- Учителю
- 'Дауыссыз қ мен ғ' қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
'Дауыссыз қ мен ғ' қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Далабай ауылы
Өмірлік орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Курмантаева Аягоз Илинтаевна
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жалпы дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Сөздерде қ мен ғ дыбыстарының қолдануы туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: алма ағашы, суреттер, слайд, тест.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім іс - әрекеті
Оқушы іс - әрекеті
Өзінді талдау
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, құрал - жабдықтарын тексеру.
Амандасады, сабаққа керекті құрал - жабдықтарын дайындайды.
Психологиялық қолдау
Жылулық шеңбері:
-Балалар қәнекей бүгінгі оқу сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.
Шеңберге тұрып,тілектер айтады.
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы ағаштағы алмалар арқылы қайталап шығу.
1алма: өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2 алма: қ дыбысы қандай дыбыс?
3 алма: қ дыбысына байланысты қандай сөздерді білесің?
4 алма: ғ дыбысына сөз ойла, сол сөзді буынға бөл.
5 алма: дыбыстар нешеге бөлінеді?
6 алма: дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
7 алма: дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
8 алма: ғ дыбысы қандай дыбыс?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, алманы теріп алады.
Өткен сабақты естеріне түсіріп шығады.
Қызығушылықты ояту
Балалар біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық .
Жұмбақ жасыру:
Ауызы бар ішіп, жемейді,
Алайда жұртқа же дейді.
(Қасық)
Ағада бар,
Менде жоқ.
Жағада бар,
Жеңде жоқ.
(Ғ)
Оқушылар жұмбақтардын жауабын тауып, бүгінгі сабағымызда қ мен ғ әріптерінің жазылу емлесін қайталайды.
Жаңа білімді қалыптастыру
Оқушыларға қ және ғ дыбысына байланысты анаграмма беріледі.
Қ
Қ
Қ
Қ
Қ
Сұрақтар:
-
Жыртқыш аңдардың бірі?
-
Су көлігі?
-
Сүттен жасалатын тағам
-
Қыста не жауады?
-
Түлкі қаңдай аң?
Ғ
Ғ
Ғ
Ғ
Ғ
Сұрақтар:
-
Ғарышқа ұшатын адамды қалай атаймыз?
-
Биік салынған мекемелерді қалай атаймыз?
-
100 жыл = 1 не?
-
Зымыранмен қайда ұшады?
-
Адамның есімі?
Ереже:
Қазақ тілінде ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ,ғ-ға айналады. Мыс: орақ-орағы, шақ-шағы, құлақ-құлағы.
Қ менғ әріптерінің жазылуына байланысты бейне көрініс көрсету.
Оқушылар берілген анаграмманың жауабын табады.
Қасқыр
Қайық
Құрт
Қар
Қу
Ғарышкер
Ғимарат
Ғасыр
Ғарыш
Ғалым
Оқушылар бейне көріністі қарап, қ мен ғ әріптерінің жазылу емлесін естеріне сақтап алады.
Пысықтау
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу:
Қ және ғ әріптерін жазу.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
Қ мен ғ дыбысына берілген жаттығуларды орындайды.
Оқушылар дәптерлерін алып, қ және ғ әріптерін көлбеу, әдемі етіп жазады.
Сергіту сәтін видеоға қарап орындайды.
Оқушылар оқулықта берілген жаттығуларды орындайды.
Рефлексия
Семантикалық карта.
«Қай әріпті жоғалттым»
Ора...ы
Ұршы...ы
Қайма...
Пара...ы
А...
Мамы...
Шы...
Монша...
Ойын: «Артық сөзді тап»
а) Шай, сүт, нан, айран, кітап, сыр, кәмпит, балық, май.
ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.
б) Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.
Оқушылардың әрқайсысы жеке-жеке орындайды.
Орағы
Ұршығы
Қаймақ
Парағы
Ақ
Мамық
Шық
Моншақ
Бұл ойында оқушылар сөздердің ішінен артық сөзді тауып, ол неге артық екенің дәлелдеу керек.
Қорытындылау
Тест жұмысы
Оқушылар әрқайсысы жеке-жеке орындайды.
Кері байланыс
Смайликтерге байланысты сабақтағы көңілдерін стикерлер жабыстыру арқылы білдіру.
Смайликтерге стикерлерді жабыстырады.
Үйге тапсырма
5 - жаттығу 50 бет орындау, ереже жаттау.
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алу.
Бағалау
Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды жұлдықшалар арқылы бағалау.
Жұлдызшалар алады.