7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Баубек Бұлқышев 'Ана' 4 сынып

Сабақ жоспары Баубек Бұлқышев 'Ана' 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Ана»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. Ана мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқытуға жаттықтыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
3. Ананы құрметтеуге, оған деген махаббаттың тіл жеткісіз болуына тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: СТО технологиялары, «ой қозғау» стратегиясы, «топтастыру» , талдау, бес жолды өлең.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Ән, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері».
Сыныптас біз ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп
Тек жақсылық ойлаймыз.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыз ба, қонақтар!
Амансыз ба, ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Сендерді көргенімізге бізде қуанамыз, балалар, көңіл - күйлерің қалай? - Жақсы.
Онда сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы өткіземіз деп сендерге сенемін. Сәттілік тілеймін!

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
«Оқу - жазу» орталығы (кітап)

«Музыка» орталығы (домбыра)

«Бейнелеу» орталығы (акварель)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңі жатқа сұралады.
2. Автор орындығы . «Ана тілім - тірлігімнің айғағы» тақырыбында жазып келген әңгімелерін оқу.
Үй тапсырмасын бекіту:

Ғафу Қайырбеков кім?


ІІІ. Жаңа сабақ


Жұмбақ шешу .
«Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған -
Бұл кім? Ана!
- Ана - бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен.

Баубек Бұлқышев «Ана»
- Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіңдер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған - Ана. Бала - ананың бауыр еті дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің боршын өтеуге тырысады.
Автор өміріне шолу



Оқулықпен жұмыс.



  1. Мәтінді өзім оқып берем.

  2. Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту. Оқыту кезінде түртіп алу жүйесі бойынша түсінбеген сөздерді қарындашпен белгілеу.

  3. Іштей оқып жұпта талқылап, талдау жұмыстарын жүргізу.


Топтастыру

ақылшым

аяулы жан мейірімді жан

қамқоршы Ана деген кім? Жарық өмір

сыйлаушы

пана дос қстаз


Ана тілі қандай?


Жылы сөз еркелей сөйлеу мейірімге толы сөзі

Айналып толғанғаны

Баласын жақсы Ананың Балаға жүрек

көруі махаббаты жылуы

Еркелей сөйлеуі


- Бала жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейді?

- Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөз бар?

жұбанбай

Уанбай жылай береді

еш нәрсеге көнбейді


адам

Жан саналы адам

тіршілік иесі


Сергіту сәті


- Дүниеде не қымбат? (Ана)

- Ана неден қымбат? (бәрінен)

Ананың аялы алақанына, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін жалпақ дүниеден де үлкен.

-Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (құндаұта жатқан кезден)

Сөздікпен жұмыс.

Құндақта- жаялыққа оралған сәби.(нәрестелік шақ)


Дәптермен жұмыс


Шығармашылық жұмыс.
«Оқу - жазу» орталығы. Ана туралы бес жолды өлең.
«Музыка» орталығы. Ана туралы ән айту.

«Бейнелеу» орталығы. Анаңа беретін сыйлықтың суретін сал,
тілек жаз.


ІV. Сабақты қорытындылау



V. Сабақты бекіту
Балалар көктемнің алғашқы күндерінің бірінде қандай мереке бар?
- 8 наурыз. Аналар мерекесі

Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақ болып келіп отырған ұстаздар - аналар. Мектепте ұстаз, үйде - ана. Ол кісілерге қандай мерекелік тілектерің бар?

VІ. Кері байланыс

Өте жақсы. Жақсы. Ұнамады.


VІІ. Үйге тапсырма.

1.«Ана» мәтінін түсініп оқу, жаттау.

2.«Менің анам» тақырыбында эссе жазу.

VІІІ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал