- Учителю
- 'Қош бол, сүйікті әліппе' сыныптан тыс іс-шара 1-сынып
'Қош бол, сүйікті әліппе' сыныптан тыс іс-шара 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қош бол, сүйікті әліппем»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау. Өнерлерін, білімдерін көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу. Ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліппе, ана тілі мұқабасы, шарлар, нақыл сөздер.
Мұғалім: Құрметті ата-ана, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «Г» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Ортаға 1 «Г» сынып оқушыларын шақырамыз.
Әліппені бітірді балаларың
Әліппеден нәр алған даналарың
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың!
-дей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз.
Олжас: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Нұрай: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалімі: -Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын.
-Іші толы әліппе
Білімдегі жарық не?
Балалар: Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат
Әліппені ортаға шақырайық.
Балалар: Әліппе,Әліппе, әліппе!
Бақытнұр: Менің атым - Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен
Ағаң менен әпкеңде.
Армысыздар жас достар
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Әліппе: -Балалар, сендер қандайсыңдар?
Балалар: -Талабы биік таудаймыз.
Шеберміз
Ақылдымыз
Білімдіміз
Біз қазақ елінің болашағымыз?
-Қазақ тілінде неше әріп бар? 42
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге.
-Қандай?
-Дауысты, дауыссыз.
-Дұрыс , балалар, ортаға А,Ә,Б әріптерін шақырайық.
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Осылардың сыры неде түсінші.
А-деген ол аналар ғой ардақты
Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі.
Біздін елде үшеуі де кәделі.
Рауан: Кане бері қарайық
Зейін қойып тыңдайық
Әліппемен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Меруерт: Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштын мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Тамдыбек: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекте
Үйреткен оны әліппе.
Ерсұлтан: Әліппе деген - алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән, бимен шашу шашылсын
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Би: «Қара жорға»
Мұғалім: -Балалар, әліппе сендерді жазуға, оқуға үйретті. Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: Біздерге білім үйреткен
Әліппе саған рахмет!
Хормен: «Әліппе» әні
Медғат: Әліппені бітірдім
Жаза аламын атымды
Әліппені бітіріп
Бала болдым ақылды
Әсем: Қош бол, құтты әліппем
Көп нәрсені үйреткен
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеткен.
Алдияр: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп, шықты міне, балаңыз!
Ән: «Жалқаубек» Асылхан Нұрай.
Би: «Біздің жігіттер»
Мұғалімі: Балалар, сендер әліппемен ғана дос болған жоқсындар, сонымен қатар қандай негізгі пәнді оқыдыңдар?
Математика.
Әрбір санды даралап
Қойып берсен бізге енді
Айтып берер саналық.
Сандарды ортаға шақырамыз.
10 бала санамақ әнін айтады.
«Өзбек» биі Сүлейман Анель
-Балалар , бізді осындай күнге жеткізіп бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелерімізге, аталар мен әжелерімізге мың алғыс!
Аяжан: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Сәлімтай: Ақыл құйған санама
Күннен де артық расында
Күн-алыста, ал-анам
Ылғи менің қасымда.
Ата-аналар құрметіне, әрқашанда үйлерінізде той болсын деген ниетпен «Той бастар» биін Гүлнұр қызымыз тарту етеді. Қабыл алыңыздар!
Арай: Қош бол, құтты әліппем
Тіл тұсауын кестің сен
Аяаулы апам болып сен
Айыбымды кештің сен
Айбек: Өзім оқып кітапты
Жалынбадым ағама
Қуанды апан оқудан
Алған бестік бағама
Жарқын: Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен!
Керімұлы: «Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы
Әдемі: Келгенінде алдына
Қызыл арай гүл алып
Жақын тартың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып
Хормен: «Мұғалім ол біздің».
-Балалар, бізді оқуға, жазуға үйреткен сүйікті әліппемен қоштасайық.
Хормен: Қош бол, сүйікті әліппем!
Әліппе: Сау болыңдар, балалар. Мені ұмытпаңдар. Ана тілін жақсы оқыңдар!
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Қолға енді қандай кітап аламыз?
Хормен: Ана тілі
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін!
-Бүгінгі кеш әр үйдің
Той басы деп саналар
Ырым етіп соңдықтан
Ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар!
«Кітап-білім бұлағы» дегендей, ата-аналар балаларға кітап силайды.
-Ертеңгілік соңында мектеп басшыларына сөз беріледі. Ата-аналар ақ тілектерін айтады.