- Учителю
- Открытый урок на тему 'Күз - береке, молшылық'
Открытый урок на тему 'Күз - береке, молшылық'
Тақырыбы: «Күз - береке, молшылық»
Мақсаты: Оқушыларға күзгі табиғаттың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың күз байлықтары: астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, нақыл сөздер, күз кереметтері.
Жүргізуші:
Күз - мереке, Күз - ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Шат - шадыман халқымыздың тұрмысы.
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! «Мерекелі, берекелі, алтын күз» құтты болсын!
Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшілігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.
Күз - адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары бояуға малынған, екіншіден, алтын - байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата - бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған.
Армысыздар, оқушылар, балғындар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
1 - сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!
Бүгінгі жарыста 1- сыныптар сынға түспекші.
Ал енді ортаға қатысушы топтарды шақырайық.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Ақ көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,
Үлгі тұту әрқашан ойымыз бар,
Қырандай қанат қаққан ұл-қыздарға
Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар
Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1. __________________________________________________________
2. _________________________________________________________
3. _________________________________________________________
4. _________________________________________________________
Жүргізуші:
Ал енді жарысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1.Таныстыру
2.«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.
3. «Сен білесің бе?» Таңдаған көкөніс немесе жемістер бойынша мәліметтер беру.
4. «Өнерлінің өрісі кең.» Би байқауы.
5. «Кім жылдам?» ойыны. Қарбыздардың суретінің үстімен жүріп, математикалық мысалдар шығару.
Жүргізуші:
Көбейді құт-береке, Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке, «Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Күз - береке, молшылық» атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай,
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
1.
2.
3.
4.________________________________________________________5.________________________________________________________
Жүргізуші:
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар
Келесі кезек«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.
1.
2.
3.
4.________________________________________________________5.________________________________________________________
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң,алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім,
Білген сайын келеді біле бергім,
Білімдіні сүйерін білем елдің,- дей отырып келесі сайысымызды бастаймыз.
«Сен білесің бе?» өздерінің таңдаған жемістер, көкөністер мен дәнді-дақылдар туралы мәлімет беру.
1.
2.
3.
4.________________________________________________________5.________________________________________________________
Жүргізуші:
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Келесі кезең «Өнерлінің өріс кең» би байқауы.
1.
2.
3.
4.________________________________________________________5.________________________________________________________
Жүргізуші:
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Келесі кезең «Кім жылдам?»
Әр топтан 4 оқушыдан шығып, ойынның шартын орындайды.
Сайыстың ақыры да таяп қалды,
Топтағы өрендер де шаршап қалды.
Сайыстың қорытындысын білу үшін,
Қазыларға сөз кезегін ұсынады.
Марапаттау
Қорытынды бөлім:
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.
Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
Ән-би, өлеңменен өрілген.
Қош сау болыңыздар!