7


  • Учителю
  • Вне классное мероприятие ' Прощание с начальной школой' (4 класс)

Вне классное мероприятие ' Прощание с начальной школой' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауышпен қоштасу

  1. Мұғалімнің сөзі:

Көрінетін биіктен асқақ іспен

Баулитұғын білімге жас кішіден.

4 жыл бойы біліммен сусындатқан

Қоштасқалы күн келді бастауышпен.


Бастауышты халық та дәріптеген

«Білім көзі» деген сөз анық деген.

Өйткені бастауышта балаң шыбық

Ең алғаш танысады әріппенен.

-Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыздың бүгін ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Олай болса, 4 «Б» сыныбының бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!


Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда?

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «Б» сыныбын ортамызға.


  1. Оқушылар «Қазақ елім» атты өлеңмен кіреді.

  2. Мұғалімнің сөзі:

Қош келдің деп балдырған,

Күліп шыққан алдыңнан.

Шексіз сеніп ата-ана,

Балаларын қалдырған.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Кәне, ортаға салайық.

Сырым:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға!

Айша:

Армысыздар әжелер мен аналар!

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап, оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай аталар!


Ернұр:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер!

Ю.Аружан:

Балаларға болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздар, қымбатты!

Олжас:

Би биленіп, ән айтылар аспандап,

Бірте-бірте көтерілді баспалдақ.

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңізге

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.

Дана:

Білім деген қауыздан гүл ашылған,

Оған керек таусылмайтын көп шыдам.

Бар білімнің, бар ілімнің атасы

Бастау алар бастауыш сатысынан.


Флешмоб


Арон:

Есіңде ме, мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.

Ш.Аружан:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Айбек:

Әсем бөлме, терезелер жап-жарық,

Қойған дерсің шырақдамнан шам жағып.

Қара тақта, аппақ парта қаз-қатар

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

Сырым:

Әлі есімде отырғаным партаға,

Таңданып кеп үңілгенім картаға.

Жайдары ашық ұстазымның сондағы,

«Түзу отыр» деп қаққаны арқаға.


Айша:

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алып, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.

Ернұр:

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

Мектептің ережесін үйрендік көп.

Ю.Аружан:

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы мен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

Күліп- ойнап біріміз бен біріміз.

Олжас:

Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Дана:

Мектебім - білім берер алтын ұям,

Ержетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арон:

Мектеп біздің анамыз,

Одан білім аламыз.

Ұстаздар жол көрсетсе,

Биіктейді санамыз.

Ш.Аружан:

-Дұрыс айтасың Арон, мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.

Айбек:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр-алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!


  1. «Мектебім» әні.


Арон:

-Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешеңді сыйлаудан басталады.

Мұғалімнің сөзі:

Бала ата-ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата-ананың да еңбегі мол.

Айбек:

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген-дегендей, әкенің орны бөлек.


Ш.Аружан:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым.


Хормен: «Ата-ана, сізге мың алғыс!»


Слайд.Мектептегі өмірлерін бейне арқылы тамашалаңыздар.


Олжас: Ата-аналардың құрметіне танго биі.


Олжас қыздарға гүл береді.

Сырым:

-«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі ұстаз екені бізге мәлім.

Ю.Аружан:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Олжас:

Енді, міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?

Ұстаз - ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат, бір-бір мықты.

Айша:

Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жолы ізгі.

Пана болған, дана болған біз үшін,

Жанымыздан артық дер ек біз сізді.

Дана:

Сіз менің әкемдейсіз, анамдайсыз,

Мен үшін армандайсыз, алаңдайсыз.

Ұстазым, сізден артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансыз.

Арон:Ия, ғұлама, білгіш, ғалымнан,

Ш.Аружан:Оқушы жас жалыннан,

Ернұр:Аса ірі ойшылдан,

Ю.Аружан:Президент, ақыннан,

Айша:Ғарышкер ұлы батырдан,

Олжас:Өнері тасқан актерден,

Дана:Мың бұралған бишіден,

Сырым:Ой тербеткен күйшіден,

Айбек:Оқыған жас-кәріден,

Оқушының бәрінен

Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»


«Ұстазым» әні.

  1. Үш тілде өнер (орыс тілі, француз тілі, ағылшын тілі)


Ернұр (орыс тілі)

Ақ сүтінен ананың ауыздандық,

Ана тілде үйрендім, білім алдым.

Орыс тілі әлемге кең тараған,

Артық болмас бұл тілді біліп алған.


Орыс тілінде тақпақтар.


Песня «Учитель»


  1. Айша (француз тілі)

«Бонжу» деп бүгін,

Амандасар бәріңмен.

Француз тілі мен болам,

Достастырар өзге ұлтпен.


Французша тақпақтар.


«Утята» биі.

  1. Дана:)(ағылшын тілі)

«Үш тұғырлы» тідің бірі ағылшын,

«Гүдмони» деп амандасфп мен тұрмын.

Ағылшынша сайрап бүкіл әлеммен,

Ұғыстырар, достастырар мен тілмін.



2 «К» сынып оқушыларының музыкалық сыйын тамашалаңыздар.

«Испан» биі.


  1. Қоштасу сөздері.

Сырым:

Келіп едік бақшадан қол ұстасып,

Барлық бала ұстазбенен достасып.

Сезбей қалдық 4 жыл қалай өткенін,

Міне, тұрмыз бастауышпен қоштасып.

Айша:

Есіңде болар, мектепке алғаш білім ашқаның,

Үрке қарап, есігін білім ашқаның.

Сол білімнің бұлағына шомылтқан,

Ұстаздарды ұмытпағын, достарым!

Айбек:

Біз бүгін бастауышпен қоштасамыз,

Жолына гүлмен бірге жыр шашамыз.

Ұстаздың бар үмітін ақтау үшін,

Сенімменен болашаққа нық басамыз.

Дана:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4-ші сыныбым,

Түстей болып міне бүгін артта қалды.

Олжас:

Шәкірттер сізді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Ю.Аружан:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз шәкірт, біз Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Арон:

Дәнекер боп дамыл таппай арада,

Білім нәрін сусындатқан санаға.

Ұстаздарым сіздерге алғыс айтамыз,

Үйретуден жалықпаған балаға.

Ш.Аружан:

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сізден түлеп ұшамын мен.

Үйреніп әрбір ел тілінен,

Шет елдерге шығамын мен.

Ернұр:

Білім бар, білім десең баста піскен,

Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.

4 жыл бойы саялы мекен еткен

Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Сырым:

4 жыл міне сезбей қалдым өткенін,

Ұстазыммен өтіпті 4 көктемім.

Мектеп сенің бұлағыңнан сусындап,

Ұстаз сіздің ақылыңызбен көктедім.

Айша:

Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім,

Бойым өсіп, ойым толып, түледім.

Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін,

Боламыз енді жоғары сынып түлегі.

Айбек:

Бір ұядан түлеп шыққан құстармыз,

Жақсылық пен адалдыққа құштармыз.

Еңбек пенен тіршілікке сән беріп,

Достық туын әр кез биік ұстармыз.

Дана:

Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,

Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.

Қош айтысып соңғы рет осы жерде,

«Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз.

Олжас:

Бастауыш бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рақметімді жаудырамын.

Ю.Аружан:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым, бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Арон:

Барлық білім бастауыштан басталған,

Алғыс саған үлкендер мен жастардан.

Рақмет сізге алғаш ұстаз апайым,

Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.

Ш.Аружан:

Риза болшы ұстаз қауым ардақты,

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,

Бастауышты орта буын жалғапты.

Ернұр:

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


«Туған жер» биі


Шәкірттерге:

Шәкірттерім

Әрқашан жарқын болсын көңілдерің,

Ар болсын, таза болсын пейілдерің.

Ұстаздық жүрегінен тілерім сол,

Жайнасын, нұрға толсын өмірің!

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз ерелік құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз-дей отырып құттықтау сөзін гимназия директоры Ардақ Қалымбекқызына беріледі.


Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңғы ол бір биік құз бен шың.

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың,-дей отырып, ата-аналарға сөз берейік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал