7


  • Учителю
  • Шығарма Ана-қасиетті есім 3сынып оқушысы Қаби Жанер

Шығарма Ана-қасиетті есім 3сынып оқушысы Қаби Жанер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің 3ә сынып оқушысы Қаби Жанердің жазған шығармасы.

АНА- қасиетті ЕСІМ!!!

Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам - асыл ана. Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де - «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл - ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Анам әруақытта мені қолдап отырады. Өз парызыңды өтеу, бұл - ана алдындағы парызды өтеу.. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Ана! Әрбір адам осы керемет күмістен қапталып, алтынмен апталған Ана деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Ана - адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан.Асыл да қымбат аналардың орны әрқашан да бөлек. Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді.Құрметті менің достарым әруақытта анамызды ренжітпейік, аналарымызды тыңдайық дегім келеді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал