- Учителю
- Тәрбие сағаты балаларды өз отанын сүйуге, еліміздің рәміздерін қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында жасалған
Тәрбие сағаты балаларды өз отанын сүйуге, еліміздің рәміздерін қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында жасалған
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік:туған жерін бағалай білуге баулу, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Елбасы суреті, ҚР рәміздерінің суреттері, Астана қаласы туралы фотосуреттер, авторларының суреттері.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық сәт.
Сәлеметсіңбе шуағын төккен күн?
Сәлеметсіңбе жер Ана?
Сәлеметсіңбе қамқорлы көк аспан?
Сәлеметсіңбе мейірімді достарым?
Кіріспе әңгіме.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Отан деген не?
- Отан дегеніміз біздің еліміз, туған туыс, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Енді біздің балалардың Отан туралы тақпақтарын тыңдайық.
Әли:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Әлішер:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Болатбек:
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
- Балалар, біздің ұлтымыз кім?
- Біздің ұлтымыз қазақ.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы деп аталады.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Сергіту сәті.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
Астана қаласының фотосуретімен жұмыс.
-Бас қала қай қала?
- Бас қала - Астана қаласы. Біздің елордамыз - Астана қаласы.
- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
- Тудың түсі қандай?
Мемлекеттік ту көгілдір түсті. Ортасында алтын күн орналасқан. Күн астында қалықтаған қыран құс бейнеленген. Шетінде ұлттық өрнек бар.
Қорытынды: Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтейік.