- Учителю
- Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма. (2Сыныптар үшін)
Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма. (2Сыныптар үшін)
Эссе - бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Эссе - философияның, эстетиканың, әдеби сынның, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.
Эссе дегеніміз автордың естігені, оқығаны, көргені туралы ойтолғау.
А.Эльяшевис
Эссе - бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту
-
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?
Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
Оқырмандарды ақпараттандыру;
Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
Көңіл-күйді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
Іс-әрекетке түрткі болу.
Жанрлық ерекшеліктері:
Әдеттегіден өзгеше кіріспе;
Еркін композиция;
Көлемі шағын;
Жеке көзқарас көрінісі;
Оқырманмен әңгімелесуге бағыттылығы;
Қорытындылау, түйін жасау жоқ, мәселе, көбіне ашық күйінде қалады;
Терминдерді қолдану, цитаталарды келтіру, т.б.
-
Эссе жазуға қалай дайындалу керек?
Эссе жазуға кіріспес бұрын, ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек:
Мен неге және не үшін жазып отырмын?
Менің жұмысымды кім оқиды?
Мен қандай идеяларды айтқым келеді?
Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?
Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін.
Композиция
-
Кіріспе
Магнит оқырманның назарын аударып, қызықтыру үшін қажет.Мұнда эссенің басты идеясы және оның құрылымы беріледі.
2. Негізгі бөлім
1) Ақпараттық орталық - бұл оқырманға азатжолдың басты идеясын
білдіретін сөйлем.
2) Қосымша сөйлемдер тақырыпты дамыту үшін қажет.
Мұнда әртүрлі айқындау құралдары қолданылады.
3. Қорытынды
"Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні." Кеңес. Түйін. Пікір.?
^ Эссе жазу әдісі. - француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу» яғни белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру деген сөз. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі.
Эссені қолданудың төрт түрлі жағдайын анықтауға болады:
-
30-минуттық (бақылау) өзіндік жұмыс ретінде беріледі;
-
Жаңа материалды бекіту мақсатында 10 минуттық шығарма түрінде қолданылады.
-
Сабақ қортындысын шығару үшін және сабақта туған ойларды жазып шығу үшін қоланылады;
-
Эссені өзіндік шығармашылық тапсырма ретінде, үй жұмысына беруге болады.
Эссе белгілі бір проблемалық сұрақ төңірегінде жеке ұғымдар мен анықтамаларды қолана отырып, оқушыны ойландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, мақал-мәтелдерді өту барысында еңбек жайлы мақал-мәтелді өткеннен кейін «Еңбексіз өмір жоқ» тақырыбына жазу. Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүкіндік ашылады. Ой қортындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдандауға септігін тигізеді.
Қорыта айтқанда, ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды қолданғанда; оқушылар жұппен, топпен, жұмыс жасайды. Көркем шығармаларды оқытуда мұғалімдердің алдында тұрған міндеттері аса маңызды. Сондықтан да, әр бастауыш сынып мұғалімі өз алдында нақты бір бағытты анықтап алған жөн.
Мәселен, оқушылардың ана тілі пәніне деген қызығушылығын дамыту; ана тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқытуда сөйлеу белсенділігін арттыру; өтілетін тақырыпқа байланысты оқушыларды өз бетінше мазмұндауға қызықтыру; Мұғалім сабақ өту барысында осыдай әрүрлі әдістер пайдаланса, онда мұғалім өз алдына қойған міндеттеріне жетеді.
2 сынып
1.Біздің оқиғамыздың басты кейіпкері кім?(Не?)
2.Біздің кейіпкерімізді қандай екі сөзбен сипаттауға болады?
3.Бұл оқиға қай жерде болды.
4.Болған проблемалар.
5.Осы оқиғадағы проблемалардың шешіміне не әсер етті?
6.Оқиға қалай аяқталды.
Жауап
Кім? Не?
Қандай? _____
____ ______ _____
____ ____ ____ ____
____ ____ ____ ____ _____
___ _____ _____ ____ ____ ____