7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: «Туған жерім - Атамекенім»

Тәрбие сағаты: «Туған жерім - Атамекенім»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған жерім-Атамекенім.
Мақсаты: Оқушылардың атамекен,туған жерді қорғай білу,Отанын сүйе білу туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

-Атамекенді туған жерді қадірлей білуге,атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру.

-Қазақстанның рәміздерін құрметтеу,атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;
-Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)

«Шаттық » шеңбер:

Бір шаңырақ астында,

Қазақстанда тұрамыз.

Бірге сайран құрамыз,

Бір үйде біз тұрамыз.

Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Туған жерім-Атамекенім» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Абылай:

Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.

Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,

Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

Балнұр:

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,

Өлең айтып, ән де бүгін шырқалар.

Абылай:

Елімнің атын айтсам- Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!

Қойнауы қазынағы толған мекен,

Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Балнұр:

Қазақстан -бабамнан қалған мұра,

Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демесем болар күнә.

Абылай:

Естігенде көк аспанның астында,

Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.

Бар қазақтың үніндей шарықта,

Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Оны айтуға, жас ұлан, жлықпа.

ӘНҰРАН орындалады.


Елжан: 1986 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.

Тілек:

Әр сөздің астарына осы арады,

Ағайын ой жібере жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке- дара!

Өмірің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен

«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бізге өз еліне.

Ақнұр: 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

Әли:

Алтың заңда парасатым, пайымым,

Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың,

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Жанель:

Қуаң халқым, күшіне енді «Тіл заңы»

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілменен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.

Мейрам:

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп,

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

Нұрғиса:

Ұшқыш батыр ағаның,

Өнегесін аламын.

Аспан үстін шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

1991жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.


Оқушы: ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.

1- оқушы.

Алматы- жері жайсаң облыс,

Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,

Атырау-мол қазақстан мұнайы,

Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.

Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.

Қарағанды-қара алтынның қоймасы.

Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,

Қызылорда-күрішті сыр сағасы,

Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.

Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар- қара Ертістің саясы,

Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.

Ақмола- Арқада ыстық алқабы,

Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.


Көрініс «Әке мен бала».


Атамекен сөзін шығару

Топқа бөлу


Атамекен өлеңінің жолдарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.


Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазагымның алақаны деп білем

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен..


Сынып үш топқа бөлінеді.

1 - ші топ « Атамекен».

2 - ші топ «Жерұйық».

3 - ші топ «Достар».

Сайыстың шарты.

1. Уақытты үнемдеу.

2. Бір - біріне кедергі жасамау.

3. Ұйымшыл болу.


Топтар орнынан тұрып.

1) Топ ұранын айтып.

2) Өздерін таныстырады.


«Атамекен» ұраны:

Айналайын, Атамекен,

Қойнауыңда жатады екен.

Жыр - толғауы бабалардың,

Сағынышпен саған жетем!

«Жерұйық» ұраны:

Жерұйығым туған өлкем,

Сені ғана сыйлап өтем.

Керегі жоқ басқа Отанның,

Сенің орның алабөтен!

«Достар» ұраны:

Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.


Мұғалім:

Топтарға тапсырма беру.

- Балаларымыз сайысқа шығып өздерінің қиялының ұшқырлығын,ойының байлығын дәлелдеуге келіп отырған үш топқа тапсырма беру.


«Жүреміз, ойланамыз» әдісі

1-тапсырма

Өз тобының атауына байланысты өлең құрастыру. /Топ басшысы сол өлеңді мәнерлеп оқып беру/

2-тапсырма

Туған өлке жайлы сурет салады.

3-тапсырма

Мақалды жалғасын тап...


Рефлексия


Оқушылар Қазақстанға деген тілектерін жапырақтарға жазып, жапсырады.


Ән айту



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал