7


  • Учителю
  • На тему 'Менің Отаным-Қазақстан'

На тему 'Менің Отаным-Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы

Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алипбаева Айгүл Айтуқызы

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету.Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, нақыл сөздер, рәміздер, бүктемелер

Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел - Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
-Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің Отаным-Қазақстан!»

Мұғалім: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.


Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырамыз.

Мұғалім: «Мақал -сөздің мәйегі» дегендей. Балалар біз мақал-мәтел білеміз бе?
1.Отан- елдің анасы,
Ел -елдің анасы

2. Отанасыз адам
Ормансыз бұлбұл

3. Отанды сүю-
Отбасыдан басталады

4. Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды

5. Ит- тойған жеріңе
Ер -туған жеріңне.

6. Отан үшін күрес-
Ерге тиген үлес

Қорытынды:Тәуелсіздік - ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді. Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң-маң басатын болды. Елміз өркениетті замана ағысына қосылды. Туған жерімізді аялау, қастерлеу біздің парызымыз.


Биыл Ассамблеяға - 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд» ретінде танылды. Әрқашанда бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін қалдырған. Сондықтан Елбасы айтқандай, «біздің туымыз - бірлік» болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!» - деп атап өтті.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал