7


  • Учителю
  • Жетім. Мұхтар Әуезов ашық сабақ 4 сынып

Жетім. Мұхтар Әуезов ашық сабақ 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Жетім. Мұхтар Әуезов.

Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру; бұрынғы оқыған шығармаларын еске түсіре отырып, ой-өрісі мен сөздік қорларын кеңейту; дұрыс түсініп оқуға үйрету, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: Мұхтар Әуезовтің суреті, мақал-мәтелдер, плакаттар, кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? 2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. кіріспе.«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес» - деген екен Мұхтар Әуезов.

Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеуші, драматург және қоғам қайраткері. Ол Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына орасан қызмет сіңірді. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы - ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған шығармалары да баршылық, мысалы: «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Әңгіме қалай басталады? Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім? Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген? Сол тұсты тауып оқы. Қасымның әжесінен айрылған кезде жоқтау айтып жылаған сөзін мазмұнына сай ырғақпен оқы.

3. Сөздік жұмыс. Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік. Қаға беріс - шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.

4. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? Сенің көз алдыңа нелер елестеді? Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің? Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің? 2. Табиғат пен баланың көңіл күйін суреттеуде қандай байланыс барын мәтіннен тауып, мына кестені дәптеріңе толықтырып жаз.

Табиғаттағы өзгеріс

Баланың көңіл күйі

1. қалың қара бұлт

2. бұлт жиі-жиі күркіреп,күн жарқылдайды;

3. ымырт жабылып, қас қарайған шақта ...

1. жалғыз жаяу бала

2. түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп

3. жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп...


Ү. Қорыту. Әңгіме бойынша құрылған мына жоспарды оның мазмұнына қарай қайта реттеп жазып шық.

Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала. (4)

Қасымның әжесінен айырылуы. (1)

Тау ішіндегі қорқыныш. (3)

Иса мен Қадишадан көрген қорлығы. (2)

ҮІ . Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал