7


Жанды және жансыз табиғат.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ : №

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік сала

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.

Мақсаты: 1.Жанды табиғат,оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.2.Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қаблеттерін дамыту.3 Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:табиғат,жасыл әлем,тау,тас,су,тұман,құм,жаңбыр,жел.

Іс-әрекет бөлімдері

Дидактикалық ойындар

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру


Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңберге тұрғызып,бір-біріне тілектер айтқызу.

Балалар бір-біріне күлімдеп қарап,жұмсақ ойыншық жүректі ұстап жақсы тілектер білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.



Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:



Сабақты қорытындылау:


Тәрбиешінің әңгімесі:

-Біздер балалар қызықты да,қыр-сыры мол ғажайып

Әлемде өмір сүріп жатырмыз.Айналаға қарасаң,бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз,олар:неше түрлі әдемі ғимараттар,жолдар,көпірлер,ұшақ,

жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су,ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан жатады,

оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

Табиғаттың бір бөлігіне азық та,су да,киім де қажет емес,олар-тау-тас,ауа,ғаламшар,яғни жансыз табиғат.

Ал енді бір бөлігі тыныс алады,өседі,қоректеніп көбейеді,яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады.Жанды табиғатқа адам,өсімдік,жануар жатады.

Балаларға әр жыл мезгіліне байланысты суреттер көрсетіледі.

Жанды және жансыз табиғат арасында қандай байланыс бар?

Көлдің беті кілегей,

Жер сап-сары бірегей.

Тырау-тырау тырналар

Түстікке бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.



Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту.

Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп,аттарын атау.



-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

-Жанды табиғатқа нелер жатады?

-Олардың айырмашылығы неде?

Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттен атап көрсетіп,ол жөнінде түсінгендерін айтады.



Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.

Көрсетілген суреттерге мұқият қарай отырып,жанды,жансыз табиғаттың байланысы туралы әңгімелейді.



Өлең жолдарын хормен айтып,қимылмен көрсетеді.



Жансыз табиғат өспейді,көбеймейді.

Жанды табиғат көбейеді,өседі.

Сұрақтарға жауап қайтара отырып,алған білімдерін бекітеді.



Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.

Білуі тиіс: жансыз және жанды табиғатқа нелер жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білу: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір-бірінен ажыратып көрсету.

Сабақ : №

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік сала

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Мақсаты: 1. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.2, Отбасы мүшелерін атай білуге және олрмен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.

3. Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болйға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:әке,ана,ата,әже,аға,іні,әпке,сіңлі.

Іс-әрекет бөлімдері

Дидактикалық ойындар

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту



Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті:



Қорытындылау



«Бізде былай,ал сіздерде ше?» ойыны

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз

Ғажайып сәт.

Қонаққа қуыршақ келеді.

Е.Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқып беремін.

-Өлеңде кімдер туралы айтылған?

-Оларды бір сөзбен не деп айтамыз?

-Сендерде отбасы бар ма?

-Олар кімдер?



1.Балаларға ата-анасын,ересектерді тыңдап,кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.



2.Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін оқып беремін.

-Өлең не туралы?

-Өлең кімдер туралы?

-Оларды неге теңеп тұр?



Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш болып ұшайық.

Бір отырып,бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық.

4.Әліппе дәптермен жұмыс.

5.Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер.2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.



-Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?

-Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?

-Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?

Шеңберге тұрып,өлең жолдарын қайталап,қимылмен көрсетеді.



Қуыршақпен амандасып,

қуана қарсы алады.

Өлеңді мұқият тыңдайды.



Әке,ана,апа туралы.



Отбасы.



Бар.

Әке,ана,апа,аға,әжә,ата.



Балалар мұқият тыңдап,өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Өлең бес саусақ туралы.

Әке,шеше,ата,әже,бала.

Бес саусаққа.



Өлең жолдарын хормен қайталап,қимылмен көрсетеді.



Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді,әңгімелейді.



Ойынды қызыға орындайды.

Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже: Отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.

Білуі тиіс: Отбасы мүшелерін:ата-әжесі,ата-анасын,бауырларын құрметтеу керектігін,есейгеннен кейін ата-анасына мқамқорлық жасап,көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.

Түсінігі:Бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балалары жақындастыратынын түсіну.

Көрсете білу:Сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

Сабақ : №

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік сала

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Экологиялық белгілер.

Мақсаты: 1. Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру.2. Экологиялық белгілермен таныстыру,оларды естеріне сақтау.3. Табиғатты қорғауға баулу.

Сөздік жұмыс: жас өндір,қайнар көзі, т.б.

Іс-әрекет бөлімдері

Дидактикалық ойындар

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баларладың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлетсіңдер ме,балалар?

Ғажаып сәт:

Қонаққа қуыршақ келеді.

Өлең жолдарын қайталап,қимылмен көрсетеді.

Қуанышпен қарсы алады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Сергіту жаттығуы

Дәптермен жұмыс



Сабақты қорыту


1.Балалар барлығымыз бірге балабақша ауласына серуенге шығамыз.



2.Табиғатқа байланысты халық болжамдарын беремін,ал сендер мұқият тыңдаңдар сосын үш дауыста қайталау арқылы жаттаймыз.



3.Жылдың әрбір мезгіліне сәйкес,табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді байқау арқылы өмірге келген халықтық болжамдар туралы айтып беремін.



Қыс қарлы болса,жаз жаңбырлы болады.

Қыс аязды болса,жаз ыстық болады.

Тұман түссе күн жылынады.

АКспанда жұлдыз көп болса,күн суытады.

Жаз жауынды,күз жылы болса,қыс ұзақ болады.

Қайыңнан аққан шырын көп болса,жаз жаңбырлы болады.

Түтін аспанға тік көтерілсе,аяз болады.



Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

1.Экологиялық белгілермен таныстыру.

2.Сурет бойынша балалардың әрекеттеріне пікірлерін білдірту.

3.Тыйым сөздерді оқытып,мағынасын түсіндіру.

4.Суретшінің қатесін тапқызу.

«Халық айтса,қалт айтпайды» деген мақалды хормен қайталатып,мағынасын түсіндіру.


Серуенге шығады.



Халық болжамдарын қайталап айту арқылы жаттайды.



Мұқият тыңдап өз ойларымен бөліседі.

Халық болжамдарын тыңдап,өз ойларына түйіп алады.



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Табиғат құбылыстарын бақылап көрсетеді.



Халық болжамдарын қайталап,мағынасын түсінеді

Күтілетін нәтиже: Халық болжамдарын қайталату арқылы табиғаттың ғажайып сырын түсіне білу,сөздік қорларын дамыту.

Білуі тиіс:Туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдарын білу.

Түсінігі:Табиғи құбылыстардың бір-біріне әсерін,байланысын түсіну.

Көрсете білу.Халық болжамдарын өз тәжірибелерінде бақылау жасау арқылы көз жеткізу.


Сабақ : №18

Күні:13.01.2014.

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.

Мақсаты: 1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп,қоршаған ортаны қорғау,оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің қаруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.

3.Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: Сындырылған ағаш,саны сиреп бара жатқан жануарлар,өсімдіктер.

Іс-әрекет бөлімдері

Ойындар

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту



Ізеністер.

Ұйымдас

тыру

Сергіту сәті



Дәптермен жұмыс

Сабақты қорыту

«Қызыл кітап» ойыны.

Шарты:

Тақтаға бүркіт,қызғылт қаз,т.б. жануарлардың суреттері ілінеді.Балаларға оларды қорғау шараларын айтады.

Шаттық шеңбері:

-Армысыз,қайырлы Күн!

-Армысыз,Аспан ата!

-Армысыз,мейірімді Жер-Ана!

-Армысыз,шұғылалы Алтын күн!

Ғажайып сәт.

1.Қызыл кітап туралы түсінік беру:

-Қызыл кітапқа сирек кездасатін,жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан,сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.Жойылу қаупі төнген,саны сиреп бара жатқан түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп,көбейту шаралары қолға алынған.Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар:барыс,ілбіс,қоңыр аю,бүркіт,дегелек,т.б.Ал өсімдіктерден қызғалдақ,сексеуіл,т.б.

Адамдар көбінесе кейде түсінбей,кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан,оған қалай болса солай қарайды.Сыңсыған орманның орныныдағы жанған түбірлер,су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер,ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер-осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.



Көбелек те,гүл де бір

Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт.

Саңқылдаған саз әні,

Көлде құстың базары.

-Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарларға назар аударайық.

-Қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?

-Келесі беттегі құстарға көңіл аударайық.

-Қызыл кітапқа енген құстарды тауып,оларды бояу керек.



-Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады.Адамды табиғаттан,табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды.Ьабиғаттың жері мен суы,орманы мен тасы,жануарлары мен төсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады.Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап,күте білуіміз керек.Аяусыз сындырылған ағаш,жұлынған гүлдер,ұясы бұзылған құстар,қоқыс салынған лас сулар көбейіп барады.Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау-әрбір адамның тікелей парызы.


Балалар өлең жолдарын қайталап ,бір-бірімен амандасады.



Балалар баяндалған әңгімені тыңдап,сұрақтар қояды.

Суреттерден жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді көреді.



Өлеңге қосылып,сергіту жаттығуын орындайды.



Суреттегі жануарларды мұқият қарап,аттарын атайды.

Қызыл кітапқа енген құстарды тауып бояйды.



Балалардың үлгі жауабы:

-Бүркіт құсының саны азайып барады.Сондықтаноны қорғауға алу керек.Бүркітті атуға,оның ұясын бұзуға болмайды.

Күтілетін нәтиже:Туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс:Табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы.

Түсінігі:Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Көрсете білу:Өз өлкелерінде мекнедейтін жануарларға қамқорлық көрсету,өсімдіктерді күтіп-баптау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал