7


Урок по теме Жаңа жыл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл»

Мұғалім: Құрметті ата аналар, ұстаздар ,оқушылар алда келе жатқан Жаңа жылы 2016 жылы құтты болсын.Әр отбасыларыңа денсаулық,табыс береке тілеймін.Оқушылардың жаңа жылдық мерекесін тойлауға қош келдіңіздер.

О, жарандар, қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Тыңдамағандар тыңдаңыздар

Қызықтаңдар, сайрандаңдар,

Келді, міне , сағындырып далама

Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып

Кәне, кәне келіңіздер

Бір би салып беріңіздер!

Маскарадым басталды,

Би билеңдер, ән салып

Мейрамдаңдар , сайрандаңдар

Жаңа жылды қарсы алып



Аружан:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды

Нұрила:

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы Жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып

Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақыру.

Ән: «Жаңа- жыл »

Еркеш:

Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды

Ән: «Әнші балапан»

Досан:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жылболсын

Ақжол:

Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым

Құтқа орансын кең байтақ дархан далам

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат, ашық аспан, таң шапағын

Шәкәрім:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Ән: «Аппақ қар»

Кәусар:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Үніасыл:

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Шұғыла:

Жаңа жыл, жаңа қадам, жаңа бағыт

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне жатырмыз қауқылдасып

Райаз:

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары

Он екіні күтер қалмай тағаттары

Ғасырдың он алтыншы жылы келді

Құстай ұшып қырау шалған қанаттары

Арсен:

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Би: «Вальс»

Жангелді:

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де

Диас:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Ақниет:

Оралдың өлкеме

Жаңа-жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың

Ағланна:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын Жаңа жыл

Тимур:

Жаңа-жыл, Жаңа-жыл

Жаңа жылда- жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр

Би: « Батырлар»

М.Арсен:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп, сағынған

Кел, балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Нұрдәулет:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Ән: «Қарлығаш»

Сұлтан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Төребек:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп

Урок по теме Жаңа жылУрок по теме Жаңа жыл

</ Урок по теме Жаңа жыл







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал