7


  • Учителю
  • Конспект урока по самопознанию 'Отбасындағы өнеге' 3 сынып

Конспект урока по самопознанию 'Отбасындағы өнеге' 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан»
Мақсаты:1. Білімділік«Отбасы» құндылығытуралытүсініктердіотбасытуралыұғымдардыкеңейту, онысүйебілугеүйрету.2. Дамытушылық. Ата - анажәнебалақарым - қатынасынөзарабайланысынқалыптастыру, отбасыныңнегізіөмірдіңұйытқысы, киеліқасиеткеиеболусыры,отбасытәлімініңмәнітуралытүсініктердікеңейту;3.ТәрбиелікОтбасытәрбиесініңмән - маңызынашыпкөрсетеотырып, ұлттықсалтты, дәстүрдітүсініп, құрметтеугебаулу, алдағыөміргедаярлау.
Сабақ түрі: Тренинг
Әдістері: Пікір алмасу, психологиялық жаттығулар, психологиялық минут, анкета, сұрақ - жауап, тыныштық сәті.
Қажетті құрал - жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы. Слайд.

Тренинг барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Таныстыру ойыны
3. Психологиялық минут.
4. Ой жинақтау. Тапсырма орындау.
5 «Отбасындағы тәртіп» ойыны
6. Тыныштық сәті
7. «Ашығын айтсам» анкета
8. Қорытынды.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата - аналар! Бүгінгі тренинг сабаққа келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.
Қазір мына жерде тұрған үш түрлі стикерлер бойынша топқа бөлінейік.
« Танысу» жаттығуы
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Олай болса әрқайсымыз өзіңіздің есіміңізге сын есім қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті кезекпен айтып шығыңыз.
Психологиялық минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдіңіз? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл күйімізді айтамыз. Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге қарап жымиямыз.
Ой жинақтау
1тапсырма
Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата - ананың ең маңызды міндеті.

Кіріспесөз
«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу»яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.
Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол - оның өмірінің жалғасы. Менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?

Тыныштық сәті

Гүл құрастыруға шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) балалар орындарынан тұрып, гүл күлтешелерін жинайды.Солгүл күлтешесінде жазылған мақалдардың мәнін түсіндіріп гүл құрайды. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді


Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.

Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.



Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.

Ой қозғау

1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмасада балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? т. б


Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық - қатігездікке, адалдық - арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал