7


  • Учителю
  • Классный час «Аяулы ана, ару қыз»

Классный час «Аяулы ана, ару қыз»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО, Семей қаласы

«18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы



Тәрбие сағаты: «Аяулы ана, ару қыз»

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.

Мұғалім:

Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жаймашу ақсәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі - 8 НАУРЫЗ ортамызға келді!

Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар, аяулы аналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!

Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

- Бүгінгі «Аяулы ана, ару қыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

  1. жүргізуші: Жанерке

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Аналарға айтар лебізі

Армысыңдар әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың

  1. жүргізуші: Назерке

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Ана тойын бастайық

Осы тойға арналған

«Аяулы ана, ару қыз» сайысын бастайық

Аналар мен ару қыздарымызды ортаға шақырамыз. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. жүргізуші: Жанерке

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстыру

2-жүргізуші: Назерке

І-кезең. "Сәлем - сөздің анасы".

Қатысушылар бір-бірден шығып ортаға өздерін таныстырады.

  1. жүргізуші: Жанерке

II-кезең. «Шебер қолдар»

Қыздарымыз инемен жіпке бисер өткізеді. Оларға 1 минут өткізеді. Аналарымыз ою ойып, ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсырады.

2-жүргізуші: Назерке

IІІ-кезең. "Дастархан мәзірі".

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

(бұл сайыста номер жазылған тапсырмаларды аналар аласыздар да, бұл тағамның құрамын табуларыңыз керек, ал аруларымыз үйге берілген тағамдарын таныстырады)

1-жүргізуші: Жанерке

IV-кезең. «Сәнді киім, шаш үлгісі»

Аналарымыздың қолдан тіккен киімдері мен шаш үлгілерін тамашалау

2-жүргізуші: Назерке

V-кезең. "Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар"

Ал, аналар, арулар сұраққа қалайсыздар,

Сіздер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ол, сан қилы, сан сауалдан,

Дұрыс жауап берсеңіздер жарайсыздар

(Тақтаның оң жағында аналарға арналған гүл, сол жағында аруларға арналаған гүлжапсырылып тұр, күлтелердің артына тапсырмалар жазылған, соларға жауап берулеріңіз керек.)

1-жүргізуші: Жанерке

VI-кезең.«Өнерлі өрге жүзер»

(Аруларымыз аналарымен бірге өз бойларындағы өнерлерін көрсетеді)



Мұғалім:

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті, аналарымызбен арулар 6 кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті.Ал қазір әділқазылар алқасы ұпайларды санап, өз шешімдерін айтқанша, 2 «Ә» сынып оқушыларының аналарына арналған тартулары мен сыйлықтарын қабыл алыңыздар

Хор: «Анашым»

Хор: «Сенің анаң алтын»

Ал енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал