- Учителю
- Шешендік өнер Бабалар сөзі-даналық көзі 3 сынып
Шешендік өнер Бабалар сөзі-даналық көзі 3 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: шешендік өнер | |||
Күні: |
Сынып: 3 | ||
Сабақтың тақырыбы: |
Бабалар сөзі-даналық көзі | ||
Сабақтың мақсаты:
|
Халық даналығы сөздерімен оқушыларды таныстыру. | ||
Міндеттері: |
1.Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету. 2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту. 3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. | ||
Күтілетін нәтиже: |
Сөздің мағынасын аша алады.Берілген тапсырмаларды орындайды.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады. | ||
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Жаңа тәсілдер, Диалогтық әдіс. Жұптық, топтық жұмыс. Зерттеушілік әңгіме.Түрткі сұрақтары,қайта бағыттау сұрақтары. | ||
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы |
Қабілеттері әртүрлі оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар. талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген, дамытушы тапсырмалар, | ||
Үйрену барысын бағалау |
1.Өзін - өзі бағалау. 2.Өзара жұптық бағалау. 3.Топтық бағалау. | ||
Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта, ноутбук, флипчарт, үлестірмелі бағалау парақтары, стикерлер
| ||
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин |
Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. «Мақалды тап» жаттығу арқылы сыныпты топқа бөлу
|
Оқушылар өз міндеттерін орындайды. «Мақалды тап» жаттығуы арқылы топқа бөлінеді. Мақалдар мағынасын ашады. | |
Жаңа сабақ кезеңдері «Білу» (Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек ) |
-Бүгінгі сабағымызда ата-бабамыздың айтып кеткен өсиеттері туралы әңгімелейтін боламыз. -балалар, ата-бабамыздың бізге тастап кеткен қандай асыл сөздері бар? -Ертегілер, нақыл сөздер, аңыз әңгімелер, жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал -мәтелдер,шешендік сөздер, батырлар жыры. -Өте дұрыс. -Енді біз осы бабаларымыз қалдырып кеткен өсиеттеріне қысқаша тоқталып өтейік.
|
Оқушылар ата-бабамыздыздың асыл сөздері тураллы өз білетіндерін ортаға салады. Өздерінің қосымша білгендерін айтады.
| |
«Түсіну» ( Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады) |
Бірінші асыл мұрамыз-Ертегілер Екінші асыл мұрамыз-нақыл сөздер мен шешендік сөздер. Үшінші асыл мұрамыз-аңыз -әңгімелер. Төртінші асыл мұрамыз-жаңылтпаштар. Бесінші асыл мұрамыз-жұмбақтар. Алтыншы асыл мұрамыз-мақал-мәтелдер. Жетінші асыл мұрамыз- батырлар жыры. |
Жаңа мәліметпен танысады. | |
Сергіту сәті
|
«Көңілді күн» музыкалық қимылды сергіту жаттығуын орындату
|
Музыкалық қимылмен бірге жаттығуды орындап шығады. | |
«Талдау» (салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек) |
Бабаларымыздан қалған асыл мұраларды жұптық жұмыс түрінде беремін.Өздері жұпта таңдаған асыл мұралар туралы не біледі. Қағазға түсіріп қорғайды. |
Оқушылар таңдаған тақырыптары бойынша қағазға ойларын түсіріп, қорғайды. | |
«Жинақтау» ( қорытынды шығар, тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береі) |
«Мақалды жалғастыр» жаттығуы Топтар бір-бірімен мақалды бастайды келесі оқушы аяқтайды.
|
Әр топтан бір-бір бала айтады. Ең қызықты, ең пайдалысы ортаға салынады. | |
«Қолдану » ( оқулықпен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалары) |
Нақыл сөздерде берілген теңеулерді теріп жазуға тапсырма береді
|
Нақыл сөздердегі теңеу сөздерді теріп жазады | |
«Бағалау. Жоба қорғау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдайларды шеше білуге бағытталып беріледі) |
-Сонымен балалар, «Бабалар сөзі-даналық көзі» дегенді қалай түсіндіңдер?
|
Сабақты қорытындылай отырып, сұрақтарға жауап береді. | |
Рефлексия 2 мин |
Бүгінгі сабақта не ұнады? Бүгінгі сабақта не ұтымды болды? Қандай ұсынысыңыз бар?
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. | |
Бағалау 2 мин |
1Өзін - өзі бағалау. 2.Өзара жұптық бағалау. Топтық бағалау.
|
Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Жұптық бағалау жүргізеді.Топтар бір-бірін бағалайды.
| |
Үй тапсырмасы 2 мин
|
Бабалардан қалған асыл сөздердің өздеріне ұнағаны туралы толық мәлімет жазып келеді |
Күнделіктеріне жазып алады. |