7


ҚЫзықты грамматика 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қызықты грамматика

Тақырыбы: Сиқырлы сөздер
Мақсаты: 1- сынып оқушыларына әдепті болуды, сыпайы сөздерді, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сиқырлы конверттер, сюжетті суреттер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.
Қолданылатын әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, практикалық жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз бүгін сендермен « Әдептілік патшалығына» саяхатқа шығамыз. Саяхатымызда әртүрлі аялдамаларға тоқтаймыз. Келесі аялдамаға өту үшін тапсырмаларды орындап кетуіміз керек. Ал саяхатқа біз автобуспен шығамыз.
2. Негізгі бөлім.
1 - аялдама: «Сәлем - сөздің анасы». Бұл аялдамада бізге төмендегідей тапсырмалар берілген, қане соны орындайық.
Сәлем бере білейік! Сахналау.
2 - аялдама: «Кішіпейілділік - кісілік белгісі»
А) Атам менің әманда.
Атам менің әрқашан,
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Ә) Тәрбиелі Мейірімді Бауырмал Кішіпейіл Үлгілі Ұқыпты Сыпайы
3 - аялдама: «Сиқырлы сөздер әлемі»

- Балалар, біз «сиқырлы сөздер әлеміне» келдік.

Ә) «Не деу керек?» әнін хормен орындау.
4 - аялдама: «Үлкенге құрмет - кішіге міндет.»
Мақал - мәтелдерді жалғастыр.
Әдептілік белгісі -
Иіліп сәлем бергені.

Әдепті бала - ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала - ата - анасын қақсатар.
Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
5 - аялдама: «Аулақ бол жаман әдеттен» тыйым сөздер айту.
1. Бүйіріңді таянба.
2. Үлкеннің алдын кеспе.
3. Анаңа ауыр сөз айтпа.
4. Түнде тырнағыңды алма.
5. Босағаны керме.
6. Үйде ысқырма.
7. Табалдырықты баспа.
8. Қолыңды төбеңе қойма.
9. Нанды баспа, бір қолыңмен үзбе.
3. Қорытынды:Балалар, біздің саяхатымыз аяқталды.
- Қандай сиқырлы сөздер естеріңде қалды?
- Әдепті бала қандай болуы керек?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал