7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз к мен г

Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз к мен г

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дауыссыз к мен г

Мақсаты

Мақсаты:

а) Оқушыларға К мен Г дыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретіні туралы түсіндіру.

ә) Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.

б) Әдемі, таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, карточкалар, анаграмма т.б.

Түрі: аралас

Пәнаралық байланысы: дүниетану, ана тілі



Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді еске түсіру, пысықтау

Дыбыс деген не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Дауысты

дыбыстар

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ

Жіңішке дауысты дыбыстар:ә, ө, ү, і, е

Дауыссыздар

Буын құрай алмайды

Түрлері: қатаң, ұяң, үнді

24 дауыссыз бар

Қатаң дауыссыз: қ, п, т, ш ,щ, ц, ч, ф, с, х, һ.

Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, з, ж

Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у

Ендеше, Қ қандай дыбыс?

Ғ қандай дыбыс?

Қ, Ғ дыбысының айтылуы туралы не білеміз?

Көкөністердің аттарын атайық.

Көкөністердің қандай пайдасы бар?

(витамин, адам денсаулығына пайдалы емдік қасиеті бар).

Осы көкөністердің ішінен асқабақ, қызанақ, орамжапырақ сөздеріне Ы дыбысын қосып айтып көрейікші. (асқабағы, қызанағы, орамжапырағы).

Бұл сөздердегі Қ дыбысы қалай өзгерді?

Е Р Е Ж Е:

Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ-ға айналады. Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Мысалы: Орақ - орағы, жапырақ - жапырағы. құлақ-құлағы.



Мағынаны тану

Жаңа сабақ.

Дәптерге бүгінгі күн ретін жазу.

Көркем жазу.

Кк Гг

Оқулықпен жұмыс жасау

Қосымша тапсырмалар

1-тапсырма

Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.

Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүлзар.

К - дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?

Г - дыбысы ше?

К, Г - қандай дыбыстар?



2-тапсырма

Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу.

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Үйрек + і - үйрегі

терек + і - терегі

шүмек + і - шүмегі

бөбек + і- бөбегі



Ережені бір оқушы дауыстап оқу, түсіндіру.

Г әрпі сөз соңына жазылмайды. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, Кдыбысы Г-ге айналады. Мысалы: түлік - түлігі, жүзік - жүзігі, керік - керігі

Суреттегі заттардың атын жаз.

Сөздерге і дыбысын қосып айту, сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?

Иесі оның сәби,

Әрі төсек, әрі үй. (бесік)

төсек, бесік сөзіне і әрпін қосып айту, жазу.

Берілген сөздердің аяғына у әрпін қосып жазу:

төк - төгу, төгілді, төгеді.

Ек - егу, егілді, егеді.

Тік- тігу, тігілді, тігеді.

Сөк -сөгу, сөгілді, сөгеді.



Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!



Ой толғаныс

Топпен жұмыс жасау:

1-қатар 2 - қатар 3- қатар

тәулік көлік еңбек

шуақ жарық ойыншық

Берілген сөздерге і, ы дыбыстарын қосып айту, сөйлем құрау.

Шағармашылық тапсырма:

Балқарағай сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау.



Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар,балға, арай, қарға, лақ, арал, айбар, бақа, т.б.



АНАГРАММА "К" әрпіне



1. Ыдыс аяқ

2. Тағам түрі

3. Киюге арналған зат

4. Бұрынғы, ежелгі сөзіне мағыналас сөз.

5.Қарама қарсы тізілген үйлер қатары

6. Су көлігі

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз к мен гҚазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз к мен г

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал