19 ЖББМ, Павлодар қаласы
5
Намазбаева Сәнгүл Қайырқызы
№ 2 ЖББМ, Павлодар қаласы
6
Орумбаева Айман Дюсенқызы
№ 35 ЖББМ, Павлодар қаласы
7
Санат Амангүл Санатқызы
№21 ЖББМ, Павлодар қаласы
8
Нурпеисова Салтанат Тлектесқызы
№25 ЖББМ, Павлодар қаласы
9
Кабдирова Гүлжібек Зейнилқызы
№25 ЖББМ, Павлодар қаласы
10
Муслимова Жанат Мухиденқызы
№25 ЖББМ, Павлодар қаласы
Шығармашылық топ жетекшісі: Каиргазина Шолпан Шаханқызы, қалалық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері
Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру мектептердің бастауыш сынып пәндері бойынша Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандартына және бағдарламаға сәйкес бақылау жұмыстары құрастырылған. 29.07.10 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға ұсынылады.
Павлодар облысының білім беру басқармасы Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты
Павлодар қаласы, № 19,2,22, 25, 35,21 жалпы орта білім беру
мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері: А.Ж.Мнанованың, А.Ш
Жамалиденованың, О.М.Нұржакипованың, Д.К.Арынованың, С.Қ.
Намазбаеваның, А.Д.Орумбаеваның,А.|С.Санаттың,
с.Т.Нүрпеисованың, Г.З. Қабдированың, Ж.М.Муслимованың
«Бастауыш сыныптарға арналған бақылау өлшеуіштерініңбанкісі»
әдістемелік жинағына !
Рецензия
Ұсынылып отырған жұмыста бастауыш сыныптарға арналған пәндер бойынша бақылау жұмыстарының жинағы құрастырылған.
Жинақтағы материалдар бастауыш сатыда оқушылардың қазақ тілі, ана тілі, математика пәндері бойынша білімдерін қадағалауға, жетілдіруге,логикалық ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, пәндер мазмұнына байланысты сауаттылықтарын дамытуға бағытталған.
Әдістемелікте пәндер бойынша материалдар мазмұны
жүйеленіп
жасалған, бақылау жұмыстарының нормалары берілгеқ бақылау
жұмыстарының банкісін құрастыру талаптарына сай. |
Жинақтағы материалдар оқулықтың тақырыптарына байланысты, оқу
бағдарламасына, мемлекеттік стандартқа сүйенген, дұрыс, мазмұнды,
оқушылардың қабылдауына, орындауына ыңғайлы
Жинақтағы берілген материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тақырыптарды қаншалықты меңгергенін, білім деңгейін, орындау мүмкіншіліктерін анықтауға болады.
Жинақты бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымш әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
Рецензия тіркелді: «26» қаңтар 2012ж
Лебяжі ауданының Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
ГУ «Жамбылская средняя общеобразовательная школа Лебяжинского района
КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:
оқу ісінің меңгерушісі мектеп директоры
________ Қамбаров.Р.А ______ Султангазин К.К.
Бақылау жұмыстарының кестесі
2015-2016 оқу жылы
№
Тақырыбы
Мерзімі
Ескерту
Ана тілі
1
Диктант «Қыс»
14.01.16 ж.
Үйрету мақсатымен
2
Бақылау диктант «Көктем»
15.03.16 ж.
3
Бақылау диктант «Тоқылдақ»
16.05.16 ж.
4
Жылдық бақылау диктант
«Құстар біздің досымыз»
19.05.16 ж.
Математика
1
Бақылау жұмысы
«10 көлеміндегі сандар»
(1-ден 5 -ке дейінгі сандар)
22.02.16 ж.
Үйрету мақсатымен
2
Бақылау жұмысы
«10 көлеміндегі санда»
(6-дан 10 -ға дейінгі сандар)
7.03.16 ж.
Үйрету мақсатымен
3
Бақылау жұмысы
«Кестелік қосу және азайту»
17.03.16 ж.
4
Бақылау жұмысы
«Кестелік қосу және азайту.Теңдеу»
28.04.16 ж.
Үйрету мақсатымен
5
Бақылау жұмысы
«Ондықтармен санау.Әріпті өрнек»
16.05.16 ж.
6
Бақылау жұмысы
«Жыл бойы өткенді қайталау»
19.05.16 ж.
Бақылау жұмыстарының
мәтіндері
Сауат ашу
«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.
«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1-сыныпта «Сауат ашу» пәні интеграцияланған (оқу мен жазу - «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары - «Ана тілі» оқулығы) мазмұңда оқытылады.
Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Пәннің міндеттері:
6-7 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;
тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
.
Әлiппеге дейiнгi кезең:
Тыңдалым , айтылым дағдыларын қалыптастыру,лексикалық тақырыптар, сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту;
Сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды бөліп алуға, сөзді буынға бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретін табу) жасуға , дыбыстық сызба құруға дайындау, оны «оқу»;
Жазуға даярлау,жазу жолын сақтай отырып, әріп элементтерін (әртүрлі сызықтар, өрнектер,таңбалар) жазуға үйрету.
Әлiппе кезеңi: жаңа әріппен таныстыру(әріптің баспа түрі және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп); сөзге дыбыстық -әріптік талдау жасау; сөздің дыбыстық-әріптік сызбасын құру; буынды, сөзді, сөйлемді оқу; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; сөздік қорын байыту; мәтінді дұрыс саналытүсініп оқуға дағдыландыру; сауатты , көркем жазуға үйрету.
Әлiппеден кейiнгi кезең: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымдағдыларын жетілдіру, оқушының тілін дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтермен таныстыру.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi - әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдық бойы жалғастырылып оқытылуы. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.
«Сауат ашу» пәні бойынша жазба жұмыстары
І-Жартыжылдықтың соңында : айтылуы мен пәр жазылуы бірдей сөздерді(3-5 сөз), 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді тыңдау арқылы жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес)көшіру жұмыстарын орындауы тиіс.
ІІ-жартыжылдықтың соңында:
1)күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрамында л-р,н-ң,с-з, ж-ш,п-б дыбыстары кездесетін өздерді тыңдау арқылы жазу ( барлығы 8-10 сөз);
2) 3-4 сөзден тұратын сөйлемдерді , шағын мәтінерді (10-15 сөзден аспайтын) тыңдау арқылы жазу;
3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұнда (15-20 сөз көлемінде) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрап жазу (2-4 сөйлем мөлшерінде) жұмыстарын орындай алу керек.
Оқылым
1)Дауыстап және іштей оқу
2)Сөздерді буындап, жыл соңында тұтас оқу.
3)сөздерді бірқалыпты ұғынып оқу (жылдың аяғында 30-40 сөз).
4)мәнерлеп оқі.
5)шапшаң оқу.
6)мәтіннің мазмұнын сұрақтар арқылы айту.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шыгарма.
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант - 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.
II жартыжылдықта сөздік диктант - 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден тұратын бақылау диктанты алынады.
II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.
1-сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Сауат ашу» пәні аптасына - 7 сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны - 231, оның ішінде:
«Сауат ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген:
Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат.
Әліппе кезеңі - 98 сағат.
Әліппеден кейінгі кезең - 119 сағат.
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады: I жартыжылдықта -«Әліппе» оқулығы, II жартыжылдықта - «Ана тілі» оқулығы.
1-сыныптағы бақылау жұмыстарының нормасы
-
тоқсандар
диктант
мазмұндама
шығарма
I
-
-
-
II
-
-
-
III
1
1
-
IV
1
1
-
Жылдық
1
-
-
Барлығы
3
2
-
Ескерту: 1 сыныпта шығарма жазылмайды.
Жыл стандарты
Сауат ашу
Әліпби әріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші);
дыбыс пен әріптің дұрыс атауын;
дыбыс пен әріптің негізгі өзгешеліктерін («дыбысты естимін және айтамын»);
дауысты және дауыссыз дыбыстарды («дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып айтылады, ауа кедергісіз шығады»);
дұрыс жазу ережесін: 1) кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылуы; 2) сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуы; 3) сөйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нүкте, сұрақ, леп) қойылуы;
сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;
сөз мағынасы туралы (сөздің заттың, құбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі; мағынасы мәндес, қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздердің болатындығы) біледі.
cөз, сөйлемнің шегін таба алады; сөзді буынға бөледі;
саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 30-40 сөз оқиды (белгілерімен қосқанда);
мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;
монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;
кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырады;
жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;
баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес);
сөздерді есту арқылы жазады (мұғалім сөздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл соңында 10-15 сөз);
сөйлеуден сөзді бөліп алады; оны сызбамен көрсетеді;
бөліп алынған сөзге сұрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?);
сөйлеуден сөйлемді ажыратады және бөліп алады, мәтіннен оның орнын (шегін) таба алады; сөйлемнің сызбасын сыза алады;
сөзді буынға бөледі және оны графикалық түрде белгілейді;
сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;
сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;
затты не құбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сөздерді таба алады;
тыңдағанын түсінеді, сұрақтарға толық жауап береді, диалогқа түседі, әңгімеге қатысады;
әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген немесе оқыған мәтінін өз сөзімен айтып береді; оқыған немесе әңгімесіне өзінің бағасын бере алады;
тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;
мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін, диалог құрастырады;
затты, құбылысты, аңдарды сипаттайды, өз тәжірибесінде 4-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды;
берілген тақырыпқа диалог құрастырады, сөйлеу әдебі сөздерін (амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау) пайдаланады;
картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем).
Диктантты бағалау критерийлері:
«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сай
жұмысқа қойылады;
«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе, б) 1 емле, 2 тыныс белгісі
қателері болса, бірақ та жұмыс таза орындалуы керек;
«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі, б) 4 емле, 2 тыныс белгісі, в)5емле,
1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.
Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:
бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса - 1 қате болып есептеледі;
бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсысы бір
қате болып есептеледі;
тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып кездесуі.Сондай-ақ
жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды:
а) өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса.
б) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.
Қате болып есептеледі:
сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету,
әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;
бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері қойылмаса;
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
«5» - түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;
«4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;
«3» - тапсырма толық орындалмаса;
«2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.
Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған бақылау жұмыстарына екі баға қойылады, жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.
Диктант
(Үйрету мақсатында)
Мақсаты: Оқушылардың әліппе кезеніндегі алған білім, біліктілерін деңгейін бақылау. Мәтінді сауатты барлық каллиграфиялық талаптарға сайкес есту арқылы жазу.
Қыс.
Күн суытты. Қар жауды. Мұз қатып қалды. Балалар жылы киініп далаға шықты. Қардан аққала соқты.
/15 сөз/
Грамматикалық тапсырма:
Қар сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.
Бақылау диктанты
ІІІ тоқсан
Мақсаты: Оқушылардың әліппе пәнінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін тексеру.Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Күн жылына бастады.Құстар жылы жақтан
келді. Балалар ойнап жүр. Мен көктем гүлдерін ұнатамын.
(18 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
«Көктем» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Балалар, гүлдерін сөздерін буынға бөліп жаз.
Бақылау диктанты
IV тоқсан
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы өткен тақырыптар бойынша оқып үйренген білімдерін, меңгеру дәрежесін анықтау. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Тоқылдақ
Тоқылдақ -орман құсы.Ол ертеден кешке дейін жем іздейді.Ал түнде
ұясында тынығады. Тоқылдақ суықта да басқа жаққа ұшып кетпейді.
(20 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Жуан айтылатын сөздердің астын бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.
Достарымен сөзінің тасымалдау түрлерін келтіріп жаз
Жылдық бақылау диктанты
Мақсаты: Мемлекеттік стандарт бойынша меңгерген білімдерін тиянақтау.
Құстар біздің досымыз.
Көктемде құстар жылы жақтан оралды. Көктемнің бірінші айында келеді. Балапан басып шығарады. Балапандары кішкентай және әдемі. Құстарға қамқорлық жасау керек. Олар біздің досымыз.
(23 сөз)
Тапсырмалар:
«Ұя» сөзіне дыбыстық талдау.
«Құстарға сөзінің тасымалдау жолдарын көрсет.
Қандай ? және нешінші? сұрағына жауап беретін сөздің астын сыз.
Мазмұндама
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.
II жартыжылдықта кем дегенде 2 рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және 2 рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.
Мазмұндамаға арналған сөз саны: 1 сыныпта 25-28 сөз (жылдың соңында)
Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:
мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген: толық, негізгі көріністерді қалтырмай, бұрмалаусыз);
мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)
сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы (сөздерді өз мәнінде қолдана білу)
емлелік және пунктуациялық сауаттылық
Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма) бағалау критерийлері:
1-2-3 сыныптарда үйрету мазмұндама мен шығармаға журналда мазмұнына ғана 1 баға қойылады. Ал бақылау мазмұндамасына, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына, мысалы 4/5). 4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).
Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;
«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;
«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;
«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.
Мазмұндама
ІІ тоқсан (1сағат)
Мақсаты: - өз ойын жазба тілде тиянақты түрде сұраққа жауап беру арқылы жеткізуге үйрету;
- кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасын сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырып, жазуға үйрету;
«Жаңа жыл»
Жаңа жыл - қуанышты мереке. Оған арнап шырша құрылады.
Балалар шыршаны айналып, өлең, тақпақ айтады.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Олар сыйлық таратады. (23 сөз)
Сұрақтар:
1.Жаңа жыл қандай мереке?
2.Жаңа жылға не арнап не құрады?
3.Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алады?
4.Кімдер келеді?
5.Олар не таратады?
Жоспар:
1.Жаңа жыл шыршасы.
2.Жаңа жылды қарсы алу.
3.Сыйлық.
Мазмұндама
ІІІ тоқсан
Мақсаты: - тыңдағанын түсініп, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету;
әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген мәтінін өз сөзімен жазуға бейімдеу;
Орман
Орман қандай тамаша! Оның іші әсіресе жаз кезінде көңілді. Құстар сайрап ән салады. Самал жел соғып,ағаштар тербеледі. Орман адамға пайдалы.
Ағаштардың көлеңкесі жанға жайлы. ( 25сөз)
Сұрақтар:
1.Орман іші жаз кезінде қандай?
2.Құстар қайтеді?
3.Қандай жел соғады?
4.Орман кімге пайдалы?
5.Нелердің көлеңкесі жанға жайлы?
Жоспар:
1.Орман.
2.Құстар.
3.Ағаштардың пайдасы.
Мазмұндама
ІV тоқсан
Мақсаты: заттарды, жануарды сипаттап,оның пайдасын білуге үйрету,сөздік қорын молайту.
Қойдың пайдасы
Қой - өте пайдалы мал. Оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі. Жүніннен маталар тоқылады. Терісінен аяқ киім, тон тігеді. Қой етінен әр түрлі тағамдар дайындайды. Сүтінен ірімшік, құрт, май жасайды. (28сөз)
Сұрақтар:
1.Қой қандай мал?
2. Оның қай түрі өсіріледі?
3.Оның жүнінен не тоқылады?
4.Терісінен не тігеді?
5.Етінен нелер дайындайды?
6.Сүтінен не жасайды?
Жоспар:
1.Пайдалы мал.
2.Оның пайдасы:
а) жүні
ә) терісі
б) еті
в) сүті
Шығарма
ІІІ тоқсан (1сағат)
«Ана - өмірдің жүрегі»
Мақсаты: - анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- ананың қадірін білуге, сыйлауға тәрбиелеу;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
ІV тоқсан (1сағат)
«Отан»
Мақсаты: - оқушының бойында адами құндылықтарды: Отанға деген сүйіспеншілікті, елжандылықты, патриоттық сезімді дамыту
«Математика»
Пәнді оқыту мақсаты - ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Оқытудың міндеттері:
тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Математиканы оқыту ерекшелігі:
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде білім, білік, іс-әрекет, дағды қалыптасады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде «Математика» пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны: теріс емес бүтін сандар арифметикасы; алгебра элементтері; геометрия элементтері деп аталатын үш тараудан тұрады.
Пәнді игертуде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген. Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар» тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.
Бастауыш білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.
1-4 - сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.
Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.
Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.
Математика пәні бойынша 1-сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат.
1- сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы
1 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
-
-
3
3
Өздік жұмысы
-
-
3
3
Барлығы:
-
-
6
6
Жыл стандарты
Математика
бір таңбалы сандар қатарының ретін;
- салыстыру белгілерін (> ,<, =)
қосу және азайту амалдарына байланысты терминдер мен таңбаларды;
қосудағы және азайтудағы нөл мен бірдің қасиеттерін;
қосудың ауыстырымдылық қасиеттерін;
10 көлеміндегі қосу кестесін білуі тиіс;
бір таңбалы сандарды оқи, жаза алуы және салыстыра алуы;
қосу мен азайтуға байланысты берілген өрнектің атауларын білуі;
геометриялық фигураларды атай алуы;
Оқушы меңгеруі тиіс:
бір таңбалы сандарды оқи, жаза алуы және салыстыра алуы;
толық ондықтарды оқи, жаза алуы және салыстыра алуы ;
нөл мен бірдің қасиеттерін пайдаланып сандарды қоса және азайта алуы;
он көлеміндегі қосу кестесін пайдаланып сандарды азайта алуы;
ондықтарды қоса және азайта алуы;
қосу мен азайтуға берілген жай есептерді шығара алуы;
қарапайым санды және өрнектерді құруды, оқуды, жазуды, мәнін таба алуы;
қарапайым теңдеулерді сынап көру тәсілімен шеше алуы;
геометриялық фигураларды бір- бірінен ажырата алуы;
сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшей алуы;
берілген ұзындығы бойынша кесіндіні сала алуы тиіс.
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарын
бағалау критерийлері:
«5» - барлық құрастырылған тапсырмалары дұрыс орындалған;
«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3 өрескел емес қателер жіберілсе;
«3» - 5-ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;
«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателержіберілсе.
Бақылау жұмыстарының көлемі 1 сыныптың екінші жартыжылдығында 35 минутке негізделген және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындап үлгеруі тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:
-бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;
-болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;
-тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;
-оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.
№ 1 бақылау жұмысы.
Тақырыбы: Қарапайым түсініктер.
Мақсаты:
-Оқушылардың осы тақырып бойынша білік білім дағдыларын тексеру.
1 нұсқа.
Сана, барлығы неше фигура бар. Жауабын жаз.
2. Үшбұрыштың сол жағында неше фигура бар? Жауабын жаз.
3.Дөңгелекке қарағанда кем шаршы сал.
4*.Көкке қарағанда ұзын жолақты қызыл түспен,бірақ жасылға қарағанда қысқа жолақты көк түспен боя.
2 нұсқа.
Сана, барлығы неше фигура бар. Жауабын жаз.
2. Үшбұрыштың оң жағында неше фигура бар?жауабын жаз.
3. Дөңгелекке қарағанда артық шаршы сал.
4*.Қызылға қарағанда ұзын жолақты көкпен, көкке қарағанда ұзынырақ жолақты жасылмен боя.
Бақылау жұмысы
( үйрету мақсатымен өткізіледі)
Тақырыбы:10көлеміндегісандар (1-ден 5-ке дейінгі сандар)
Мақсаты: Екі санның қосындысын табуға қарапайым есептерді шығара білу іскерліктерін тексеру;
- бір таңбалы сандардың тізбегін құрастыра білу;
- сандарды салыстыра білу.
1 нұсқа
1. Есепті шығар:
Біржасыл алма және 2 қызыл алманың суретін сал. Барлығы неше алма?
(шешімін жаз)
2.Сандарды салыстыр:
1 * 2 5 * 2
3 * 4 3 * 2
2 * 0 1 * 0
3.Амалды орында:
1 + 2= 4 + 1=
3 + 1= 4 - 1 =
3 - 1 = 5 - 2=
4. Қатардағы түсіп қалған сандарды жаз:
... 1 ... 3 ... 5
... 4 ... 2 1...
5.* 3 үлкен дөңгелектің және одан 2 артық кішкентай дөңгелектің суреттерін сал. Кішкентай дөңгелектер саны қанша?(жауабын санмен жаз)
2 нұсқа
1. Есепті шығар:
2 алмұрт жане 2 апельсиннің суретін сал. Барлығы неше жеміс салдың?
(шешімін жаз)
2. Сандарды салыстыр:
2 * 3 4 * 5
1 * 1 1 * 3
3 * 0 5 * 0
3. Амалды орында:
1 + 1= 1 + 3 =
2 +3 = 2 - 1 =
5 - 1 = 3 - 2=
4. Қатардағы түсіп қалған сандарды жаз.
0... 2 ... 4 5;
5... 3 ... 1 ... .
5. * 5 қызыл дөңгелек және одан 3 кем көк дөңгелектің суреттерін сал. Көк дөңгелектердің саны қанша? (жауабын санмен жаз)
Бақылау жұмысы
( үйрету мақсатымен өткізіледі)
Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандар (6-дан 10-ға дейінгі сандар)
Мақсаты:
-Қарапайым есептерді шығарудағы игерген білімдерін анықтау.
- Қосынды мен айырманың мәндерін есептеудегі дағдыларын зерттеу.
- Кесінділерді салу ұзындықтарын салыстыру дағдыларын анықтау.
- Өлшемдерді салыстырудағы білімін зерттеу.
1- нұсқа
1.Амалдарды орында.
5 + 5 = 10-5= 8-4=
6 + 3 = 9-4= 7+1=
8+ 2 = 8-4 = 7-3 =
2. Кесінді сыз:
5 см кесінді сыз. Осыдан 3 см қысқа кесінді сыз.
3. Салыстыр:(<, >, =)
5+4*4+5 5-3*3+5
3*3-2 8-2*8-3
4. Амал таңбасын тап:
1 8 = 9 9 4 = 5
9 6 = 3 3 6 = 9
2 7 = 9 9 7 = 2
5.Ойлан, тап.
6+1 * 4+2 *
2- нұсқа
Амалдарды орында.
5+4= 10-4= 8-5=
6+ 2= 9-3 = 7-2=
7+2 = 8+1 = 8-2 =
2. Кесінді сыз:
2 см кесінді сыз. Осыдан 4 см ұзын кесінді сыз.
3. Салыстыр:(<, >, =)
9-1*9-2 6+4*6-4
5*5-3 7+3*7-3
4. Амал таңбасын тап:
4 4 = 8 8 1 = 7
5 3 = 8 8 2 = 6
6 2 = 8 8 3 = 5
5. Ойлан, тап.
7-2 * 5+2 *
Бақылау жұмысы
ІІІ тоқсан
Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту
Мақсаты:
Заттарды санау, сандарды жазу және оқу, сандарды салыстыру тақырыптары бойынша алған білімдерін анықтау.
Есепті шапшаң, дұрыс шығару дағдыларын байқау.
Ұзындықты өлшеу және өлшем бірліктерін салыстыру бойынша игерген білім деңгейлерін анықтау.
1-нұсқа
Есепті шығар:
Сәуленің 3 шары бар. Ағасы оған тағы 2 шар сыйлады.Сәуленің барлығы неше шары болды?
Амалдарды орында:
3 + 2= 4 + 6= 5 + 2= 9 - 6=
5 -2= 6 - 3= 8 +1= 10 - 4=
3.Салыстыр(<, >, =)
2 +2 * 2 + 3 7 - 3 * 3 + 2
3 - 2 * 5 - 4 3 + 1 * 3 + 2
4. Кесінді сыз:
Екі кесінді сыз. Олардың айырмасына тең кесінді сыз.
5.Сандар қатарын жаз:
1, 4....
2-нұсқа
1. Есепті шығар:
Нұрболдың 7 асығы бар еді. Ол 2 асығын Ерболға сыйлады.Нұрболда неше асық қалды?
2. Амалдарды орында:
2 + 1= 3 + 6= 8+ 2= 5 + 4=
3- 1= 4 - 3= 9 -3= 6 + 4=
3. Салыстыр (<, >, =)
1 +0 * 0 + 1 8 - 7 * 8 - 6
2 + 3 * 2 + 4 7 - 6 * 7 -5
4. Кесінді сыз:
Екі кесіндіні сыз. Олардың қосындысына тең кесінді сыз.
5. Сандар қатарын жаз:
0, 3 ....
Бақылау жұмысы
( үйрету мақсатымен өткізіледі)
Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. Теңдеу.
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша игерген білім деңгейін анықтау.
1-нұсқа
1. Есепті шығар:
Арман дүкеннен 7 кг алма, 2 кг алмұрт сатып алды. Арман барлығы неше кг алма мен алмұрт алған?
2.Салыстыр.
3 дм * 9 дм
4 дм * 6 см
3.Өрнектерді шығар.
10 -8= 7+3= 9-5=
10- 5= 4+6= 2+8=
4.Кесінді сыз:
Ұзындығы 6 см және 2 см кесінді сыз.Осы кесіндінің ұзындықтарының айырмасына тең кесінді сыз.
5.Әріпті өрнектің мәнін тап:
В - 4, мұндағы в = 10; 7; 5.
2- нұсқа
1.Есепті шығар.
Есен 9 алма сатып алды. Ол 5 алманы досына берді. Есенде қанша алма қалды?
2. Салыстыр.
дм * 4 дм
6 см * 2 дм
3.Өрнектерді шығар.
5+4= 7+2= 7-4=
9-3= 10-2= 10-5=
4. Кесінді сыз:
Ұзындығы 4 см және 3 см кесінді сыз. Осы кесіндінің ұзындықтарының қосындысына тең кесінді сыз.
5.Әріпті өрнектің мәнін тап:
А + 6, мұндағы а = 3; 4; 0
Бақылау жұмысы
IV тоқсан
Тақырыбы:Ондықтармен санау . Әріпті өрнектер.
Мақсаты: Бағдарлама бойынша игерген білім деңгейлерін анықтау. Білім, білік, дағдыларын тексеру. Ондықтарды қосу және азайтуға байланысты алған білімдерін тексеру.
1-нұсқа
1.Есепті шығар.
Жемсауытта 3 қараторғай және 6 торғай отыр, жемсауытта барлығы неше торғай отыр?
2.Амалды орында:
10+40= 20+10= 30+20=
80-50= 30-10 = 50-10=
3.Салыстыр. (<, >, =)
7-3 * 5-3 10-6* 8+2
9-8 * 5+3 5+4 * 6+3
4. Теңдеуді шеш:
а + 5 = 9 х - 4 = 6 3 + в = 7
5. Ойлан, тап:
6; 7; 8 сандарын 2-ге арттыр..
2-нұсқа
1.Есепті шығар.
Табақта 7 алма және одан 3-еуі кем алмұрт бар. Табақта қанша алмұрт бар?
2.Амалды орында:
20+10= 70 -30= 90-20=
60-30 = 40+10= 20+30=
3.Салыстыр.(<, >, =)
3+2 * 4-1 9-3 * 3+2
2-1 * 5+2 10-4 * 3+3
4. Теңдеуді шеш:
Х - 6 = 3 6 + а = 10 8 - в = 5
5. Ойлан, тап:
10; 9;8 сандарын 3-ке кеміт.
</ Жылдық бақылау жұмысы
Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау.
Мақсаты:
Оқушылардың білім, дағды, біліктерін тексеру. Мәселе есепті шығара білу дағдыларын байқау.
Теңдеуді шешу дағдысын зерттеу.
1-нұсқа
1.Есепті шығар.
Сұрақ-жауап сайысында Жәнібек 7 ұпайды,ал Нұрбек 3 ұпай артық жинады.Нұрбек неше ұпай жинады?
2. Шығар:
7+2 9-3 20+40
5+3 7- 1 80- 50
3.Әріпті өрнектердің мәнін тап.
а + 30, мұндағы а = 40,50,0
4.Өрнектердің мәнін салыстыр.
9 + 0 * 9 + 1
60 + 30 * 60 - 30
5.Тиісті сандарды жаз.
10 см = _ дм
20 см = _ дм
6.Теңдеуді шеш.
Х - 6 = 4 50 + х = 90
2-нұсқа
1.Есепті шығар.
Рүстем 9 көшет,ал Жасұлан одан 4 көшет кем отырғызды. Жасұлан неше көшет отырғызды?
2. Шығар:
6+3 10-9 30+ 40
2+5 8- 2 70-10
3.Әріпті өрнектердің мәнін тап.
в - 40, мұндағы в = 90,50,70
4.Өрнектердің мәнін салыстыр.
7 - 0 * 7 + 0
70 + 20 * 70 - 20
5.Тиісті сандарды жаз.
30 см = _ дм
50 см = _ дм
6 .Теңдеуді шеш.
10 - у = 8 х + 40 = 90
Өздік жұмысы №1.
Мақсаты: Оқушылардың қарапайым түсініктер бойынша алған біліміндерін тиянақтап бекіту.
.1.Қай қатарда фигуралар артық болса, сол қатардағы фигураларды боя.
1.2.Түсін, пішінін, өлшемдерін өзгерт.
Нүктелерді қос.
. . . .
. . . . .
Кесінділерді сыз.
2 см .
3 см .
1 см .
2 см .
Өздік жұмысы №2.
Мақсаты: Оқушылардың 1 және 5 сандары туралы алған білімдері бойынша тиянақтап бекіту.
2.1. Цифрға сәйкес фигураларды боя. 1- жасыл түс, 2 - көк түс.
Бос төркөздерге қажетті сандарды жаз.
1
3
4
3
5
1
2
4
5
2
Қосу мен азайту таңбаларын жаз.
1 1 = 2 4 1 = 5 2 2 = 0
3 2 = 5 3 2 = 1 5 1 = 4
2.4. < > = таңбаларын жаз.
0 ... 1 1 ... 0 2 ... 2 3 ... 2
2 ... 5 3 ... 3 4 ... 1 4 ... 5
2.5. Есепте.
3 + 2 = 4 - 3 = 0 + 1 = 2 - 2 =
1 - 1 = 2 + 1 = 5 - 3 = 3 + 1 =
Өздік жұмысы №3.
Мақсаты: Оқушылардың он көлеміндегі сандарды меңгеруін және сандарды пайдаланып түрлі тапсырмаларды орындай алу қабілеттерін тиянақтап бекіту.
3.1. Торкөзге көрші сандарды жаз.
5 6 7 4 5 7 8 6 8
9 9 8 3 5
3.2. Торкөздерге < , > , = таңбаларын жаз.
10 см 6 см 9 см 1 дм 3 + 4 2 + 6
7 см 1 дм 8 см 5 см 7 - 2 9 - 5
Ұзындығы 5 см кесінді сыз. Осыдан 3 см ұзын кесінді сыз.
Сандардың құрамын тап.
Өрнектердің мәндерін тап.
10 - 1 = 4 + 6 = 2 + 8 =
5 + 5 = 8 - 2 = 8 - 3 =
1 + 8 = 9 - 5 = 6 - 4 =
Өздік жұмысы №4.
Мақсаты: Оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастыру арқылы олардың сабақта алған білімін тиянақтап бекіту.
Есепті шығар.
Ыдыста 7 алма және 2 алмұрт бар. Ыдыста барлығы қанша жеміс бар?
4.2.Өрнектің мәні тура болатындай торкөзге сан жаз.
2 + = 5 + 3 = 7 - 7 = 2
5 + = 8 - 2 = 6 10 - = 7
9 - = 3 + 4 = 9 + 3 = 6
4.3. Торкөзге < , > , = таңбаларын жаз.
6 + 4 9 10 - 7 5 10 - 3 4 + 3
8 - 2 7 8 6 + 2 9 - 7 3 + 1
7 - 6 5 5 7 - 5 5 + 5 8 - 3
Атаулардың жанына тиісті фигураларды сыз.
Кесінді сәуле бұрыш
4.5. Төрт тура теңсіздік жаз.
Өздік жұмысы №5.
Мақсаты: Оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастыру арқылы олардың сабақта алған білімін тиянақтап бекіту.
5.1. Тура теңсіздікті көк қарындашпен, тура емес теңсіздікті жасыл қарындашпен айналдыра сыз.
3 > 5 8 < 5 0 > 5
8 < 10 3 > 1 6 < 9
9 > 7 1 > 10 0 < 4
5.2. Есепті шығар.
Аулада 7 қаз және одан 4-еуі кем үйрек жайылып жүр. Қанша үйрек жайылып жүр?
5.3. Теңдеулерді шеш.
5 + а = 9 90 - х = 60 8 - с = 4
5.4. Тиісті санды қой.
2 дм = … см 4 ондық = … бірлік 2 дм + 5 дм = ... см
40 см = ... дм 9 бірлік = ... ондық 70 см - ... см = 3 дм
8 дм - ... дм = 40 см 50 см = ... дм 70 см - 50 см = ... дм
5.5. Тізбекті жалғастырып жаз.
- 6 + 2 - 6 + 7 - 1