- Учителю
- 1 Сынып К дыбысы мен әрпі
1 Сынып К дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің аты -жөні | Пән аты | Өтілген күні |
Қайырбаева Ғ | Сауат ашу | 28.10.15 |
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.
Міндеттері:
1 Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.
2 Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3 Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, табиғатты қорғауға баулу.
Көрнекілік: К-дыбысына байланысты заттардың макеті,
Сабақтың түрі:пысықтау сабақ
Әдіс-тәсілдері:ойын,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Біз біргеміз
Сөгілмесн іргеміз
Ізденсек бірге бәріміз
Жетерміз білім шыңына
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.
- Өткен сабақта кандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?
- Кк дыбысымен, әрпімен.
- Оқулықты оқыту. Тез әрі сауатты оқиық.Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды
(ешкі)
Жаңылтпаш жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.
Шеше,шеше неше кесе сынды кеше.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Ой қозғау. (жұмбақтың жауабын шешу)
Буынға бөлу:Көбелек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)
Бүгін к дыбысымен танысамыз.
-
К- баспа әрпі көрсетіледі.
К - дауыссыз дыбыс.
3. Мынау не? -
Мынау киіз үй. Сендер киіз үй туралы не білесіңдер ме? (Ол таулы жерлерде құруға ыңғайлы). Жаз мезгілінде тауда шопандар киіз үйде тұрады.
-
Мынау не? -мынау- кесе
-
Мынау не? - мынау- кәмпит
-
Мынау не? - мынау- күріш
-
Мынау не? - мынау- кебеже. Кебежеге тағамдар, ыдыстар салынады.
(кесе, киіз үй, күріш, кәмпит) сөздері қай әріптен басталып тұр? К-ден басталады.
К сөздің басында келеді.
-
Мынау не? - мынау- мектеп. Мектепте білім аламыз.
-
Мынау не? - мынау- сөмке.
-
Ал, мынау қай сан? - екі. Екі қандай баға?
К сөздің қай жерінде кездеседі? (ортасында).
-
Мынау не? - мынау- шелек.
-
Мынау не? - мынау- шәйнек.
-
Мынау не? - мынау- әйнек.
К әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? К- сөздің соңында кездеседі.
Өте жақсы. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.
5. Енді бағандағы сөздерді оқиық.
Кеме - кеме суда жүзеді. Ол ағаштан жасалады.
Кесе - ыдыс.
Терек - ағаш.
Шелек - ыдыс.
Мереке - мейрам.
Береке - ырыс
Кебеже - ыдыс, тамақ салады.
Текемет - еденге жаяды. Ол киізден жасалған.
«Орным қайда?» ойыны.
Тақтадағы буындардан сөз құрайық.
Ке ме - к дыбысы қай буында кездескен? (к 1 буында)
Те рек - (2- буында, сөз соңында)
Ше лек - (к- сөздің екінші буынында тұр)
Ке се - (к- сөздің басында, 1- буында тұр)
6. Сергіту сәті.
Қызыл, сары, қоңыр, көк
Алуан-алуан көбелек.
Торға түсіп қалмашы
Торғайға жем болмашы.
7: Дәптермен жұмыс.
- К әрпін жазып үйренейік. К - балалар қаламды қолға алып, к әрпін ауада жазайық. Енді дәптерге жазыңдар!
Тақтаға сөздік диктант жазу. Кесе, кеме, кебеже, шелек.
8. Оқулықпен жұмыс.
«Кеме» мәтінін оқу. Мынау- кеме. Кеме- ағаштан жасалады. Кеме- суда жүзеді. Кемені балықтарға қарап жасаған.
9. Мәтін мазмұнын сұрау.
Қорытынды:
Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)
-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)
Бағалау (мадақтау)
Үйге тапсырма. К дыбысы. Кеме мәтінін оқу.
Тосын сый (кітап)