- Учителю
- Әліппемен қоштасу ертеңгілігі 'Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті Әліппе!'
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі 'Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті Әліппе!'
Тақырыбы: «Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті Әліппе!»
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Музыка ойнайды (Құрманғазының Сарыарқа күйі ойнайды)
Мұғалім: Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменнен аспанға жол салынар.
Армысыздар ата - аналар, ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың басталуы,
Балғын шақты балалар!
Нұржан: Ассалаумағалейкум, уа, халайық!
Азиза: Армысыздар, ата- аналар, ұстаздар.
Нұржан: Көз салып қараңызшы бойыңызға
Азиза: Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Нұржан:Хош кепсіз, ұстаздар, ата- аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Азиза: Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар ата- аналар!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім берген ғаламның,
Әліппесін меңгерген.
Нұржан: Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Азиза: Өтті оқу сан - сабақ,
Бүгін міне салтанат
Оқулықпен достаспақ
Әліппемен қоштаспақ.
Ой - білімі жаңғырмақ
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың!
Нұржан:
Әліппені бітірді балаларың,
Әліппеден нәр алған даналарың.
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың!
Азиза: Құрметті ұстаздар мен ата - аналар!
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңданар, таңдай қағар.
Нұржан: Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз!
Жансаяның орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.
Азиза: вальс биі(Мәди,Дильназ,Мақсат,Айзада,Айдос,Айдана, Нұрболат,Аяулым)
1-оқушы: Ұлбала
Келгенде алғаш мектепте,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе.
2-оқушы: Айша
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің ,Әліппе!
Азиза: Аминаның орындауында «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар
Нұржан: Шығады мың бұралып Назар биші,
Өнерді Назар сүйген бәрің сүйші.
Қыздары біздің топтың бәрі өнерлі,
Шығады арасынан әнші, күйші.
Күй: Айша
Азиза: жігіттер биін қарсы алыңыздар
3- оқушы: Қызкенова Дильназ
Рахмет сізге, Алтын Зекеновна,
Үлгі алып сізден шығамын.
Бар білімді жиып ап,
Жалқаулықты жығамын.
Рахмет сізге, мұғалім,
Сыйламау сізді - күнә мың.
Қарыздармын мәңгілік,
Жаныңды қайтсем ұғамын.
Азиза: Нұржанның орындауында «Ұстазға мың алғыс» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Мұғалім ол біздің» Нұрлан мен Дениздің орындауында
Азиза: Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
3- оқушы: Камила
Әріптерді меңгеріп,
Әріптерді таныған.
Құтты болсын тойымыз,
Келгенде алғаш мектепке.
Азиза: Аружанның орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
Нұржан: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын айтындар.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не? (ӘЛІППЕ)
Оқушылар хормен: «Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті ӘЛІППЕ!»
ӘЛІППЕ
Менің атым Әліппе,
Мені әпкеңдей дәріпте.
Мені оқытып ер жеткен
Апаң мен ағаңда,
Әкең менен анаңда,
Шопан, биші, ұстазда,
Ғарышкер де аспазда,
Барлық, барлық жақсы да
Әріптерден басталған.
Құрметті балалар, әліппе тойларың құтты болсын!
Хор: «Рахмет саған Әліппе» (хор)
Әліппенің ойыны: балалармен.
Азиза: Айнұр мен Фаризаның орындауында «Армансыз күнің болмайды» әнін қабыл алыңыздар.
Азиза: қыздар биін қабыл алыңыздар.
Әліппе:
Ризамын балалар,
Меңгердің бар әріпті,
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер.
Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.
Кір шалмасын қабақты,
Ақ жол болсын балалар.
Күнделіктерің беске толсын.
Ана тілі шашу шашып келеді.
Ана тілі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Хормен: «Қош келдіңіз, Ана тілі»
Ана тілі:
Балалар әліппемен қоштасу, ана тілімен достасу тойларың құтты болсын!
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ана тілің - құралың,
Ана тілің - ұраның,
Ана тілің болмаса,
4-оқушы: Ерсұлтан
Ана тілі - ұраным,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
5-оқушы: Сания
Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер,
Тілімізді ширатар
Ана тілі - данамыз!
Нұржан: Балалар осы біз қандаймыз?
-талабы биік таудаймыз. (Айзада)
-мың бұралған бишіміз. (Жанель)
-күмбірлеген күйшіміз. (Айша)
-біз қызықпыз, қызықпыз, (Арман)
сәл еркелеу бұзықпыз.
-біз шеберміз. (Айдана)
-біз ақылдымыз. (Е.Дильназ)
-үлкенге ізетті, кішіге қамқормыз. (Нұрсұлтан)
-көп оқимыз. (Жансая)
-біз қазақ елінің болашағымыз. (хормен)
Азиза: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық
Республикалық «Күншуақ» би фестивалінің Гран при жеңімпаздарының орындауындағы биді қабыл алыңыздар. Амина, Жанельдің биін тамашалаңыздар.
Нұржан: Парасатты ер жігіт,
Ақылымен іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекледі!» деп шіркінге,- Нұрланның өнерін тамашалайық
Ана тілі:
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Арман: Ата, ата, ата берші бата!
Нұржан: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Азиза:
1.Сөз кезегін мектеп директоры Бекбай Азимбайұлына және Алтын Зекеновнаға береміз.
2.Ата - аналар:
Флеш моб:
Нұржан: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата -ана.
Тойларыңыз тойға ұлассың, ағайын!
Мұғалім:
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман - есен болыңдар.
Хор: Атамекен