7


  • Учителю
  • Экологиялық ойын 'Не? ҚАйда? ҚАшан?'

Экологиялық ойын 'Не? ҚАйда? ҚАшан?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:

  1. Таным қызығушылықтарын арттыру, дүниетану пәні бойынша алған білімдерін кеңейту. Туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру

  2. Логикалық ойлауын,тілін, есте сақтауын, зейінін, сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту;

  3. Туған табиғатын сүйе білетін, қорғап сақтай алатын экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеу;


Көрнекіліктер; тапсырма салынған конверттер, жануарлар суреті, ойындар, команда атаулары жазылған қағаздар.


І. Ұйымдастыру

Ойынның тақырыбын және мақсатын хабарлау.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушылар. Бүгінгі сынып сағатымыз ерекше болмақшы. Ол экологиялық Не? Қайда? Қашан? атты интеллектуалды ойын түрінде өтеді. Өздерің көріп отырғандай ойыншыларымыз 3 топқа бөлінген. Олар өздерінің тапқырлықтарын және дүниетану пәні бойынша алған білімдерін көрсете отырып, өзара бір-бірімен достық қарым-қатынаста жұмыс істей алатындықтарын көрсетеді.


Өздеріңіз көріп отырғандай ойынға қатысушылар үш топқа бөлінген. Бұл топтардың атын әр топқа жұмбақ жасыру арқылы анықтаймыз.

  1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен (Су)

  1. Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбес өзі түгіл қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе дағы

Демалу үшін керек адам баласына (АУА)

  1. Қара өгізім қашаған,

Қашып шықса, қашадан,

Долданады, сүзеді,

Түймелерімді үзеді. (Жел)


Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.


Енді ойын шарттарын тыңдап алайық.

Ойын 8 раундтан тұрады.

  • Әр конверттерде тапсырмалар, яғни жануарлардың хаттары берілген.

  • Ойыншылардың ойлануына 3 мин беріледі.

  • Сұрақты талдап болған соң, топ капитаны немесе өз жауабына сенімді ойыншы жауап береді.

  • Сендердің жауаптарыңды әділқазылар бағалайды.

Ал енді ойынымызды бастайық. Барлық ойыншыларға сәттілік тілеймін!


І РАУНД «Жасыл дәріхана деп аталады.

-Орманның өте кемеңгер қожайыны бурыл Аю сендерге тапсырмаларын жазып хатын жіберген екен. Сол хатында сендерге бірнеше сұрақтар қояды. (Ойлануға 3 мин)


ІІ РАУНД «Орман жидектері» деп аталады.

-Кеша атты тотықұс сендерге өз хатында ормандағы достар туралы 3 жұмбақтан жасырады. Осы жұмбақтарды шешіп жауабын табыңдар. (2 мин)


ІІІ РАУНД «Сипаты бойынша жануарды тап» деп аталады.

-Әдемі, сұлу Түлкі әпкеміз сендерге өте қызықты тапсырмасын жіберіпті. Жануарлардың сипаттамасы бойынша қай жануар екенін табу керек. Әр топқа 2 сипаттау мәтіні берілген. Сол сипаттау мәтіні бойынша қай жануар екенін тауып алыңдар. Іске сәт, достар.(3 мин)


ІV РАУНД Дыбыстық үзіліс

-Бұл жерде сендерге өз тапсырмасын қорқақ Қоян жіберіпті. Ол сендерге әртүрлі жануарлардың дыбыстарын ұсынады.Тыңдаған дыбыстарыңнан ненің дыбысы екенін ажыратып қағазға сол жануардың атын жазыңдар. (5мин)


V РАУНД Экологиялық есеп

Бұл жерде сендермен сайысқа түсетін аң патшасы Арыстан. Ол командаларға экологиялық есептер шығаруды ұсынады.(5мин)


VІ РАУНД Блиц-турнир деп аталады. (Сұрақ-жауап) (8 мин)


VІІ РАУНД «Джунгли шақырады»

Бұл тапсырмада әртүрлі жануарлардың суреттері берілген. Сендер сол суреттерге қарап, сол жануарлардың қимылдарын келтірулерің керек. (5 мин)


VІІІ РАУНД «Халық даналығы»

-Бұл жерде сендермен сайысқа түсетін ақылды, дана Үкі дегенқұс. Үкі сендердің табиғат туралы мақар-мәтелдерді қаншалықты білетіндеріңді білгісі келеді. (5 мин)

Қорытынды бөлім

Осымен ,балалар біздің сайысымыз аяқталды. Әділқазылар жарыстың қорытындысын шығарғанша мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Командаларды марапаттау


1 - топ

«Жасыл аптека» тапсырмалары


2 - топ

Сен жөтеліп қалдың. Сенің жөтеліңді емдеуге қандай дәрілік шөптер көмектеседі?



(өгейшөп, түймедақ,жалбыз)


Қолың жарақаттанғанда немесежәндік шағып алғанда қай өсімдіктің жапырағын сол жарақаттанған жеріңе басуға болады?



(Жолжелкен жапырағын)

Жолда келе жатқанда сенің аяғыңды аяқ киімің қажап тастады. Ауырғанын қандай шөптің көмегімен басуға болады?



(Жолжелкен жапырағын

ауырған жерге басу керек)



«Сипаты бойынша жануарды тап»



Бұл жануар өте тәкаппар құс. Өзінің ұясын құздың ең биік шыңына салады. Көк аспанда қалықтап ұшып, өз қорегін іздейді. Қиядағыны көзі шалады. Егер жерден жемтігін көрсе, аспаннан сорғалап келіп тырнағымен бүре түседі. Бұл қандай құс?



(Бүркіт)

Экологиялық есеп

Бір қайың тәулігіне 40 л су ішсе, осындай екі қайың ағашы 80 л суды қанша уақытта ішеді.



( 1тәулікте)



Блиц-турнир сұрақтары

1. Адамның өмір бойы өсетін мүшесі -мұрын

Адам бойындағы ең күшті бұлшық ет-тіл

3.Мүйізі бар орман жануары-бұғы

4.Қыста ағаш өсе ме?-жоқ

5.Крокодилдің майының түсі қандай? - жасыл


Қалақайдың қандай пайдасы бар?



Оның құрамында С,В,А витаминдері көп және оны тамақ ретінде пайдаланады.



Бұл жануар екі құлағы тікірейіп ескі бұтаның түбіне таң ата келді. Сол жерде отырып,, жан-жағына мазасыздана құлақ түре отырып, ақтеректің, жас талдың бұталарын кемірді. Тойып алып, айналсоқтап, секіріп-секіріп,, бұтаның жел жағына жата қалып, ұйқыға кетті. Бұл қай жануар?



(Қоян)



Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақ жесе, 3 тәулікте қанша жапырақ жейді?



(90 жапырақ)

1.Кит қандай жануар? --сүтқоректі

2.Аңдар жуына ма? -иә

3.Өрмекшінің неше аяғы бар? -сегіз

4.Дельфин қалай ұйықтайды? Бір көзін ашып

5.Кене қорексіз неше жыл тіршілік етеді? 10жыл

«№ 33 орта мектебі» КММ


(Экологиялық ойын)

2 «Б» сыныбы











Өскемен қаласы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал