- Учителю
- 4-сынып қазақ тілі пәнінен 'Қыстырма сөз' тақырыбына сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі пәнінен 'Қыстырма сөз' тақырыбына сабақ жоспары
Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Мақсаты: Қыстырма сөз туралы білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу; Сөздік қорларын молайту; өзіндік жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: көркем суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үйтапсырмасынтексеру: 65-жаттығу.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Қатты, сабырлы.
ІІІ Оқулықпен жұмыс
а) 68-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтырып жазу.
Біз, шынында, байқамай қалыппыз.
Меніңше, Сара мәреге бірінші боп жетеді.
Мұражайға, сірә, ертең барармыз.
Бәсе, өзім де осылай болар деп ойлап едім
Сірә сөзіне фонетикалық талдау жаса.
б) 70-жаттығуда- Сөзжұмбақты шешу.
1.БАЙҚАЙМЫН
2. АҚЫРЫНДА
3.ҚЫСҚАСЫ
4.АЙТПАҚШЫ
5.ШЫН Ы НДА
6.СІ Р Ә
7. МҮ М КІН
8.АМАЛ Қ А НША
в) «Кім жылдам» ойыны. 69-жаттығуда қыстырма сөзді табу.
Сатылай талдау
1
Авторы
М.Шаханов
2
Тақырыбы
Достық өлкесінің заңы
3
Жанр түрі
Өлең
4
Идеясы
Адал дос
5
Шумағы
3
6
Тармағы
12
7
Бунағы
11-12
8
Ұйқас түрі
а-б-а-б
9
Өлеңнің тәрбиелік мәні
Досы үшін арашаға түсу, нағыз дос болу.
Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «100теңгең болғанша, 100 досың болсың» т.б.
Г) 71-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сен де өз досыңмен сыңға түс. Өз ойыңды жеткізуде менің ойымша қыстырма сөзін пайдалаң.
д)Көркем сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланыпәңгіме құрап жазу.
ІҮ Бекіту: 1. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен қысқаша сұрап шығу.
Ү. Үйге тапсырма қыстырма сөздерді қатыстырып, «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыру.