7


  • Учителю
  • Табиғат - адам өмірінің негізі

Табиғат - адам өмірінің негізі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Табиғат- адам өмірінің негізі Мақсаты: 1)Табиғаттың алуан сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға баулу. 2) Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін, жүктей отырып табиғат деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.

3) Табиғатқа ұқыпты қарап, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Баяндамалар, суреттер, музыкалық әуендер, ұлағатты сөздер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірталас Барысы: 1. Ұйымдастыру 2.Жаңа сабақ. - Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге сұрақ қойып көрейін.Сол сұраққа жауап іздеп көрейік. -Жүрекке жылы, көңілге қонымды, терең мағыналы сөз.Онсыз адам баласына өмір жоқ. Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі.Бір сөзбен айтқанда адам да сол атаудың бір бөлшегі,- мұны не деп ойлайсыңдар? -Табиғат. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан қоршаған орта мен адамның жеке дара тіршілік етуі мүмкін емес.Сондықтан әр адам табиғатты аялап, сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екендігін ұмытпауымыз керек. Ата бабамыз: Жер -қазына, су-алтын, мал-байлық деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тамағымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып ластанбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса,жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен қатар ең ұлы қамқоршысыекенін естен шығармауы тиіс.Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын тәрбие көзі. Бүгінгі тәрбие сағатымызды « Табиғат -адам өмірінің негізі» деп алып отырмыз. Біз жан -жағымызға қарап, оңымыз бен солымызды танитын жасқа келдік.Сондықтан да табиғатты қорғауға деген көзқарасымызды қалыптастырып, өз қолымыздан келген қол ұшымызды беруге атсалысайық дегім келеді. Оқушылардың табиғат туралы баяндама, өлеңдерін тыңдайық. 1. Баяндама (Шектібай Ақжібек)

1 оқушы: Бекзат Ш 2оқушы: Данияр Атамекен жанға жайлы сая бау, Ар алдында күнә болар табиғатты аямау. Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың Туған жердің табиғатын аялау.

3 оқушы:Мадияр 4 оқушы: Дана Қ Жер -ана- біздің тұратын, демалатын, тәрбиеленетін мекеніміз. Құстардың қалай әндетіп, өзендердің қалай сылдырап ағатынын естімей өскен, күннің шапағына, қызығына қарамаған, күзде ағаштардың сан түске боялғанына таңырқамаған ұрпақтың ой-өрісі тар, қиял-сезімі қанатсыз болады. 5оқушы: Айдана « Табиғи байлықты игеріп, дүлей күшін жеңдік» деп жүріп өзімізге -өзіміз қастандық жасадық. 1949 жылдан Павлодар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қаруды жарып, сынақ жүргізілді. Жарылыс кезінде бөлінген улы заттардан адамдар әр түрлі ауруларға ұшырады.

Мұғалім сөзі : Шынында да 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат жетіде отты доп көз ілестірмес жылдамдықпен ұшып келіп жерге қонып, қайтадан аспанға қарай ұшады. Сол мезетте қолқаны жапқан қолаң иіс, жасыл желекке жамылған айдаланы қара түтекке бояп кетті. Жүгіріп бара жатқан тышқан, қосаяқ, кесірткелер жүгірген күйінде қатып қалған. Бұл сынақтың жүргізілетінін ешқандай ескертпеген. Соның салдарынан бүгінгі таңда Туа біткен аурулар, онкологиялық аурулар, тыныс жолдары аурулары, жүрек -қан тамырлары аурулары айықпас дертке айналды.

6 оқушы: Мирас Өмір қымбат қашан да әрбір жанға, Оны қорғау борышың елің онда. Кешегі бір жылдарда айналыпты Қазағымның даласы полигонға.

7 оқушы: Аружан Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

8 оқушы: Ақниет Үйеңкі ,қайың, қарағаш, Самырсын , емен, қарағай. Өседі бәрі аралас Бақшада өскен баладай. Қаулап өскен ағаштар, Жеміс-жидек сайда да. Хош иіске елітіп, Тынып қалған айнала

9 оқушы: Айша Табиғаттың тамаша туындыларының бірі хайуанаттар. Халқымыз ежелден -ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп ойлаған. Олар далаға ажар берген ақбөкен, ән мен сәннің иесі бұлбұл, су аруы аққу.

Мұғалім сөзі: Қазақ халқы табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстарды аялағаны соншалық сонау ашаршылық жылдарының өзінде үйдің іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқын құсына да, жүгірген аңына да ешбір зиянын келтірмеген.Көшпенді халық жиі-жиі жаз бойы қоныстарын ауыстырып, сол қоныстанған жердің топырағы тозбасын, өсімдігі өлмесін, шабындығы жапырылмасын деген оймен әрбір билер халықты жаңа қоныстарға алдын ала бағыт беріп отырған. Арал теңізі ,Балқаш көліне сипаттам беріп кету.

Көрініс: «Аққудың киесі»

10 оқушы: Аңсар Тиме аққуға! Мендейлердің атын ал, түйесін ал, Тиме аққуға, аққудың киесі бар. Мендейлердің затын ал, биесін ал, Тиме аққуға, аққудың киесі бар.

2көрініс: Құстарға қамқорлық

11 оқушы: Диас Құстар тойын жасаймыз, Қуанамыз тойлаймыз. Ұя жасап ұқыптап Біз оларды қорғаймыз.

3 көрініс: Тосын сый

12оқушы: Баянсұлу Кешкілік пе, күндізбе, Өсіп тұрған гүлді үзбе. Туған жерді далаға Тастағалы жүрмізбе? Үзіп алсаң сенбір гүл, Үзіп алсам мен бір гүл. Не қалады сиқынан Қызыл-жасыл жердің бұл. Әр көрініс бойынша оқушылардың пікірін тыңдау.

13 оқушы: Анар «Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме !-деп, Ұрсушы еді менің анам күйгелек. «Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын, Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп. «Ұя бұзба! Бұзба деймін балама, Өсиетің қандай ғажап, жан ана! Тал теректі тамырынан қиятын Тас жүректер әлі де көп арада. Бұзба дейді Аспан түгел , Жер түгел! Сол өтініш анамды еске келтіріп. Анам болып ұлы Отаным сөйлейді, Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!

14 оқушы: Құралай 15 оқушы: Бекарыс 16 оқушы:Мөлдір

Жағдаяттан шығу

1.Біздің ауылымызда қоршаған орта, ауа неліктен ластанады, -деп ойлайсыңдар?

2.Қазақстанның, ауылымыздың экологиясын жақсарту үшін не жасар едіңдер.

3.Адамдардың ауыр жұмыстан, табиғаттың зардап шегуінен қандай аурулар пайда болуда?

4.Егер сен әкім болсаң не жасар едің?

Біз табиғатқа зиян тигізбес үшін үлкендер біздерге көптеген тиым сөздер айтып жатады. Кім қандай мақал-мәтел, тиым сөздер біледі?

Табиғат туралы тиым сөздер айту.Мақал мәтелдер айту

Ал балалар, біз табиғат туралы көптеген мағлұмат алдық. Өз пікірімізді ортаға салдық.Адам -табиғаттың бір бөлшегі десек, құстар да сол табиғаттың жаратылысы, адамның досы деп жатамыз. Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуінің бірінші, екінші әріптерінен сөз құрастыруымыз керек.

Қорытындылау 1.Жасыл орман желекті, Оның күтіп баққаны. Тоқылдатса теректі Құртын қуып жатқаны. (тоқылдақ)

2.Мойыны сұрақ белгісі, Бұл қандай көл құсы? (аққу)

3.Ұшады қалықтайды, Сайраудан жалықпайды. (бұлбұл)

4.Қыран құс (ителгі)

5.Қар түсті қарқылдақ, Ұшып-қонып жалпылдап. Қоқыстарды шоқиды, Жем іздейді там-тұмдап. (қарға)

6.Кеудесі қайқаңдап, Жүреді байпаңдап. (қаз)

7.Бантигі бар басында, Бір құс жүр үйдің қасында. (тауық)

Т а б и ғ а т





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал