7


  • Учителю
  • «Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекеттерін қалыптастыру» Баяндама

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекеттерін қалыптастыру» Баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Арқалық түзеу мектебі КММ





Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекеттерін қалыптастыру».



Дайындаған: Әбжан С.Т.

2015-2016 оқу жылы.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде,оның қажеттілігі мен танымдық белсенділіктері және мүмкіндіктері басты назарда.Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету,орнына келтіру,дамыту-педогогика жүйесіндегі басты мақсат. Өз тәжірибемде баланың жалпы жетістіктеріне ықпал ету үшін,ақыл-ойы кем баланың танымдық белсенділігін дамытуда ойын құралдарына негізделген оқытудың сапасын жақсартуды көздедім.Балалардың танымдық әрекеттін белсендендіру,бұл белгілі бір факторлардың әсерінен болған ойлау және білімді игеру үрдістерінің жеделдетілген ағыны. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Танымдық белсенділік ақыл-ойы кем балалар танымының қажеттілігі мен қызығушылығын,сабақтың түрі мен мазмұнын,ойын технологиясы арқылы «үйрету» үрдісін басқаруда педогогтың өнері және оның эмоционалды ахуал жасау іскерлігін ынталандырады.Ал,мұның барлығы ойын мен ойын тәсілдерін жақсы қамтамасыз етеді.

Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.

Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету.

Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты»Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.

- Бір жылда неше ай бар?

- Қандай жыл мезгілдерін білесің?

- Жайлау табиғаты қандай? т. б.

Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты - мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар деңгей бойынша: 1 - топ - күз ерекшеліктерін, 2 - топ - күздегі еңбек, 3 - топ - табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.

Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.Оқушының математика сабағында танымдылық қабілетін дамыту. Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең келгенде күнде дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:

- Жылдың бесінші айын ата.

- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Көз адамға не үшін керек?

- 99 пен 100 арасында қандай сан бар?

- Есік қандай геометриялық фигура?

Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады.

Қорыта келе, оқу сапасын арттыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. Ағартушы-қайраткер А.Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай» дейді. Ал Л.Н. Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде: «Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген.

Олай болса, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып- үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз - алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж

2. Бастауыш мектеп №3, 4 2010ж

4. Қазақстан мектебі, Алматы №8 2003ж

5. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы «Аруна» 2006ж

6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1 2006ж





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал