- Учителю
- 'ҒЫлыми-зерттеу мәдениеті' атты авторлық бағдарлама
'ҒЫлыми-зерттеу мәдениеті' атты авторлық бағдарлама
«Бекітемін» ОIЖ бойынша директор
Мектеп директоры ________ орынбасарының келісімімен:______
К.А.Бейсембаева М.А.Баймаханов
Зеленобор мектеп-гимназиясы
Авторлық бағдарлама
«Ғылыми - зерттеу мәдениеті»
Бастауыш сынып мұғалімі
А.Е.Султанова
2015-2016 оқу жылы
Түсінік хат
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту - оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі - білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс - табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері пайдаланылады:
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсету, қосымша мағлұматтар беру.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасау және сұрыптау.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу. 4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау.
5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
1) Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ;
2) Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;
3)Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы;
4) Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
5) Жұмыстың көркем безендірілуі.
Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми -зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты.
Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін :
- мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;
- зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;
- зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;
- зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;
- шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау;
- оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек. Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады.Ғылыми сипаттама беруді үйренеді.Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп,танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.Ал біздің кішкентай білгірлерімізді қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда.
Негізгі мақсаты: Балалардың қабілеттерін, таланттарын жан-жақты аша түсу.
Міндеттері:
Дарындылықты қандай да бір сынақтан өткізу сияқты әдіспен анықтау мүмкін емес. Бала бойындағы дарынды біртіндеп анықтау қажет.
1) түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалауды кешенді түрде ұйымдастыру;
2) баланы танып-білу үшін оның түрлі жағдайдағы іс-әрекетін ұзақ уақыт зерттеп бақылау;
3) баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтар мен түрлі іс-шараларға қатыстыру);
4)Бала бойындағы дарынын дамыта отырып, психологиялық "кедергілерін" жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
5) оқушының бойындағы қандай да бір дарынды жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту арқылы оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;
6) жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-аналардың сараптамалық бағалары, баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-әрекетін бағалаумен байланысты психодиагностиканың эксперименттік маңызды әдістеріне сүйену.
Әдістері: бақылау, эксперимент, ақпаратты жинау және іздеу.
Тақырып таңдауға көмекші нұсқау
-тақырып мүмкін болатын жағдайларда жүзеге асатындай болуы тиіс. Бұл таңдалған тақырып бойынша құралдар мен әдебиеттердің қолжетімділігі болуы
-таңдалған тақырыпқа оқушы да, жетекші мұғалім де бірдей қызықса өте жақсы.
Зерттеу нысаны - зерттелудің бүгігі күнгі көкейтестілігі және аз зерттелгендігін сипаттайтын проблема, процесс, құбылыс.
Зерттеу болжамы
Гипотеза - ежелгі грек тілінен аударғанда «болжам» дегенді білдіреді, әлі айтылмаған, дәлелденбеген, болжамдық, болуы мүмкін, тәжірибемен дәлелденбеген дүние.
Күтілетін нәтиже:
-ғылыми жұмысқа жол ашады;
-сөз қорлары молайып, тілдері дамиды;
-өз бетінше ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеті жетіледі;
-рухани байып, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытады;
-шығармашылық-интеллектуалдық қабілеті жоғары тұлға қалыптасады;
-өздігінен ізденушілік қабілеті артады;
-өзіндік көзқарасы қалыптасып дамиды.
Ғылыми-зерттеумен айналысатын оқушымен бірлесе отырып, мынадай үлгідегі жұмыс жоспары құрылады:
Зерттеу- шінің
аты-жөні
Сыныбы
Зерттеу жұмысының
тақырыбы
Жүргізілетін жұмыстар
мазмұны
Өтетін
мерзімі
Абстракт
Кіріспе
І Негізгі бөлім
ІІ Зерттеу бөлімі
(Зерттеу нысанының түрлері, ерекшеліктері, қасиеттері.)
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Пікір
Бұл тақырыптық жоспарлау 4-сыныпқа арналған
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
№
Тақырыбы
Сағат саны
Жұмыс бөлігі
1
Ғылыми-зерттеу деген не?
2
Оқулықтар, ғаламтормен
жұмыс
2
Ғылыммен қалай айналысуға болады?
1
3
Ғылыми-зерттеу тақырыбын таңдау
1
Әңгіме жүргізу
4
Ақпараттық қорлардың түрлері және жұмыстары
2
Топтық жұмыс
5
Зерттеудің социологиялық әдістері
3
Әңгіме, интервью, сауалнама, сұрақ-жауап және т.б
6
Ізденудің тиімді жолдары
1
Ғаламтормен жұмыс
7
Газет және журналдармен жұмыс
2
Газет,журналдардан мәліметтер жинақтау
8
Оқулықпен жұмыс жасау ережелері
2
Оқулықтардан керекті материалдарды жинақтау
9
Түсініктеме, рецензия, жоспар, конспекті, тезистерді құрастыру ережелері.
6
Түсініктеменің, рецензияның, жоспардың, конспекттің, тезистердің құрастыру
10
Жоба құрылымының әдістемесі
2
Жобамен жұмыс жасау
11
Кіріспе: жобаның жазылу ережесі.Тақырыптың өзектілігі,құрылымы, сипаттамасының дұрыстығы.
2
Жоба тақырыбы,оның өзектілігі,құрылымы бойынша жұмыс жасау
12
Жобаның негізгі бөлімімен жұмыс.Тараулардың құрылымы.Жобаның тілі мен стилі.Мәтіндегі сілтемелер.Қысқартулар.Жобаны рәсімдеу, талдау.
2
Жобаның негізгі бөлімі бойынша жұмыс жүргізу.
13
Power Point бағдарламасымен жұмыс
2
Power Point бағдарламасымен таныстырып,жұмыс істеу
14
Жобаның тақырыбы бойынша сөз сөйлеуге әзірлеу.
2
Оқушылардың дауыс ырғағына, дикциясына, үзілісіне көңіл бөлу
15
Презентация жасау
2
Презентация жасауға үйрету
16
Жобаны қорғау.
2
Жобаны қорғағанда өзін еркін сезінуге үйрету.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан мектебі №5 2012 жыл
2.Қазақстан мектебі №4 2011 жыл
3.Қазақстан мектебі №4 2008 жыл
4.Бастауыш мектеп №12 2011 жыл
5.Бастауыш мектеп №4 2012 жыл
6.Қазақстан мектебі №10 2011 жыл
7.Р.С.Омарова «Шығармашылық ізденіске жетелейді»
8.Б.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары»
9.М.Жұмабаев «Педагогика»
10.Қ.Жарықпаев. «Психология»
11.Бастауыш мектеп №9 2003 жыл
12.Т.Шамова «Активизация учения школьников»
13.А.Макаренко «Педагогикалық шығармалар» 1958 жыл
14. Гаев П.А. и другие. Научно-исследовательская деятельность школьников. Сборник статей и материалов. - Пенза, 2001.